Сабақ атауы Бақылау диктанты «Тіршілік» Баубек Бұлқышевтың «Жауыздық пен махаббат»



Дата30.05.2017
өлшемі30,27 Kb.
#17281
түріСабақ

10-сынып Қазақ тілі

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Галия Гимеденовнаның қысқа мерзімді жоспары

Сабақ атауы

Бақылау диктанты «Тіршілік»

(Баубек Бұлқышевтың «Жауыздық пен махаббат» шығармасынан)



Жалпы мақсаттар

Ресми қарым -қатынас және жазба тіл мәдениеті тақырыбы бойынша диктант жүргізу. Оқу бағдарламасын қалай меңгергендігіне бақылау жасау. Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.

Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.



Оқыту нәтижелері

Оқушылар өз белсенділігін көрсетуге тырысады;

теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады, күнделікті өмірде қимас адамдар болатынын біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.



Негізгі идеялар

Ресми қарым -қатынас және жазба тіл мәдениеті, тілдік ерекшелігі, хат, очерктің жазылу ерешелігі мен адамдар арасындағы маңызын түсінеді. Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.

Мәтіннің жазылу стиліне назар аударту, Баубек Бұлқышевтың жайлы білетін мәліметтерін толықтыру, жазушы стиліне жалпылама талдау жасау. (шолу)



Дереккөздер, сілтемелер

«Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы»

Алматы «Білім» 2007 жыл. Құрастырған: Арын Ержан



Қызығушылығын ояту

Еркін әңгімелесу. Көңіл-күйлерін, ауа-райы жайлы немесе қызықты жаңалықтар , Ұлы Жеңіске 70 жыл тақырыбында ой қозғау.

Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.

Мәтінге кіріспе сұрақтар беру. Жазушы шығармашылығына тоқталу.


Мағынаны тану

Асылы, адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге , оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді. Әрбір адам өзінің өмір жолының сара, сәулелі болғанын жақсы көреді. Оның ой-тілегі, дем алмай істеген қызметі – өмірінің барометрі. Өмір бойы құмырсқадай қыбырлап еңбек еткен дүниеге терең түсініктілікпен өзгеше қарайды. Осы жолда ол өзінің ойын, күшін, қуатын сарп етеді де, өмірді өз тағынан құлатпайды. Туа өмір үшін күшін, қуатын, ой-қиялын жұмсап үйренген ол еңбекке әбден үйреніп алады да, еңбексіз отыра алмайды. Сөйтіп, біртіндеп адам өзінің өмірін күннен-күнге өнерлеп, айқыштай береді. Өміріне серпіліс енгізеді.

Менің көз алдымда осы адамдардың бірі – құрдасым мен оның әкесі. Немістер өртеп, қиратып кеткенүйінің кірпішін қарт құшақтап тұрып, көзіне жас алғаны әлі есімде. Бейшара қартқа кірпіш ыстық көрінді. Өйткені ол кірпіш оның тамшылаған терімен иленген, қолымен құйылған. Бір кірпіш жасап шығару үшін жер қазып топырақ тасу керек, оны біріктіру үшін су, күйдіру үшін от, құю үшін қалып – осының бәрін істеп шығару үшін уақыт керек. Оған табиғат берген қысқа өмірінің санаулы бір бөлімі кетпек. Сонша еңбек сіңіріп өмірінен уақыт бөлген бір кірпіш – төрт қабырғалы үйдің бір кірпіші ғана болып саналады. Міне, үй салу деген оңайға түспейді, адам үйсіз отыра алмайды. (184 сөз)

Баубек Бұлқышев.

(«Жауыздық пен махаббат» шығармасынан, 1942 жыл)



Қосымша тапсырмалар:

Туа өмір үшін күшін, қуатын, ой-қиялын жұмсап үйренген ол еңбекке әбден үйреніп алады да, еңбексіз отыра алмайды.

Сөз құрамына, сөйлем мүшесіне талдау.



Ой толғаныс

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

«Өмір сүргім келеді» шығармасын оқып, тілдік-құрылымдық ерекшелігіне талдау, 5 сөйлемге синтаксистік талдау.



Бағалау

Суммативті бағалау

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет