Сабақ Қазақ тілі 11- сынып Сабақтың тақырыбы: Шешен. Шешенге қойылатын талаптар



Дата27.12.2016
өлшемі31,57 Kb.
#5529
түріСабақ
  • Есенбаева Бағила Әуезханқызы
  • Ашық сабақ
  • Қазақ тілі 11- сынып
  • Сабақтың тақырыбы: Шешен.Шешенге қойылатын талаптар
  • Сабақтың мақсаты:
  • а) Білімділік:Шешендіктің ұлы өнер екендігін паш ету,адам бойындағы талант,терең білім,қалыптасқан дағдының болуы - шешен болуға итермелейтінін түсіндіру;қазақтың хан,билерінің,шешендерінің сөздерін есте тоқуға үйрету,оқушыларға шешеннің бойындағы тағылымды қасиеттерді түсіндіру,оқушылардың шешенге артылар жауапкершілік пен қойылатын талаптың мол екенін түсінуі;
  • ә)Тәрбиелік: Шешен.Шешенге қойылатын талаптарды өмірде дұрыс жүйелі қолдану, оқушыларды тапқыр болуға итермелейтін олардың бойындағы дарындылығын аша түсу, жиын, топтарда дәл, нақты, шебер сөйлеуге сабақ барысында шығармашылық қабілет көрсетуге шақыру, бүгінгі сабақта игергендерін өмірде қолдану, шығармашыл тұлға қалыптастыру;
  • б) Дамытушылық: Орақ тілді, от ауызды шешендердің өнерін дәріптеу, шешендер туралы деректерді көбірек білуге шақыру, жинақтарымен таныстыру.
  • Сабақтың бағдарламасы: “Сын тұрғысынан ойлауды дамыту”
  • Әдіс-тәсілдер: “Ойлан, жұптас, ортаға сал”, автор орындығы, Б.Б.Ү. Стратегиясы
  • Жұмыс түрі: Жеке,жұптық, топтық
  • Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, әуез
  • Сабақ түрі: Саяхат сабақ
  • Сабақ типі:Жаңа білім беру
  • Қажетті құралдар:оқулықтар, мәтін, саяхат картасы, дидактикалық материалдар, бағалау парағы
  • I.Ұйымдастыру кезеңі:
  • а) Сабақтың ұраны:
  • Өзің ойлан, өзің тап, өзің ізден, Деген ақыл оқимын көзіңізден. Талай қазақ келеді сөз алдырмай, Көкжалдықты үйрендім өзіңізден.
  • Қ. Мырза-Әлі
  • ә) Мұғалімнің баяндауы:
  • Сабақ 2 топқа бөліне отырып жүргізіледі:
  • I топ “Ақтайлақ шешен”
  • II топ “Жиренше шешен”
  • Алдымен сабақ бойына жүріп отыратын саяхат картасымен таныс болайық. (саяхат жоспарымен таныстыру)
  • Сабақ барысы:
  • "Шешендер еліне "
  • саяхат жоспары
  • 1.Мектеп аялдамасы
  • 2.Зымыран сұрақ – жылдам жауап
  • 3.Көп ойлан, аз сөйле
  • 4.Тапқыр болсаң, тауып көр
  • 5.Бейнелі сөзге – бейімді бол
  • 6.Шешендер елі
  • ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
  • Шешендердің қанықпыз атына біз, Астарында сан түрлі жатыр аңыз. “Шешендер еліне” бәріңізді, Саяхаттап қайтуға шақырамыз.
  • 1.”Мектеп аялдамасы”
  • Ақыл, білім көп бердің,
  • Анамдайсың ,мектебім
  • Сенде өсіп, көктедім,
  • Сенсің - өмір көктемім
  • Балалар, 1-аялдамада Жаңа сабақпен таныстырайын
  • а) Тақтамен жұмыс (Ай, күн атын жазу)
  • Шешен. Шешенге қойылатын талаптар
  • Адам бойындағы талант
  • Терең білім
  • Қалыптасқан дағды
  • Шешен
  • Орыс ғалымы М.В.Ломоносов шешендікті меңгеру үшін:
  • Өзге ғылымнан хабардар болу
  • Қажетті қалып - қасиет
  • табиғи дарын
  • ғылым
  • дүлдүл шешендерден үйрену
  • машықтану
  • Шешеннің табиғи сапасы
  • өткір ой
  • жады
  • жағымды дауыс
  • қалыпты тыныс
  • жинақылық
  • сүйкімді келбет
  • табиғи қабілет
  • “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде”
  • Шешен
  • Тілмар
  • Тапқыр
  • Тапқыр
  • Ресми жиындарда шығып сөйлеуші (оратор)
  • Шешенге тән қасиеттер
  • Тілдік қабілеттілік
  • Білімділік
  • Шыншылдық
  • Сөйлейтін мәселесін анықтай білуі
  • Жинақылық
  • Аңғарымпаздық
  • в) Топпен жұмыс
  • Мәтін – сұрақ:
  • I топ “Ақтайлақ шешен”
  • Бірде Әз Жәнібек хан билерінен: “Жігітке жақсы болу үшін не керек?” – деп сұрайды. Сонда олар не деп жауап берген екен? Қалай ойлайсыңдар? (Оқушылар жауабын тыңдау)
  • I I топ “Жиренше шешен”
  • Абай Құнанбаев: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек деген екен. Ол қандай нәрселер?
