Сабақ: 3 бөлім: «Адамгершілік асыл қасиет»



Дата27.02.2020
өлшемі77,38 Kb.
#59122
түріСабақ
Байланысты:
13)


Сабақ:

3 бөлім: «Адамгершілік – асыл қасиет»



Тақырып:

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа». Кейіпкерлер әлемі.



Мектеп:

Күні: 13.02.20


Мұғалімнің аты – жөні:


Сынып: 5 В

Әдебиет пәні



Қатысқандар:


Қатыспағандар:







Оқу мақсаты:

5.3.2.1 .Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

Сабақ мақсаттары:

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

  • Хикаят бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылап бекіту, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты аша алады.

  • Кейіпкер іс-әрекетіне баға беруге, ойын жүйелі баяндай білуге дағдыландыру, өмірге деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ете алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Мінездеме, портрет, теңеу



Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

айдай сұлу, ақша бет, ат жақты, ашық жүзді, екі иығына екі кісі мінгендей.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  • «Менің атым-Қожа» повесінің авторы кім?

  • Жазушы қай жылы, қайда дүниеге келген?

  • Қандай шығармалары бар?

Не себепті .... деп ойлайсыз?

Не себепті Қожа келеңсіз оқиғаларға тап бола береді ?

Неліктен Қожа Майқанова апайды ренжітіп ала береді?

Не себепті Қожа Жантасты ұнатпады?

Алдыңғы оқу:

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінің мазмұнын қайталап келу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Оқушының қызметі

Басы

3 мин.


2 мин.


3 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын Шаттық шеңберін құрғызып бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.


Бүгінгі сабақта сәттілік, белсенділік тілеу.

Топқа кейіпкерлер бойынша бөлу. Топ ережесімен таныстыру.


Кейіпкерлерді таңдау бойынша 4 топқа бөлінеді.

1-топ: «Қожа»

2-топ: «Жанар»

3-топ: «Сұлтан»

4-топ: «Жантас»

Топ басшыларын анықтату, топ ережесін іштей оқып шығады.


Үй тапсырмасы

Сұрақ-жауап

1.«Менің атым-Қожа» повесінің авторы кім?

2.Жазушы қай жылы, қайда дүниеге келген?

3.Қандай шығармалары бар?

Қожаның сұрақтары?

1.Мен кітап сатып алу үшін қандай қулық жасап едім?

2.Мен бақаны мектепке не үшін әкеліп едім?

3.Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?

4.Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. 5.Сонда кімнің мәселесін қарадым?

(Оқушылар оқып келген материал бойынша жауап беруі қажет.

Топ басшылары бағалайды).



Қызығушылықты ояту.

Кейіпкерлер арқылы балаларға тақырыпты ашқызу



Оқушылар мұғаліммен амандасып,сабаққа зейіндерін аударады.


Ортасы

5 мин.

7 мин.

8 мин.

6 мин.

«Мағынаны тану» кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту.

Балалар, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятының мазмұнымен бірінші сағатымызда толықтай таныстыңыздар. Кинодан да көріп жүрсіздер. Бүгінгі сабақта білімдеріңіз бен ізденістеріңіз серік болады деп сенемін. Енді бүгін сол хикаяттағы кейіпкерлер әлеміне саяхат жасаймыз. Соған орай топтық тапсырмалар орындайсыздар.

1-тапсырма.

1-топ: «Сұлтан»

Шарты, қойылатын талап:

Сұлтан бейнесіне ассоциация құру (қосымша сұрақ қою)


2-топ: «Жанар»

Шарты, қойылатын талап:

«Бес жолды өлең» тәсілі арқылы Қожа, Жанар, Жантас бейнесіне тоқталу.

Ол бес жолдан тұрады

Құрамы:


  1. Бірінші тармақ 1 зат есімнен тұрады.

  2. Екінші тармақ 2 сын есімнен тұруы керек (бұл сөздер бірінші жолдағы негізгі сөзді (зат есімді) анықтауы керек, соған сын-сипат береді.

  3. Үшінші тармақта 3 қана етістіктің болуы шарт.

  4. Төртінші тармақ негізгі сөзді бағалайтын кез келген сөз таптарынан тұратын 4 сөзден құралған 1 сөйлем болу керек.

  5. Бесінші тармақ қорытынды 1 ғана сөзден тұрады.

Кейіпкерлердің бейнесі ашылатындай орындалу керек.
3-топ: «Жантас»

Шарты, қойылатынталап:

«Концептуалдық кесте»



Кейіпкерлер

Адамгершілік қасиеті

Өмірге қызығушылығы

Өзімнің бағам

Қожа










Жантас












4-топ: «Қожа»

Шарты, қойылатынталап:

"Ішке-сыртқа стратегиясы" арқылы Қожаның бойындағы қасиеттерді ішке және сыртқа тізіп жазу. Қожаның бойында бар қасиеттерді «ішке» теріп жазса, Қожаның бойында жоқ қасиеттерді «сыртқа» теріп жазады.



Ішке-сыртқастратегиясы

Ішке

Сыртқа

 


 

(қызғаншақ, өзімшіл, өркөкірек, ақылды, салақ, озат, әдепті, өтірікші, өсекші, сыпсыңдағыш,алғыр, пысық, сотқар, мейірімді, тентеу, қу, зымия, шыдамсыз, тиянақсыз, байыпты, ойы терең, есті, жағымпаз, мазасыз, сабырлы, сараң, кішіпейіл, адал, үздік, ұстамды, тәртіпті, жалқау, сауықшыл, көрсеқызар)
Бұл қай сәт?
1.“Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”

(Орыс тілі пәні мұғалімі Анфиса Михайловнаның сабақ сұрап жатқан сәті)
2.“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”.


(Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт)
3.“Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма? ”


(Директордың кабинетінен шыққан сәті)

4.Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес, алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым. (Пед. Кеңес болып жатқан сәт)
5. Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде басыма сап етіп, бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім. (Сөмкеден бақаның шыға келу сәті)


6.«Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін»
(Бақа оқиғасынан кейін мамасымен кездесер сәт)
7. Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. Жер дүние төңкеріліп бара жатты. (Қожаның темекі тартқан сәті)

Сергіту сәті (2мин)
Венн диаграммасы Ертай мен Қожаны, Жантас пен Қожаны салыстыру
Кім жылдам? әдісі. Оқушылар тәрбиеге, адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдерді жылдам айтып шығады, мақалдың мағынасын ашады.

Дискриптор.

  • Сұлтан бейнесіне ассоциация құру

  • «Бес жолды өлең» тәсілі арқылы Қожа, Жанар, Жантас бейнесіне тоқталу

  • «Концептуалдық кесте»

  • Қожаның бойындағы қасиеттерді ішке және сыртқа тізіп жазу.

  • Ертай мен Қожаны, Жантас пен Қожаны салыстыру.

ҚБ. « Смайликтер» арқылы бағалау
Қортындылау

"Кейіпкерге хат" әдісі арқылы Қожаға хат жазғызу.



Рефлексия "Бағдаршам" әдісі

Үй тапсырмасы: "Повестьтен алған әсерім..." (эссе жазу)











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет