Сабақ № Күні 30. 01. 2015ж. Сынып: 6 Сабақ тақырыбы: Қаріп. Абзац Сабақ мақсаты



бет1/4
Дата10.03.2017
өлшемі1,06 Mb.
#11363
түріСабақ
  1   2   3   4
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №13 орта мектеп» КММ



Информатика пәнінен

қысқа мерзімді

жоспар
Пән мұғалімі: С.Д. Тютеева

Сынып: 6 «А»

Тараз 2015 ж.
Пән аты: Информатика Сабақ № ____ Күні 30.01.2015ж.

Сынып: 6

Сабақ тақырыбы: Қаріп. Абзац

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Word мәтіндік процессорымен және қаріп безендіруімен таныстыру. Қаріптің өлшемін таңдауға, абзац тобының командаларымен жұмыс атқаруын үйрету;

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, жұппен, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: аралас.

Әдіс-тәсілдері: Жеке, топпен жұмыс.

Көрнекі құралдар: Слайд-фильм, топқа бөлетін карточкалар, А3 қағаздары, стикерлер, бағалау смайликтері.

Техникалық құрылғы: Проектор, экран, компьютер (Word бағдарламасы).

Күтілетін нәтиже:

1. Редактор арқылы мәтіннің қаріпін өзгертуге, мәтінмен жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады;

2. Оқушылардың өз-өзіне сенімі қалыптасады;

3. Алған білімін қолдануға дағдыланады.






Сабақ кезеңі

Мұғалім іс - әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

1

І.Ұйымдастыру:

  • оқушылардың сабаққа қатысып және дайындығын қадағалау.

  • Түгендеу.

  • Бүгінгі сабактың мақсаты мен міндеттерін,барысын айтып өту.




Екі топқа бөлу: Оқушылармен, сәлемдеседі, көңіл-күйлерін сұрайды.

Оқушыларды алма теру арқылы топқа бөлу.



  • Тақтадағы алма талдан әр қайсын алма алыңдар.

1 топ - Қаріп

2 топ – Абзац

3 топ – Құжат.


Мұғаліммен, сыныптастарымен сәлемдесіп, түгел, түгел емес деп айтады.

Талдан алма жинау арқылы топқа бөлінеді.

Бағалау жеке, топтық


2

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру:

1- сұрақ. Жаңа құжатты қалай құруға болады?

2-сұрақ. Сақтау командасының Қалай сақтау командасынан айырмасы неде?

3-сұрақ. Файлды қандай тәсілмен ашуға болады?

4-сұрақ. Құжатты қайтадан сақтау әрекеттері?

5-сұрақ. Сақталған құжатты ашу жолы?

6-сұрақ. Модель дегеніміз не?

7-сұрақ. Қандай мәтіндік редакторды білесің?

8-сұрақ. Алгоритм түрлері?

9-сұрақ. Блок схема ол?

10-сұрақ. Алгоритм деген ол?

11-сұрақ. Модельдеу деген ол?

12-сұрақ. Алгоритімді кім атқара алады?

Жеке жұмыс. «Жұлдызды сәт» әр оқушы өзіне қоржыннан сұрақ таңдап жауап береді.




Мұғалім үйге берілген тапсырманы сұрау үшін “Жұлдызды сәт” ойынын ойнатады. әр оқушының өзіне қоржыннан сұрақ таңдап жауап беретінін айтады.

Жауапқа смайлик берү



Жауап дұрыс:



Жауап толық емес:



Оқушылар “ Жұлдызды сәт ” ойынын ойнау үшін. Қоржыннан сұрақ таңдап. Сұрақты оқып жауап береді.

3

III. Жаңа сабақ:

Қаріп (Шрифт)

Қаріптің негізгі сипаттамасы – гарнитурасы, оның сыртқы безендірілуі. Қаріпті белгілеу үшін әдетте гарнитураның аты қолданылады, мысалы, Times New Roman гарнитурасы.


1 сурет. Қаріп топтамасы


Негізгі (Главная) қосымша бетіндегі Қаріп (Шрифт) құралдар тобы қаріп параметрінің жұмысына жауап береді (1 сурет). Бұл топта келесі құралдар орналасқан:

  • Қаріп – қаріптерді қолдануды көрсететін қолжетімді тізімдер ашылады;

  • Қаріптің өлшемі (Размер шрифта) – қаріптің таңдалған өлшем тізімін ашып көрсетеді;

  • Қаріптің өлшемі тізіміндегі Өлшемін үлкейту (Увеличить размер) батырмасы қаріптің өлшемін үлкейту үшін қлданылады;

  • Регистр – қаріптің регистрін қайта өзгертетін командасы бар тізім ашылады;

  • Пішімді тазалау (Очистить формат) – үнсіз келісім бойынша мәтінді пішімге қайтару үшін қолданылатын батырма.

