Сабақ №23-24 Шағын жинақ мектеп жағдайында интерактивті технологияларды қолдану



Дата21.05.2020
өлшемі18,42 Kb.
#70438
түріСабақ
Байланысты:
Шағын жинақ мектеп жағдайында интерактивті технологияларды қолдану.-1


Шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру

Уақыты: 12.05.2020ж

Тобы: БК-405

Сабақ тақырыбы: Практикалық сабақ №23-24

Шағын жинақ мектеп жағдайында интерактивті технологияларды қолдану.

Шағын жинақты мектептердің оқушылар мен педагогтардың санына, сыныптардың толықтығына және оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты қызмет ету ерекшеліктері бар. Сондықтан да оларға оқытудың нысандары мен әдістерін таңдау, оқу-тәрбие процесін икемді және қажеттілікке сәйкес құру құқығы берілген. Бұл ең алдымен қатарлас сыныптардың жоқтығына, оқушылардың аз санына және бір сыныпта әртүрлі жастағы балалардың оқылуына байланысты.

Шағын жинақты мектептер өзінің білім беру қызметінде келесі принциптерге бағдарланады:

* білім берудегі соңғы нәтижелерге жету немесе аяқтау принципі;

* алынған білімді бір-біріне берудің үздіксіз және жүйелі процесі;

* бірпәндік және біртақырыптық оқыту принципі негізінде интеграцияланған сабақтарды ұйымдастыру;

* сабақтың дидактикалық кезеңдерін есепке алатын біріктірілген сыныптар үшін икемді сабақ кестесін құру;

· әр оқушының жеке тұлғасын психодиагностикалық талдау, оның даму динамикасының мониторингі негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру ;

· әр оқушыны оқытудың жеке алгоритмін анықтау, жеке және сараланған оқыту үшін мүмкіндік жасау;

* оқыту процесінің мазмұны мен технологиясының вариативтілігі мен икемділігін жүзеге асыру;

* әр оқушыға өзін көрсетуге мүмкіндік беру, оның өздігінен білім алу қабілетін дамыту;

* жоғары және төменгі сынып оқушыларымен өзіндік жұмыс жүргізу жоспарын ұйымдастыру;

* білім берудің дамытушы, шығармашылық және интерактивті сипаты;

* шағын жинақты мектептердің тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде мектептердің мәдени орталықтардан алыстығы факторын есепке алу;

* оқу барысында оқушылар арасындағы ынтымақтастық пен өзара көмек;

* тақырыптар мен тапсырмалардың әртүрлілігін ұсыну (еңбек бөлу), сондай-ақ педагогикалық үдеріске қатысушылардың әр түрлі деңгейлі (әр түрлі жастағы) есебін жүргізу;

* әр оқушының қабілеті мен қажеттіліктерін ескере отырып оқыту;

* шағын жинақты мектеп жағдайында тиімді педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

Сыныптарды жиынтыққа біріктірудің екі тәсілі бар: әртүрлі жастағы аралас. Педагогикалық тұрғыдан әртүрлі жастағы сыныптарды ұйымдастыру өте қолайлы, бұл ауысым жұптарындағы жұмысты және жоғары сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға, сондай-ақ оқыту үдерісінде ерекше назар аударуды талап ететін кіші оқушылармен сабақтарды ұйымдастыру үшін мұғалімнің уақытын босатуға мүмкіндік береді.

Шағын жинақты мектепте оқу процесін ұйымдастыру үшін оңтайлы педагогикалық технологиялар (деңгейлік, сараланған оқыту, ұжымдық оқыту тәсілі, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, дамыта оқыту, модульдік оқыту, оқу және жазу арқылы сыни ойлау және т.б.) пайдаланылады.

Деңгейлік оқыту оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескере отырып, танымдық қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.

Оқытудың ұжымдық тәсілі оқушылардың танымдық қызметін динамикалық жұптарда қарым-қатынас жасау арқылы ұйымдастыру үшін бір-бірін оқыту үшін қолданылады. Оқытудың ұжымдық тәсілі балалардың қарым-қатынас тапшылығын еңсеруге, ауылдық жердегі балалардың аздығы жағдайында оқушылардың монологтық және диалогтық сөйлеуін дамытуды ынталандыруға, мұғалімнің оқушылармен жеке жұмысын табысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Оқушылардың жан-жақты дамуы мен белсенді тұлғаны тәрбиелеу үшін жағдай жасайтын дамыта оқытудың әдістері мен тәсілдері кеңінен қолданылады.

Оқу үрдісінде әртүрлі білім беру құралдарын және педагогикалық технологияларды қолдану келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

* оқушылардың білім сапасын арттыру;

* шағын жинақты мектеп жағдайында оқушылардың базалық дайындығын қамтамасыз ету;

* тереңдік пен нақтылықтың түрлі деңгейлерінде пәндік саланы меңгеру;

* таңдаған пән саласындағы типтік практикалық міндеттерді шешу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;

* стандартты емес проблемалық жағдайларда шешім қабылдау және талдау іскерлігін қалыптастыру;

* оқушылардың белгілі бір қызмет түрлеріне қабілетін дамыту;

* оқу үрдісінде интерактивті, электрондық, іздеу, ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану;

* оқытудың мазмұнының, формаларының, қарқыны мен деңгейінің кең таңдауы;

* белгілі бір білім салаларын тереңдетіп оқуда оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру;

* оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу;

* мектептің қашықтықтан оқыту мүмкіндіктерін пайдалануы.

Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды

Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ыммен қимылды пайдалану

Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу.

Басқаларды қолдау: топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу.

Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту.

Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін және нені білу жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.

Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға

•Жұп болып жұмыс істеу жоғары деңгейлі тапсырмаларды берлесе орындауда (мысалы, шешім қабылдауда, мәселелерді шешуде) және құрбы-құрдастарын оқыту үшін тиімді

Нәтижесінде, оқушыларымыз топпен жұмыс істеуге дағдыланды, бағаға қарағанда білімге деген қызығушықтары артты, әр оқушы көшбасшылық таныта бастады, өзін-өзі бағалауы жоғарлай келеді, бір-бірімен еркін түрде пікір алмасады. «Оқушы үні», формативті бағалау мен суммативті бағалаудың айырмашылығын түсіндірдік. Оқушыларды бағалағанда тек суммативті бағалаумен шектелмей, формативті бағалауды қолданғанда тиімді екенін көрдік. Топтық жұмыс арқылы оқушы өзінің білмегенін

қасындағы досы арқылы үйренуге болатынын және ол қасындағы зерттейтін ұстазға сүйенетінін көрдік, осы жұмыстар арқылы оқушының пәнге қызығушылығы артуы анық. Бұл үрдісте нашар оқушының өзі топқа бөлінгенде білімін реттеп, жаңа білімді іздей бастайды.

«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша жие қолданылатн тәсілдері мақсаты - Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету. - Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету. - Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру. - Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою. - Оқып үйренушімен жаңа білімді алу. - Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және білімдерін жүйелеу. - Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену. - Шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау. - Жаңа білімді беру. - Пән туралы бүтіндей көрініс жасау. - Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою. - Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша жұмысы.

Тәсілдері - «Миға шабуыл» - Болжам (сурет, портреті бойынша) - Қажетті сөздер бойынша болжам - Альтернативті тест (дұрыс немесе дұрыс емес пікірлер) - Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы - Кластер - Кесте «Б–Б–Б» - insert әдісі бойынша белгілеумен мәтінді оқу - Астын сызу арқылы қажетті сөздерді көрсету - insert таңбалау кестесі - Шығармашылық жұмыс – синквейн қажетті сөздерге,дұрыс және дұрыс емес пайымдауға қайта оралу. - Досына хат жазу, күнделік жүргізу. - Қажетті сөздерден кластерді бітіру. - Шатысқан қисынды тізбектер

Нәтижелер - Маңызды тәжірибе - Белсендірілген білім - Қалыптасқан уәж (негіздеме) - Жүйелі білім - Шақыру кезеңіндегі баяндалған мақсаттарын нығайту. - Берілген білім - Пән бойынша қалыптасқан бүтіндей көрініс .

Оқыту барысында мұғалім электронды және ақпараттық ресурстарды жаңа материалды түсіндіруде мәтіндік ақпараттармен қолдана алады. Көрнекі аудио-ақпараты бар ресурстар сабақта мұғалімнің түсіндірмесіне қосылуы, сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезінде қолданылуы мүмкін. Компьютерлік тесттер мен тест тапсырмалары білімді бақылау мен бағалаудың әртүрлі түрлерін жүзеге асыру үшін қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, мұғалім авторлық элективті курстың оқу-әдістемелік кешенін жобалау кезінде түрлі электрондық және ақпараттық ресурстарды пайдалана алады.

Қазіргі заманғы шағын жинақты мектептің негізгі міндеттерінің бірі дамытушы педагогикалық орта құру болып табылады, оның негізінде әртүрлі жастағы оқушылардың өзара іс-қимылы идеясын іске асыру мүмкін.

Оқыту технологиясын әзірлеуде балалар мен жасөспірімдердің психологиялық-педагогикалық, физиологиялық-жас және басқа да ерекшеліктерін есепке алу қағидаттарына бағдарлау қажет. Білім беру мақсаттарына, оның ішінде танымның ғылыми әдісін меңгеру мақсатына жету оқу процесін ұйымдастырудың технологиялық тәсілі негізінде ғана мүмкін болады. Оқу процесінің қазіргі заманғы технологиясы теориялық пайда болуы тиіс, технологияның гносеологиялық негізі ғылыми таным логикасы болуы тиіс.

Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) ғылыми-әдістемелік орталықтар миссиясын орындайды, олар тек мұғалімдерге оқу-тәрбие процесін әдістемелік сүйемелдеуде ғана емес, сонымен қатар жақын орналасқан шағын жинақты мектептердің оқушыларына сапалы білім алуда көмек көрсетеді.


Тапсырма:1.«Инновациялық білім беру технологияларын қолдану шағын жинақты мектептер жағдайында қажеттілік » тақырыбында эссе жазу.

2. 10 тест сұрағын құрастырыңыз.Дұрыс жауабын - А

A. B. C. D. E.



Әдебиеттер,сілтемелер:

1. Talimger.kz>shagyin-zhinaktyi-mektep-…

2. Engime.org.shagin-komplektli-mektepter

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет