№ 20 жалпы орта мектеп
Ашық сабақ
ТАҚЫРЫБЫ:Таулардың пайда болуы. Таулардың өзгеруі
Сабақ №25 сынып:6Б күні:8.12.2014 ж
География пәні мұғалімі Пратова И.
Сабақтың тақырыбы: Таулардың пайда болуы.
Таулардың өзгеруі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға таулардың пайда болуы жайлы сипаттама беру, қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар,ескі және жас таулардың өзгеруі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: картамен жұмыс істей отырып, оқушылардың таулар жайлы жалпы және арнайы іскерлік дағдыларын қалыптастыру, дүниетанымын арттыру.
Тәрбиелік мәні: ой-өрісін кеңейту , ой-пікірін еркін жеткізе білуге бейімдеп сөз қорын арттыру.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ. Жаңа технологиялық материалды меңгертіп және іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстаның физикалық картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, географиялық атлас, кескін карта, сызба-нұсқалар, интерактивтік тақтамен таулардың табиғатын бейнелейтін суретте,карточкалар,видеороликтер, презентациялар.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап иллюстративтік, ішінара ізденіс, өзекті ойды жеткізу,сұхбат пен өз ойын жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: тарих,экономика,экология,ағылшын тілдері.
Өмірмен байланыс: Дүние жүзін 4/1 бөлігін таулар құрайды. 2003 жылы 11 желтоқсан «Халықаралық тау күні» деп Біріккен Ұлттар ұйымының Бас ассамблиясы жариялады.Халықтардың 20%- ның өмір сүретін баспанасы, жануарлар мен өсімдіктердің негізгі қорығы және дүние жүзіндегі барлық өзендердің негізігі қайнар көзі.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.(5 мин)
Сәлемдесу.Түгелдеу.Оқулықтарды тексеру, шеңбер жасап бір- бірлеріне шын ықыласпен тілек білдіру және зейіндерін сабаққа аудару.Оқулардың дайындап келген жаңалықтарын тыңдау және карта арқылы көрсетуі.
II Үйге тапсырманы тексеру: ( 8-10 мин)
Бұл тапсырма слайд немесе презентация арқылы көрсетіледі:
а) сұрақ – жауап:
1. Тау дегеніміз не?
2. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі.
3.Аласа таулар қандай таулар кіреді?
4.Жанартаулар қалай пайда болады?
5.Жер сілкіну дегеніміз не?
6.Лава дегеніміз не?
7.Жоғарға мантияның температурасы қанша?
8.МMSK – 84 шкаласын айтыңыз?
9.Жердің қандай қабықтары бар?
10.Гейзерлер дегені не?
11.Тау жотасы деп неге айтылады?
12.Биік таулы өлкелерге мысал келтіріңіз?
13. Кратер дегеніміз не?
14. Жер бетінің ең терең жері қандай аталады?
15.Жер бетінің ең биік нүктесі қалай аталады?
16.Қазақстанның ең биік нүктесі қалай аталады?
17.Қазақстанның ең терең жері қалай аталады?
18. Конрад жазығы қайда орналасқан?
19.Мохо қабаты қайда орналасқан?
20. Орта таулар мысал келтіріңіз?
б) қорытындылау.
III Жаңа сабақ: (10-15 мин)
Жер шарындағы таулардың көпшілігі қатпарлардан тұрады.Су түбінде жиналған тау жыныстарының қабаттары орасан зор бүйір қысымының әсерінен қатпарланыпбиікке көтеріліп тау кұрайды.Көтерілген жерлері жоталарға, ал опырықтар тауаралық ірі ойыстарға сәйкес келеді.Мұндай тау жыныстары қабаттарының қатпарланудан кейін жарықтарды бойлап жоғары – төмен лықсуынан қатпарлы – жақпарлы таулар құрайды. Жер шарында таулардың бәрі бір мезгілде пайда болмаған.
“Кім жылдам ?”
Таудың аты
|
Биік нүктесі
|
Оның биіктігі
|
Биіктігіне қарай бөлінуі
|
Алтай
|
Мұзтау
|
4505 м
|
Биік тау
|
Тянь-Шань
|
Хан тәңірі
|
6995 м
|
Биік тау
|
Гималай
|
Джомолунгма
|
8848 м
|
Биік тау
|
Сарыарқа
|
Ақсораң
|
1565 м
|
Аласа тау
|
Мұғалжар
|
Үлкен Боқтыбай
|
657 м
|
Аласа тау
|
Ескі және жас таулар:
Жас таулар
|
Ескі таулар
|
Биік болып келеді,әлі күнге дейін өсуде
|
Онша биік емес,өсуін тоқтатқан
|
Шыңдары үшкір, беткейлері тік, басын мұздар басып жатады
|
шыңдары мүжілген,аласараған, көп жерлері тегістеліп, аласа төбелер мен жазықтарға айналған
|
тауаралық аңғарлары
өте терең
|
аңғарлары онша терең емес,бірақ аралық аңғарлары
оте кең
|
әр кезде жанартаулар атқылауы мен жер сілкінулер болып тұрады
|
жанартаулардың атқылауы болмайды кейде жер сілкінулері болуы мүмкін
|
|
|
|
|
Таулардың сыртқы күштердің әсеріненөзгереді.Жас көтерілген биік таулар желдің, судың, күн сәулесінің, мұздықтардың әсерінен бұзылып аласарады.Сыртқы күштерінің әсерінен тау жыныстарының өзгеруі үгілу деп аталады.
“Сематикалық карта”
Таудың аты
|
Ескі таулар
|
Жас таулар
|
Қатпарлы таулар
|
Қатпарлы- жақпарлы таулар
|
Алтай
|
|
|
|
+
|
Гималай
|
|
+
|
|
|
Альпі
|
|
|
+
|
|
Орал
|
+
|
|
|
|
|
|
IV Өзіндік жұмысы. ( 10 мин)
СӘЙКЕСТЕРІН ТАБІҢІЗ:
|
|
Аспан таулары мағынасын
білдіретін тау атауы
Әлемдегі ең биік таулар
Тянь - Шань
Орал
|
|
Анды
Азия мен Еуропаны
бөліп тұрған таулар
Гималай
Ең ұзын таулар жүйесі
|
|
Тізімде қандай таулар бар?
1) Волга 7) Байкал 13) Жайық
2) Анд 8) Гималай 14) Балқаш
3) Амазонка 9) Каспий 15) Альпі
4) Кордильера 10) Тибет 16) Арал
5) Алтай 11) Тянь-шань 17) Карпат
6) Сарыарқа 12) Жерорта 18) Ертіс
V Қорытындылау.Бағалау (5 мин)
Географиялық диктант:
1.Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан,қатты тілімденген биік бөліктері.................. деп аталады.
2.Биік тауларды ата...............
3.Сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстардың өзгеруін .................
4.Дүние жүзіндегі ең биік тау...............
5.Еуропаны Азиядан бөліп тұратын тау......
Номенклатура “Географиялық дуэл” ойыны
1.Тянь-Шань тауының (6995м) ең биік нүктесін атаңыз?
2.Тянь-Шаньдағы Іле Алатауы мен Күнгей Алатаудың қосылған жері қалай аталады?
3. Еуропаны Азиядан бөліп тұратын, онша биік емес, ұзындығы екі жарым мың километрге жететін тауды атаңыз?
4. Тянь-Шань тауында 7439 м биіктіктегі ең биік нүктесін көрсетіңіз?
5. Қандай биік тауларды білесіз?
6 Сауыр тауларының 3816 м ең биік жерін көрсетіңіз?
7.Дүние жүзіндегі ең биік тауды атаңыз?
8.Қандай таулар жас тауларға жатады?
9. Қатпарлы тауларға қандай таулар жатады?
10. Гималай тауына 8848 м ең биік нүктені атаңыз?
Сөздік
Қазақша
|
Oрысша
|
Ағылшынша
|
Таулардың пайда болуы
|
Образование гор
|
The formation of mountain
|
Қатпарлы тау
|
Складчатые гор
|
Fold mountain
|
Қатпарлы-жақпарлы тау
|
Складчато-глыбовые гор
|
Fold – blocked mountain
|
Ескі таулар
|
Старые горы
|
Old mountains
|
Жас таулар
|
Молодые горы
|
Young mountains
|
Таулардың өзгеруі
|
Изменение гор
|
Change in the mountains
|
Үгілу
|
выветривания
|
Weathering
|
Физикалық үгілу
|
Физическое выветривание
|
Physical weathering
|
Химиялық үгілу
|
Химическое выветривание
|
Chemical weathering
|
Органикалық үгілу
|
Органическое выветривание
|
Organic weathering
|
Биік таулар
|
Высокими горы
|
High mountains
|
Орта таулар
|
Средние горы
|
Middle mountains
|
Аласа таулар
|
Низкие горы
|
Low mountains
|
VI Үйге тапсырма
§23 Таулардың пайда болуын оқу және кескін картаға жер бетіндегі тауларды түсіру.
Достарыңызбен бөлісу: |