Қаріптің жазылу әрекеттерін ұсынатын батырмалар:

  • Жазылуы Ж жартылай қалың (полужирный), К курсив, Ч асты сызылған (подчеркнутый) немесе олардың үйлесімділігі.

  • Ч асты сызылған – екі секциялы батырма. Сол жағын басса, белгіленген мәтіннің астын сызады, ал оң жағын басса, астын сызудың түрлі нұскасын көрсетеді;

  • Сызып тастау (Зачеркнутый) батырмасы белгіленіп сызылған мәтінге сызықты қосу үшін пайдаланылады;

  • Сызықасты белгі (Подстрочный) және Сызықүсті белгі (Надстрочный) мәтіннің өлшемін кішірейтіп, қалған басқа мәтіннің астына немесе үстіне орналастырады. Әдетте бұл құрал математикалық формулаларды жазу үшін қолданылады;

  • Анимация параметрінде (Параметры анимации) қаріпке қолдануға болатын түрлі эффекті беретін тізім ашылады;

  • Ерекшелеу түсі (Подчеркивание цвета) – екісекциялы батырма мәтінді түспен ерекшелеуге мүмкіндік жасайды;

  • Мәтіннің түсі (Цвет текста) қаріптің түсін өзгерту үшін қолданылады;

  • Өлшемі немесе кегль (Размер или кегль) – пунктпен өлшенеді (1 пункт шамамен 0,35 мм-ге тең);

  • Регистр – кіші немесе бас әріптер.

Бұл құралдар ерекшеленген мәтінге немесе сол кезде меңзер тұрған мәтіндегі сөзді безендіру үшін қолданылады.
Абзац.

Мәтінді экранға, қағазда немесе электрондық пішімде де әдемі етіп көрсету үшін абзацты туралауды дұрыс орындау керек. Негізгі (Главная) қосымша беттегі Абзац тобы абзацты туралау үшін қолданылады (2 сурет).

Абзац – бұл Enter пернесін басқанда абзац белгісінің (¶) арасына қойылатын символдар жиынтығы.
Абзацтың негізгі тәсілдері:


  • Мәтіннің үзіндісін бөліп алу – тіндуірдің сол жақ батырмасын басып тұрып жылжыту немесе Shift + бағдарша пернелері.

  • Сөзді бөліп алу – меңзер тұрған жерге тінтуірдің сол жақ батырмасына екі рет шерту.

  • Жолды бөліп алу – жолдың сол жағына меңзерді қойып (бағдарша жоғары, оңға, солға бағытталған), тінтуірдің сол жақ батырмасына бір рет шерту.

  • Абзацты бөліп алу – меңерді абзацтың сол жағына қойып, тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерту немесе абзацтың кез келген сөзінде тұрған меңзерді тінтуірдің сол жақ батырмасына үш рет шерту.

  • Барлық мәтінді бөліп алу – меңзерді мәтіннің сол жағына қойып, тінтуірдің сол жақ батырмасына үш рет шерту.

  • Тік бұрышты мәтін үзіндісін бөліп алу – сөздің алдына тінтуірмен меңзерді қоя отырып, Alt батырмасына басу және барлық тік бұрышты аймақты ерекшелеу.

Азат Жол – қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұтас қатардан сәл шегіндіріп бастау. Мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір-бірінен ажырату үшін қажет. Жаңа ойды білдіреді.



Бұл топта Азат жолды пішімдеу үшін өлшемін өзгерту арқылы мәтінді ерекшелеу, қаріптің және беттерді ортаға түзету, осы сияқты параметірлерін қолдануға тиімді болып келеді.




Жаңа сабақты бекіту: Топтық тапсырма


1. Қаріп

2. Құжат.

3. Абзац.


Балалларға топтық тапсырма берү. Постер орындап - қорғау

Топтар қарсы топты бағалау





ІV. Практикалық

Деңгейлік тапсырмалар таратады. Мәтін теру

А жасыл мәтін

Б сары мәтін

С көк мәтін

Балаларға дайын мәтін таратып береді.




Бағалау.




Қортындылау.

Рефлексия:

Оқушыларға кері байланыс парағын тарату)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет