Сабақ №1 Тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізатын фармакогностикалық талдау. Макроскопия. Микроскопия



бет1/4
Дата28.01.2018
өлшемі0,64 Mb.
#34935
түріСабақ
  1   2   3   4


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Фармакогнозия және химия кафедрасы

Мамандығы : 051103 «Фармация»

Пәні : Фармакогнозия негіздері

Курсы : 4



Тәжірибелік (семинарлық, зертханалық) сабақтарға

арналған әдістемелік өңдеу

2014-2015 оқу жылы

Кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № ____ «___»___________20___ ж.

Кафедра меңгерушісі, х.ғ.д., проф. ____________________ Патсаев Ә.Қ.

Сабақ №1



1. Тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізатын фармакогностикалық талдау. Макроскопия. Микроскопия.

2. Мақсаты: Д.Ө.Ш. - ның өзі екендігін анықтау барысында зерттелетін объектінің морфологиялық жалпы белгілерінің ішінен өзіне тән ерекше белгілерін (табу) анықтау.

3. Оқыту мақсаты:

  • Д.Ө.Ш. - ның талдау барысында фармацевтер қолданылатын негізгі кәсіби сөздіктерді пайдалану;

  • Д.Ө.Ш. барлық топтарына макроскопиялық және микроскопиялық талдау жүргізуді үйрену;

  • Ө.Ш. нормативтік құжатқа сәйкестігі туралы қорытынды жасай білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Дәрілік өсімдік және Д.Ө.Ш. түсінігіне анықтама беріңіз.

  2. Д.Ө.Ш. өзі екендігіне анықтама беріңіз.

  3. Д.Ө.Ш. сапасына анықтама беріңіз.

  4. Макроскопиялық және микроскопиялық талдаудың мақсаттары.

  5. Макроскопиялық талдау техникасы.

  6. Микропрепараттарды дайындау және зерттеу үйрету және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері

1 жұмыс. Д.Ө.Ш. әртүрлі морфологиялық топтарына МФ ХІ – сәйкес макроскопиялық талдау жасау. Берілген үлгі бойынша хаттама толтырыңыз.



Орындау әдістері:

Кептірілген шикізатты (ұсақ және етжеңді жапырақтары, жемісі, тұқымы қабығы және жер асты бөліктері) жәй көзбен, айнаның (Х6-10) немесе стереомикроскоптың көмегімен қарау үшін кленкаға немесе қағазға жайып төсейді. Кептіру барысында пішінін өзгерткен шырынды жемістерін, жұқа жапырақтарын, гүлін, өсімдіктің майысқан бөліктерін (сабақтарының жапырағы мен гүлдерінің бөліктері) алдын-ала 2-5 тен ылғалды камерада немесе 5-10 минут ыстық суға салып жібітеді. Жұмсарған шикізатты шыныға, кленкаға немесе тегіс қара қағаз бетіне жайып асықпай жаймалайды. Гүлін алдымен бүтін күйінде кейін ішкі құрылысын микроскоппен қарау үшін препарат дайындайды. Жемісінен жеміс шырыны мен тұқымын анықтайды.



Сыртқы белгісін стандартты үлгіге немесе қалыпты құжатқа қарап салыстыра отырып анықтайды.

Өлшемі: Ірі объектілері үшін 3см-ден жоғары миллиметрлік өлшеуішпен 10-15 рет өлшейді. Ұсақ объектілерді (3см-ге дейінгі) миллиметрлік қағазға жайып 20-30 рет өлшеп, ортаңғы мәнін есептейді. Домалақ шар тәрізді тұқымдарды домалақ өлшемді саңылауы бар елеуіштерден елеу арқылы оның өлшемін анықтайды.

Шикізаттың түсін күндізгі жарықта анықтайды. Шикізаттың түсін оның үстіңгі бетіне қарап (жапырақты екі бетіне қарап) және шикізаттың сынығына, кесіндісіне қарап (тамырлары, тамырсабағы, қабығы) анықтайды.

Иісін саусақпен ысқылау арқылы немесе келіге салып анықтайды. Кейде қалыпты құжат бойынша ыстық суға салу туралы нұсқау беріледі.

Дәмін шикізаттың жас немесе кептірілген күйінде дегустация арқылы (жұтпай) немесе 10%-дық қайнатпасының дәмін көру арқылы улы өсімдіктердің дәмін анықтамайды.

№2 жұмыс. Д.Ө.Ш. - ның морфологиялық топтарының (жапырағы, гүлі, шөбі, қабығы, жемісі, тұқымы, тамыры, тамырсабағы және басқа жер асты органдарының) микропрепараттарын дайындау.



Жапырағы - Fоlia жұқа жапырақтарын жапырағының кесіндісін жасамай-ақ үстіңгі бетін микроскоп арқылы қарауға болады. Ұлпаларын түссіздендіру үшін құрғақ жапырақтарын сілті ерітіндісінде қайнатады. Жапырақ ұлпаларын 30%-дық хлоралгидрат ерітіндісінде 10-15 минут қайнату арқылы жақсы түссіздендіруге болады. Ұсақ жапырақтарын түссіздендіруге бүтіндей алады, ірі жапырақтарының маңызды диагностикалық бөліктерін: жапырақ шетін, тістерін, бас жүйкелерін, жапырақтың жоғары ұшын алады. Түссіздендірілген немесе сумен жуылған жапырақтары мен олардың кесінділерін скальпельмен алып заттың шыныға салып глицерин немесе хлоралгидрат тамызып жақсылап жаймалайды. Үстін жабық шынымен жауып, ауаны кетіру үшін қыздырады да суытып алып микроскоппен қарайды.

Гүлдері - Flores зерттелетін препаратты алдын ала 2-3 минут суда немесе 1-2%-дық күйдіргіш натр ерітіндісінде қайнатады. Жеке гүлдер бөліктерін заттық шыныға салып бір тамшы глицерин ерітіндісін тамызып препаровальді инемен жайып, бетін жабық шынымен жауып ауаны ығыстыру үшін қыздырады. Микроскоптың көмегімен препараттың үстіңгі бетінен қарайды.

Шөбі - Herba. Шөбіне талдауды жапырағы арқылы жасайды, сондықтан микропрепарат дайындау үшін жапырағын немесе жапырақ бөлігін алады. Жапырақсыз шөптерді анықтау үшін сабақ эпидермісінің препаратын немесе сабағының көлденең кесіндісін дайындайды. Сабағының кесінділерін алдын ала сілті ерітіндісінде қайнатып алғаннан кейін скальпельмен эпидермісін алады. Көлденең кесіндісін дайындау үшін сабағын алдын ала жібітеді. Түссіздендіретін ерітінді ретінде әдетте су, глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісі қолданылады.

Қабығы - Cortices. Көлденең немесе ұзына бойына кесіндісін дайындайды. Сабақ кесіндісін алдын ала суда жібітіп алады да содан кейін су-глицерин-спирт (1:1:1) қоспасына салады. Жібітілген қабық кесінділерін скальпельмен жайып, түзетіп алады да лезвиемен кесінділер дайындайды. Кесінділердің бетіне су, хлоралгидрат немесе глицерин ерітіндісін тамызып, бетін жабық шынымен жауып, оны түссіздендіру және ауаны ығыстыру үшін қыздырады.

Жемісі- Fruсtus. Тұқымы - Semina. Микроскопиялық зерттеу жасау үшін жемісі мен тұқымының көлденең кесіндісін жасап оны ылғалды камерада жұмсартады. Талдауды толық жүргізу үшін жемісі мен тұқымының көлденең кесіндісін қалыңдау етіп кеседі. Әр түрлі бөліктерін зерттеу үшін жұқа кесінділер дайындайды.

Тамыры - Radices. Тамырсабағы - Rhizomate. Көлденең немесе ұзына бойына кесінділерін дайындайды. Жерасты бөліктерінің кесінділерін бір тәулікке салқын суға салып қояды, содан кейін 95%-дық спирт және глицерин (1:1) қоспасына 3 тәулікке салып қояды. Жібітілген объектілерді скальпельмен олар көлденең немесе тік кесіндіге бөлінетіндей етіп түзетіп қояды. Көлденең немесе тік кесінділерін жасап, хлоралгидрат немесе глицеринге ерітінділерінде микропрепарат дайындайды да диагностикалық белгілерін алдымен кіші одан соң үлкейтіп көрсететін айнамен қарайды.

Құрғақ жерасты органдарының қырындылары мен немесе ұнтағымен микрохимиялық реакциялар жасайды.



6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия: Учебник.-4-изд., перераб. И доп.-М.: ОАО Изд-во «Медицина», 2007-656с.:ил

  2. Государственная фармакопея Республики Казахстан Т.1.-Алматы: Изд.дом «Жибек жолы», 2008.-592с.

  3. Государственная фармакопея СССР: Вып.1. Общие методы анализа/ МЗ СССР.- 11-изд., доп.-М.: Медицина, 1987.-336с.

  4. Государственная фармакопея СССР: Вып.2. Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье / МЗ СССР.- 11-изд., доп.-М.: Медицина, 1990.-400с.

Қосымша:

  1. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии Учебное пособие. /Под ред. И.А.Самылиной, А.А. Сорокиной. - М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.-672с.

  2. Самылина И.А., Аносова О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас в 2 т. - М., 2007. - Т.1. -192с. Т.2.-384с.

  3. Самылина И.А.. Ермакова В.А., Бобкова Н.В., Потанина О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас. - Т.З. - М., 2009. - 438 с.

  4. Практикум по фармакогнозии: Учеб. пособие для студ. вузов / В.Н. Ковалев, Н.В. Попова, B.C. Кисличенко и др.: Под общ. ред. В.Н. Ковалева. - Харьков: Изд-во НФаУ: Золотые страницы: МТК- книга, 2004. - 512 с.: 615 ил.: 24 с. вкл.

  5. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Анализ фасованной продукции: учеб, пособие / под ред. И.А. Самылиной. - М. ООО "Медицинское информационное агентство",
    2008.-288 с.: ил.

7. Бақылау:

  1. Неліктен дәрілік шикізатын зерттеуді макроскопиялық талдаудан бастайды?

  2. Макроскопиялық талдауға шикізат үлгісін қалай дайындайды?

  3. Шикізаттың өлшемін, иісін және дәмін қалай анықтайды?

  4. Д.Ө.Ш. зерттеуге арналған қандай микроскопиялық техниканы білесіз?

  5. Д.Ө.Ш. микроскопиялық талдау техникасы қандай?

  6. Микроскопиялық талдауға шикізат үлгісін қалай дайындайды?

  7. Түрлі морфологиялық топтар шикізатының микропрепараттарын қалай дайындайды және зерттейді?

Сабақ № 2

1. Тақырыбы: «Жапырақтары» дәрілік өсімдік шикізатына макроскопиялық талдауды шикізаты жапырақтары болатын дәрілік өсімдікті мысалыға ала отырып жасау. Макроскопиялық талдау техникасы.

2. Мақсаты: Өсімдік шикізатының осы тобының макроскопиялық

талдауының орындалу техникасын білу.



3. Оқыту мақсаты: Д.Ө.Ш - н макраскопиялық талдау жүргізуде фармацевтер қолданатын негізгі кәсіби сөздіктер мен пайдалану

  • Осы өсімдік шикзаттарының тобына макроскопиялық талдау жасап үйрену;

  • Өсімдік шикзатының қалыпты құжат талаптарына сәйкестігіне қорытынды бере білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары;

1. А) Дәрілік өсімдік туралы түсінік

Б) Дәрілік өсімдік шикізат туралы түсінік

В) Дәрілік зат түсінігіне анықтама беру;



  1. Макроскопиялық талдау жүргізу ерекшеліктері және оның мақсаты;

  2. Д.Ө.Ш-ның сапасын регламенттейтін қалыпты – техникалық құжат.

Үйрету мен оқыту әдістері; зертханалық жұмыстарды орындау.

Берілген Д.Ө.Ш – ның макроскопиялық талдауын жасаңыз; қалақай жапырағы, қайың жапырағы, өгейшөп жапырағы.



5. Білім берудің және оқытудың :

Жапырақтарының макроскопиялық талдауы кезінде жапырақ тақтасының пішіні мен өлшеміне, сағағының пішіні мен ұзындығына, жүйкесінің сипаты мен жапырақ шетіне назар аударады.

Ұсақ және етжеңді жапырақтарын анықтау барысында бұл ерекшеліктері құрғақ жапырақта жақсы байқалады. Ал ірі және жұқа жапырақтар әдетте шикзатта майысқан күйде болады да оларды алдын ала ылғалды камерада жұмсарады немесе ыстық суға бірнеше минутқа салып жібітіп алады. Жібітілген немесе суланған жапырақтарды шыны тақтаға жайып, жазып тегістейді. Лупаның (10х) немесе стереомикроскоптың көмегімен құрғақ материалдан түктерінің орналасуын сипатын (түкті), эфир майы бездерінің, ұяшықтарының болуын және жапырақ үсті басқада түзінділерді зерттейді. Жапырақ тақтасының және сағағының өлшемін өлшеуішпен өлшейді. Түсін күндізгі жарықта анықтайды. Иісін саусақпен ысқалау арқылы анықтайды. Дәмін құрғақ шикзатта немесе оның қайнатпасында анықтайды (тек улы емес өсімдіктердің).

Сізге ұсынылған өсімдіктің сыртқы белгілерінкесте күйінде түсіндіріңіз.



Белгілері

Белгілерінің сипаттамасы

Анықтау әдістері

Жапырақ тақтасының құрылысы







Пішіні







Жапырақ тақтасының өлшемі







Сағағының болуы, оның өлшемдері







Жүйкелеу сипаты







Жапырақ шетінің сипаты







Түкері







Жапырағының астыңғы үстіңгі бетінің түсі







Ысқылағандағы иісі







Дәмі







Өзіне тән ерекшеліктері







Сіздің берген сипаттамаңызды «сыртқы белгілер» бөліміндегі қалыпты құжаттың талаптарымен салыстырыңыз, шикізаттың өзіне тән ерекшеліктерін атап көрсетіңіз. Талдау жасалынған Д.Ө.Ш-ның «сыртқы белгілер» тарауы бойынша қалыпты құжат талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды жасаңыз.

6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия: Учебник.-4-изд., перераб. И доп.-М.: ОАО Изд-во «Медицина», 2007-656с.:ил

  2. Государственная фармакопея Республики Казахстан Т.1.-Алматы: Изд.дом «Жибек жолы», 2008.-592с.

  3. Государственная фармакопея СССР: Вып.1. Общие методы анализа/ МЗ СССР.- 11-изд., доп.-М.: Медицина, 1987.-336с.

  4. Государственная фармакопея СССР: Вып.2. Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье / МЗ СССР.- 11-изд., доп.-М.: Медицина, 1990.-400с.

Қосымша:

  1. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии Учебное пособие. /Под ред. И.А.Самылиной, А.А. Сорокиной. - М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.-672с.

  2. Самылина И.А., Аносова О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас в 2 т. - М., 2007. - Т.1. -192с. Т.2.-384с.

  3. Самылина И.А.. Ермакова В.А., Бобкова Н.В., Потанина О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас. - Т.З. - М., 2009. - 438 с.

  4. Практикум по фармакогнозии: Учеб. пособие для студ. вузов / В.Н. Ковалев, Н.В. Попова, B.C. Кисличенко и др.: Под общ. ред. В.Н. Ковалева. - Харьков: Изд-во НФаУ: Золотые страницы: МТК- книга, 2004. - 512 с.: 615 ил.: 24 с. вкл.

  5. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Анализ фасованной продукции: учеб, пособие / под ред. И.А. Самылиной. - М. ООО "Медицинское информационное агентство",
    2008.-288 с.: ил.

7. Бақылау: Альбомда жазба түрінде мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Жапырақтың морфологилық құрылысы.

  2. Өсімдіктердің Лала гүлдер, Астра гүлдер, Тау қалақайлар, Тарамдар тұқымдастарына жататындығын білдіретін морфологиялық белгілері.

  3. Жапырақтың микраскопиялық талдауы кезінде оның диагностикалық маңызы бар белгілері.

  4. «Жапырағы» Д.Ө.Ш дегеніміз не.?

  5. Жапырақтың келесі формаларын суретке түсір – сопақ , жұмыртқа, кері жұмыртқа, қияқты.

  6. Дәптерде жапырақтың жүйкелеуін салыңыз – қауырсынды жүйкелену, доғалы жүйкелену.

Сабақ №3

1. Тақырыбы: «Жапырақтары» дәрілік өсімдік шикізатын микроскопиялық талдау. Д.Ө.Ш. талдау кезінде қолданылатын микроскопиялық техника.

2. Мақсаты: Өсімдік шикізатының макраскопиялық талдауының орындалу техникасын білу.

3. Оқыту мақсаты:

  • Д.Ө.Ш. макраскопиялық талдау жүргізуде фармоцефтер қолданатын негізгі кәсіби сөздіктер пайдалану

  • Осы өсімдік шикзаттарының тобына макроскопиялық талдау жасап үйрену

  • Өсімдік шикізатының қалыпты құжат талаптарына сәикестігіне қорытынды бере білу

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. А) дәрілік өсімдік

Б) Д.Ө.Ш.

В)дәрілік зат түсінігіне анықтама беру



  1. Макраскопиялық талдау жүргізу ерекшеліктері және оның мақсаты

  2. Д.Ө.Ш. - нің сапасын реглементтейтін қалыпты техникалық құжат

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау

Берілген Д.Ө.Ш. нің макроскопиялық талдауын жасаңыз: өгейшөп, қалақай, қайың жапырақтары орындау әдістемесі:



Жапырақ. Жқұа жапырақты кесінділерін дайындамай микроскоппен жапырақ тақтасын қарау. Ұлпаны түссіздендіру үшін құрғақ жапырақты н.егізде қайнетамыз. Жақсы түссізденуді жапырақты 30 пайыз хлорал гидрат ерітіндісінде 10-15 минут қайнату арқылы алуға болады

Майда жапырақтарды түссіздендіруді бүтіндей алады, ал үлкен жапырақтарды түссіздендіру диагностикалық бөлігі бар жерін кесу арқылы: жапырақ жиегі, тістері, жүйкелену маңыздыы бөлігі.

Жапырақты түссіздендіріп және сумен жуады жапырақ бөлігін скальпельмен немесе буландырылған инемен алып, заттық шыныға орналастырамыз, үстіне глицерин немесе хлоралгидрат тамызамыз. Жапырақ бөлігіне жапқыш шынымен жабамыз, аудан қалдырмау үшін қыздырамыз. Суығаннан соң препаратты микроскоппен көреміз.

Сізге ұсынылған диагностикалық белгілерді кесте күйінде түсіндіріңіз.



Ұлпа

Мінездеме. Диагностикалық белгілері.

эпидермие

Жасуша пішіні




Саңылау түрі




Жиегі




трихомалары




мезодермия

Құрылысы (дорсовентральды, изолатеральды)




Секреторлы құрылысы




Кристаллды қосылыстары




Сіздің берген сипаттамаңызды «микроскопия» бөліміндегі қалыпты құжаттың талаптарымен салыстырыңыз, шикізаттың өзіне тән ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.

Талдау жасалынған дәрілік өсімдік шикізатының «микроскопия» тарауы бойынша қалыпты құжат талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды жасаңыз.



6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия: Учебник.-4-изд., перераб. И доп.-М.: ОАО Изд-во «Медицина», 2007-656с.:ил

  2. Государственная фармакопея Республики Казахстан Т.1.-Алматы: Изд.дом «Жибек жолы», 2008.-592с.

  3. Государственная фармакопея СССР: Вып.1. Общие методы анализа/ МЗ СССР.- 11-изд., доп.-М.: Медицина, 1987.-336с.

  4. Государственная фармакопея СССР: Вып.2. Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье / МЗ СССР.- 11-изд., доп.-М.: Медицина, 1990.-400с.

Қосымша:

  1. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии Учебное пособие. /Под ред. И.А.Самылиной, А.А. Сорокиной. - М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.-672с.

  2. Самылина И.А., Аносова О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас в 2 т. - М., 2007. - Т.1. -192с. Т.2.-384с.

  3. Самылина И.А.. Ермакова В.А., Бобкова Н.В., Потанина О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас. - Т.З. - М., 2009. - 438 с.

  4. Практикум по фармакогнозии: Учеб. пособие для студ. вузов / В.Н. Ковалев, Н.В. Попова, B.C. Кисличенко и др.: Под общ. ред. В.Н. Ковалева. - Харьков: Изд-во НФаУ: Золотые страницы: МТК- книга, 2004. - 512 с.: 615 ил.: 24 с. вкл.

