Сабақ : «Жүзден жүйрік» Раимжанова Гүлшахарат Кодаровна Шығыс Қазақстан облысы



Дата29.01.2018
өлшемі0,61 Mb.
#36146

Қазақ тілі пәнінен 1-4 сынып оқушыларына

арналған

интеллектуалдық сабақ :

«Жүзден жүйрік»

Раимжанова Гүлшахарат Кодаровна


Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

Ақсу ауылы
2017 жыл

Мақсаты:


Қазақ тілінің бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгерту:

Оқушылардың ізденімпаздық қабілетін шыңдау, өз беттерімен білім алуғажетелеу;

Оқушының дарындылығын анықтау және шығармашылық қабілетін дамыту, интеллектуалдық деңгейін көтеру.
«Сендер кішкентайларыңнан қажымай еңбектене отырып, өз келешектерінің негізін қалайтындарыңды біліп қойыңдар» деген Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бүгінгі өткізілетін « Жүзден жүйрік» атты зияткерлік сабағымызды бастаймыз.



  1. тур Бәйге

  2. сынып.




  1. Жуан дауыстыларды ата.

  2. «Ақ» сөзіне қарсы мағыналы сөзді ата

  3. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

  4. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

  5. Қазақша жыл басы?




  1. сынып

  1. Қабанбай батырдың шын аты кім?

  2. Бес нәрсеге асық бол,

Бес нәрседен қашық бол. Кімнің өлеңі?

3.Айт мерекесінде айтылатын ән?

4. Сөз мәйегі?

5. Ең алғаш балаларға мектеп ашқан кім?




  1. сынып

Ұйқасын тап:

  1. Өзінше ноян,

Қорқақ кім..? (қоян)

  1. Алмастан тыным,

Шабады ....( құлын)
3. Бата алмас түлкі,

Үсті тікен...(кірпі)




  1. Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы.....(арыстан)
5.Қасиетті діни кітап? (Құран)

2- тур
Сәйкестендіру тесті



2- сынып.

1. Кім? 1.Сәкен, Ертіс, Байшұбар

2. Кімдер? 2. домбыра, гүл

3. Не? 3. оқушы , ана

4. Нелер? 4. әндер, құстар

5. Жалқы есім түрі 5. балалар, дәрігерлер

6.Жалпы есім түрі: 6. қобыз, ән, құс


3- сынып

1. күрделі сан есім 1. таза

2. жалқы есім 2. ақылды

3. Негізгі сын есім: 3. оқыды

4. Туынды сын есім: 4. Өскемен

5. дара сан есім 5. отыз екі

6. етістік 6. үш


4- сынып

1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз

2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.

3. Нешеу ? 3. жеті, он бір.

4. Дара сан есім: 4. он, алты.

5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.

6. Есептік: 6. бірінші, оныншы

7. Реттік: 7. бір, екі, үш


3- тур. Кім жылдам?

2- сынып

Қарсы мәндес сөздерді жаз
Жылы- биік-

Жақсы- үлкен-

Жуан- кір-
3- сынып

1-сұрақ.


Дыбысы жоқ болса да,

Алфавитте орны бар.

Оқылмайтын жазса да,

Қай белгілер табыңдар.(ь, ъ)


2- сұрақ

Сидам аяқ, ұзын мойын,

Таң қаласың көрсең бойын.

Тілі- ұзын, жемі –тікен,

Мейірбан жуас айуан екен.(керік)
3- сұрақ.

Қабат- қабат қаптама,

Ақылың болса, аттама.(кітап)
4- сынып

1- сұрақ. Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы. (ит)

2- сұрақ. Ұшқан ....., жүгірген аң – бәрі тамақ.(құс)

3- сұрақ. Әр адамның шағын Отаны-...........(отбасы)

4-тур Тіл өнері.

2- сынып. Отан туралы мақал- мәтел айту

3- сынып. Достық туралы мақал- мәтел.

4- сынып. Ел туралы мақал- мәтел айту.


5- тур

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің,

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О. Туған жер, тамашасың, көркемсің!
Иә, туған жердің келбеті көз тұндырып, қиялға қанат, ойға өріс, көңілге шабыт береді емес пе? Туған жерім- тағдырым» кезеңін бастаймыз.

Бұл кезеңнің өткізілу шарты өзгешелеу. Мына алдарыңыздағы берілген тор көздердің кез келгенін таңдап, ондағы тапсырма- сұраққа жауап бересіздер. Неше ұпайлық тор көзді таңдасаңыздар, жауаптарыңыз дұрыс болған жағдайда сонша ұпай аласыздар. Бір сайыскер білмеген сұрақтың жауабын басқа сайыскерлер айтуға болады.





      1. ұпай-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

5- Қазақстан Республикасының президенті кім?

5- Шығыс Қазақстан облысының әкімі кім?

10- Абылай ханның шын аты.

10- Қазақстан Республикасының валютасы

10- Абайдың әжесі кім?


  1. тур


Сөзмерген.
Тағам

Ас адамның арқауы

Тамақ

ет

Бала



Адам тілі бал

Қыз


ана

білімді


ақылды

күшті мыңды жығады

мықты

міне, бүгінгі зияткерлік сайысымыз мәресіне жетіп қалды. Өмірлерің ұзақ болып, болашаққа нық аяқ басыңдар дегім келеді. Ол үшін көп оқып, іздену керек. Сөзді әділқазыларға береміз.



Жанын салып, халқын сүйіп баққан тілім,

Жалықпай құпиялар ашқан тілім.

Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,

Жат жұрттан да достарын тапқан тілім

Бұл жанды тіл- менің азат тілім

Жадымда талмай самғар қанат тілім



Жыр қуат, сөзі – ана уызындай

Жасай бер, ана тілі – Қазақ тілім,- деген өлең жолдарымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Назар салып тыңдағандарыңыз үшін рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет