Климат, климат құрушы факторлар, күн радиациясы, радиациялық баланс.
Ауа темп-сы, биіктік белдеулік, тем. инверсиясы, изотерма, жылдық ампли-туда, бұлттылық, атмос. жауын-шашын, буланушылық, қар жамылғысы.
Қысқаша конспект
Климат дегеніміз – ауа райының белгілі бір жерге тән және үнемі қайталанып отыратын жай – күйі. Климат - грек сөзі, “еңкіш” деген мағына береді. Климаттың алуан түрлілігіне күн сәулесінің түсу бұрышының ендікке байланыстылығы, мұхиттар мен теңіздерге алыс – жақындығы, жер бедері, адамның шаруашылық әрекеті әсер етеді.
Климат түзуші факторлар – жер шарының кез келген аймағандағы климат қалаптасуына әсер ететін жағдайлар.
Климат түзуші элементтердің зоналық бағытта таралуы географиялық ендікке тәуелді.
Құрлық пен судың таралуына байланысты климатты теңіздік және континенттік деп екі топқа бөлеміз. Таулы аймақтарда биіктік белдеулік климат қалыптасады.
Күн радиациясы - күннің сәуле шығаруы.
Жер бетінен жоғары көтерілген сайын ауа қабатындағы температураның өсуін инверсия қабаты дейміз.
Ең жоғары және ең төмен температуралар айырмасы температура жүрісінің амплитудасы деп аталады.
Оқушыларға арналған тапсырмалар:
Бос орынға тиісті сөздерді жаз.
1.Тапсырма: Тәулік ішіндегі ең төмен температура кун шығар алдындағы уақытқа тура келеді.
2. Тапсырма: Күндіз құрлық беті ........ , ал түнде бірте-бірте жер беті.......... .
3. Тапсырма: Ең жогары ай мен ең томен айдың орташа температураларының айырмасы ауа температурасының орташа журисинин амплитудасы деп аталады.
Кері байланыс:
Орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта _________________, немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы ____________ арқылы жібереді.