  5. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Анализ фасованной продукции: учеб, пособие / под ред. И.А. Самылиной. - М. ООО "Медицинское информационное агентство",
    2008.-288 с.: ил.

7. Бақылау: Альбомда жазбаша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Жапырақтың морфологиялық құрылысы.

  2. Д.Ө.Ш «жапырақ» дегеніміз не?

  3. Микропрепарат (МФ ХІ) дайындау кезінде қандай әдістер қоданылады?

  4. Сізге белгілі эпидермие жасушаларының формасын айтыңыз.

  5. Сізге белгілі трихомалар суретін салыңыз.

  6. Сізге белгілі кристаллдыкальций оксолит қосылыстарының суретін салыңыз олар қандай ұлпада орналасқан?

  7. Сізге белгілі секретарлы құрылысты жазыңыз.

Сабақ №4

1. Тақырыбы: «Гүлдері» Д.Ө.Ш-на макроскопиялық талдауды

шикізаты гүлдері болатын дәрілік өсімдік мысалына ала отырып жасау. Макроскопиялық талдау техникасы.



2. Мақсаты: Өсімдік шикізатының осы тобының макроскопиялық талдауының орындалу техникасын білу.

3. Оқытудың мақсаты:

  • Д.Ө.Ш. макроскопиялық талдау жүргізуде фармоцевтер қолданатын негізгі кәсіби сөздіктер пайдалану

  • Осы өсімдік шикзаттарының тобына макроскопиялық талдау жасап үйрену

  • Өсімдік шикізатының қалыпты құжат талаптарына сәикестігіне қорытынды бере білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. А) дәрілік өсімдік

Б) Д.Ө.Ш.

В)дәрілік зат түсінігіне анықтама беру



  1. Макроскопиялық талдау жүргізу ерекшеліктері және оның мақсаты

  2. Д.Ө.Ш. - нің сапасын реглементтейтін қалыпты техникалық құжат

аты:

Өсімдік шикізатының осы тобының макроскопиялық талдауының орындалу техникасын білу.



5. Білім берідің және оқытудың әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.

Берілген өсімдік шикізатының макроскопиялық талдауын жасаңыз: түймедақ гүлі, оло бодам гүлі.



Орындау әдістемесі:

Шикізатта гүлдену типін анықтайды, шикізатты 1 сағ ыстық суда жібітеді. Жай қарусыз көзбен қарайды немесе көз айна көмегімен (х10) гүлдің құрылысын байқайды. Гүлді заттық шынға енгізеді және лупамен қарау арқылы буландырылған инемен бөліктерге бөледі. Гүлдерін құрылысына көңіл аударамыз-жай (тостағанша және күлте) немесе қос; тостағаншамен күлтенің құрылысына – дұрыс (актиноморорты) немесе бұрыс (зигоморорты); тостағанша жапырақша формасы және саны; күлте жапырақша саны және формасы; аталық саны және құрылысы; аналық саны; тозаңданудың ерекшелігі.

Өлшемі гүл диаметрін(гүлдену) өлшегіш сызғыш арқылы өлшейді. Шикізат түсін күндізгі жарықта құрғақ материалда анықтайды. Иісін желпу арқылы анықтайды. Дәмін құрғақ шикізат бөлігін немесе қайнатпа арқылы (тек улы емес бөлікті ғана).

Сізге ұсынылған өсімдіктің сыртқы белгілерін кесте күйінде түсіндіріңіз.



Белгі. Гүлшоғыр типі

Белгіге мінездеме

Анықтау әдісі

Төмен иілуі







Гүлдену өлшемі







Гүлдену құрылысы







Гүлсерік құрылысы







Тостағанша құрылысы







Күлте құрылысы







Тостағанша жапырақшаларының саны және формасы







Күлте саны және формасы







Аталық саны және формасы







Түйін құрфлысы







Желпу кезіндегі иісі







Дәмі(улы емес бөлігінде)







Сіздің берген сипаттамаңызды «сыртқы белгілер» бөліміндегі қалыпты құжаттың талаптарымен салыстырыңыз, шикізаттың өзіне тән ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.

Талдау жасалынған дәрілік өсімдік шикізатының «сыртқы белгілер» тарауы бойынша қалыпты құжат талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды жасаңыз.



6. Әдебиет:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет