Күні: 07.12.16. Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 6
Сабақ № 39 Берілген сабақ саны: 1 Пән мұғалімі: Махаббат Қ.
Сабақтың тақырыбы:Жіктеу есімдігі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Жіктеу есімдігі туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, сауатты, көркем жазу, ұжымдық жұмыс жасау барысында адамгершілік қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Есімдіктердің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: кесте, сұрақ-жауап, тест
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
4.Тақтаға жапсырылған стикерлерді таңдау
арқылы оқушылар топқа бөлінеді.
І топ. Достық
ІІ топ. Ынтымақ м
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және бағалау
Есімдік
140 (1-тапсырмасы)-жаттығу.Есімдік бар мақал-мәтелдер жазу
Есіңе түсір (қайталау сұрақтары)
Зат есім дегеніміз не?
Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Сын есім дегеніміз не?
Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Туынды сын есімдер қалай жасалады?
Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді?
Сан есім дегеніміз не?
Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Есімдік дегеніміз не?Мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
Қызығушылығын ояту.Сынап көр ( есім сөздермен жұмыс)
«Тілдік тренажер» арқылы сын есім, зат есім, сан есімдерге талдау.
1) кітап 6) ұзын бойлы 11) Көктерек
2) қараша 7) жеті 12) қызыл ала
3) он екі 8) оқушы 13) бір
4) Ақсу 9) майлы 14) ауыл
5) сұлу 10) сексен тоғыз 15) шуақты.
Зат есім
|
Сын есім
|
Сан есім
|
|
|
|
ІІІ.Жаңа сабақ.1Жіктеу есімдігі нені білдіреді?
Белгілі бір заттық ұғыммен байланыста қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.
Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.
Бірінші жақ-айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ-тыңдаушы жақ.Бұлар-адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? Деген сұраққа жауап береді.Үшінші жақ-бөгде жақ.Ол адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді.Сондықтан кім? немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: Бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма. Ол (кім?)-оқыған азамат.Ол (не?)-биік тау.
2.Қандай түрде болады?
Жақ Жекеше Көпше
І. Мен І. біз (айтушы, тыңдаушы жақ)
ІІ. Сен Сіз ІІ. Сендер Сіздер (тыңдаушы жақ)
ІІІ. Ол ІІІ. Олар (бөгде жақ)
Оқулықпен жұмыс
Іске асыр (жаттығулар жұмысы)
141-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, жіктеу есімдігін табу.
Ол, сен, сені, мен.
І,ІІ топтан екі оқушы тақтаға шығып, жіктейді.
142- жаттығу. Мәтінді оқып, ат қою, жіктеу есімдіктерін теріп жазып, септігін анықтау.
Үлгі: Сен – жіктеу есімдігі, атау септік, ІІ жақта
«Біз-бейбіт күндегі тәуелсіз елдің ұланымыз!» тақырыбында шағын эссе жазу.
І топ сен есімдігін, ІІ топ мен есімдігін септейді
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Нәтиже (тест жұмысы)
10 сұрақтан тұратын тест жұмысын беремін.
1. Есімдік қандай сөз табы?
а) Заттың сынын білдіреді.
ә) Есім сөздер орнына қолданылады.
б) Заттың атын білдіреді.
2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
а) 7 ә)5 б) 6
3. Жіктеу есімдігінің қанша жағы бар?
а) 3 ә)2 б) 4
4. Сан есімдерді белгіле.
а) он бір, табиғат, сары
ә) адам, оқушы, жеті
б) алты, он бір, екі мың екі
5. Дара сын есімдерді көрсет.
а) қызыл ала, қара шұбар
ә) ақ, қара, ащы
б) қара көк, сұлу, сары
6. Жалқы зат есімдерді анықта.
а) Астана, Мұхтар, Ұлан.
ә) қала, оқушы, сана.
б) Көксу, ой, газет.
7. Зат есім қандай сөз табы?
а) Заттың қимылын білдіреді.
ә) Заттың атын білдіреді.
б) Заттың санын білдіреді.
8. Жинақтық сан есімдерді тап.
а) төртеу, тоқсан екі, он тоғыз
ә) үшеу, сегіз, он
б) біреу, екеу, жетеу
9. Туынды сын есімдерді белгіле.
а) бойшаң, сөзшең, таулы
ә) сары, әдемі, көркем
б) ұзын, салқын, ақ
10. Сан есімнің сұрағын анықта.
а) қандай, қай, кімнің
ә) қанша, неше, нешінші
б) кім, не, несі
V. Үй тапсырмасын беру:
131 бет. 143-жаттығу. Көшіріп, жіктеу есімдігінің астын сызу. Ережелерді қайталау.
VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
Тексерілді _____07.12.16.
Достарыңызбен бөлісу: |