  • Жігітке бірінші білім, екінші ғылым, үшінші ұғым, сосын отты жүрек, батыл тіл керек, - деген екен.
  • Жауаптары:
  • Әуелі – надандық,
  • Екіншісі – еріншектік
  • Үшіншісі - зұлымдық
  • 2 “Зымыран сұрақ – жылдам жауап” аялдамасы
  • а) Жеке жұмыс
  • I топ Ақтайлақ шешеннің мүшесіне 10 сұрақ
  • 1.Шешенге ең қажетті талап.
  • 2.Қуанышты сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
  • 3.Ахмет Байтұрсынов бас редактор болған қай газет?
  • 4.Желмая мініп шұрайлы жер іздеген, өмір кешкен кім?
  • 5.Ақылдылығын сөзі қай септікте тұр?
  • 6.Ұлттық салт дәстүрлер шешендік сөздің қай түрінен көрінеді?
  • 7. Шешендік сөздің тектерін ата.
  • 8.Әлеуметтік –тұрмыстық шешендік сөздердің түрлерін ата.
  • 9. Қазақтың билерін ата.
  • 10.Шешендік өнердің даму тарихы неше кезеңге бөлінеді, ата.
  • II топ “Жиренше шешен”
  • Жыраулар поэмасы қай ғасырдан бастау алған?
  • Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
  • Пікір алысу үшін ең алдымен не керек?
  • “Жақсының жақсылығын айт” анықтауыш сөз қайсы?
  • Тіл туралы 3 мақал айту.
  • Шешендік сөздің көріктеуіш құралдарын ата.
  • Жарқыра сөзінің түбірі қай сөз?
  • М.Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы.
  • Шешендік сөз дегеніміз не?
  • Мақал деген не?
  • Білгендерден ғибрат,
  • жақсылардан шапағат
  • 3
  • “Көп ойлан, аз сөйле” аялдамасы
  • а) жұптық жұмыс
  • Кітаппен жұмыс жасай отырып, тапсырма орындау.
  • I топ 136 - тапсырма; II топ 136 – тапсырма.
  • Мәтінді оқып, берілген тапсырма бойынша өз ойларын жұптаса шешіп, дәптерге түсіру, тұжырымды ойды айту. Мәтіндегі бір сөзге фонетикалық талдау жасау
  • Көп ойлан, жақсы сөйле – нұсқа болсын, сұраса – жауабың да қысқа болсын.
  • 4 “Тапқыр болсаң – тауып көр”
  • аялдамасы
  • I топ “Ақтайлақ шешен” тобына 137 – тапсырма
  • I I топ “Жиренше шешен” тобына 138 – тапсырма
  • (Б.Б.Ү. стратегиясы бойынша жұмыс жүргізу);
  • (Халық күйі орындалып тұрады; 5-7 минут белгілеп, жұмыс дәптерлеріне тапсырманы орындау)
  • Не білемін?
  • Білгім келеді
  • Үйрендім
  • Өте қатты әсер еткен сөз.
  • Сөз тіркесі, сөйлем
  • Түсініктеме беру
  • Айта берме сөз біткеннің бәрін де, ойлап сөйле, таңдап дәмін, нәрін де
  • Ж.Баласағұни
  • 5 “Бейнелі сөзге – бейімді бол” аялдамасы
  • Жеке жұмыс
  • I топ “Ақтайлақ шешен”
  • 1.Аузының суы құру
  • 2.Көсегесі көгеру
  • 3.Місе тұтпау
  • 4.Күлін көкке ұшыру
  • 5.Шыбын шаққан құрлы көрмеу
  • 6.Кежегесі кейін тарту
  • 7.Жұмыртқадан жүн қырқу
  • 8.Жүрген жеріне шөп шықпау
  • 9.Қара аспанды төндіру
  • 10.Күн жаумай су болу
  • I I топ “Жиренше шешен”
  • 1.Бос белбеу
  • 2.Жұлдызы қарсы болу
  • 3.Көзайым болу
  • 4.Бүйрегі бүлк етпеу
  • 5.Айылын жимау
  • 6.Маңдайы тасқа тимеу
  • 7.Тауы шағылу
  • 8.Шөптің басын сындырмау
  • 9.Ұнжырғасы түсу
  • 10.Тонның ішкі бауындай
  • І топ “Ақтайлақ шешен”
  • Асу – асу белдер бар,
  • аса алмаса ат өлсін.
  • Ағайынмен тату бол,
  • айыра алмай жат өлсін
  • 2. Арғымақ аттың құйрығы,
  • сатса жібек, кессе қыл.
  • Жақсы жігіт белгісі,
  • түзде мырза, үйде құл.
  • ІІ топ “Жиренше шешен”
  • Қарауылдың жаманы,
  • алдырғанда өкінер.
  • Палуанның жаманы,
  • шалдырғанда өкінер
  • 2. Май шайнаған билердің,
  • нанға мұқтаж күні бар.
  • Елден безген залымның,
  • елге мұқтаж күні бар.
  • белгілі ғалым В.В. Радлов Қазақтың шешендік сөздерін жинап, адамдардың бірі – халық шешендігін бағалаған.
  • ІІ топ “Жиренше шешен”
  • зерттеушілердің бірі – М. Әуезов Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы.
  • І топ “Ақтайлақ шешен”
  • 1. Қазақтың шешендік сөздерін жинап, халық шешендігін бағалаған адамдардың бірі - белгілі ғалым В.В. Радлов.
  • 2. Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зерттеушілерінің бірі – М. Әуезов
  • І топ “Ақтайлақ шешен” тобына
  • Жеті жетіні ата:
  • Жеті атаңды біл,
  • Жеті руды біл,
  • Жеті жарғыны біл,
  • Жеті құбыланы біл,
  • Жеті жақсыны біл,
  • Жеті жаманды біл,
  • Жеті жетімді біл
  • I I топ “Жиренше шешен” тобына
  • Бөлтірік шешен жеті жетіні білу – адамгершілікке бастайтын жол, ал оны білмеу, адамгершілікке қарама – қайшы іс. Сонда шешен:
  • Жеті атасын білмегенді жетесіз дейді,
  • Жеті руды білмегенді жер көріп, ел танымаған ессіз дейді,
  • Жеті жарғыны білмегенді жөнсіз дейді,
  • Жеті құбыланы білмегенді көкірек – көзсіз дейді,
  • Жеті жақсыны білмегенді жаман дейді,
  • Жеті жаманды білмегенді надан дейді,
  • Жеті жетімді білмегенді арзан дейді
  • Жеті жетіні білгенді адам дейді.
  • Ұжымдық тапсырма
  • Мөңке бидің жұмбағы:
  • Жиылған көпшілікке Мөңке би жұмбақ айтыпты.
  • Кермиық кеңесінен қалды.
  • Шалқасқа шабысынан қалды.
  • Қотыр теке қой бастады,
  • Тауқұдірет ел бастады
  • Ханы қайғылы болды,
  • Биі бүкірейіп болды.
  • Атадан ұл озды,
  • Анадан қыз озды,
  • Сол уақыттағы қамқа тон көнеріп тозды,-депті.
  • Ешкім шеше алмаған екен.Мүмкін ,біз шешерміз.
  • Шешуі:
  • Кермиық кеңестен қалса,ақылынан танған шығар,
  • Шалқасқа шабысынан танса,аузынан шалған шығар.
  • Қотыр теке қой бастаса,қожа,молданы құдай ұрған шығар.
  • Хан қайғылы болса,халықты жеп қарны шермен болған шығар.
  • Биі бүкір болса,сөзі азып-тозған шығар.
  • Атадан ұл озса,еркін шығар,
  • Анадан қыз озса,шіркін шығар.
  • Сол уақыттағы қамқа тон көнеріп тозса,асылдығы кеткен шығар.
  • Неге үйретеді?
  • “Күншілдік деген бар,содан сақтан,
  • Кекшілдік деген бар,содан сақтан.
  • Астамшылық деген бар,одан қалыс жүр,
  • Сараңдық деген бар,одан алыс жүр.
  • Қараулық деген бар, одан таза бол,
  • Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол,
  • Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол ”
  • Шешен кісі сөз бастар,
  • Адал кісі ел бастар
  • Ж.Жабаев
  • 6."Шешендер елі"
  • аялдамасы
  • “Тілдің майын тамызып, жас шешендер сөз саптар”
  • Ұжымдық жұмыс
  • І топқа “Біз келешегімізге сенеміз”
  • I I топқа “Мақтанам қазақ болып туғаныма
  • (3-5 минут толғау)
  • Топтың жас шешендері сөз саптайды. “Автор орындығына” отыру
  • !
  • ?
  • ?
  • а) “Кім зерек?”
  • Тест
  • Шешендікті білім жүйесінің бір бөлімі ретінде тану, оны өмір танымының бір амалы ретінде қарау қай дәуірден басталған?
  • а) Кеңестік дәуір; в) антикалық дәуір; с) Қола дәуірі:
  • 2. Орыс ғалымы М.В. Ломоносов шешендікті меңгеру үшін не қажет деді?
  • а) табиғи дарын; в) Ғалым; с) шет тілін білу;
  • 3. Ғалым М. Балақаев шешендікті қалай бағалаған?
  • а) табиғи қабілеттілік; в) Дарындылық; с) Жүре пайда болу;
  • 4. “Құнды сөз құнарлы ойдан туады” кімнің сөзі?
  • а) Л.Н. Толстой; в) В.В. Маяковский; с) А.С. Пушкин;
  • 5. Сұрақ түрінде берілген белгілі бір фразаға жинақталған межелі ұсыныстар түйіні.
  • а) метафора, в) теңеу; с) риторикалық сұрау;
  • 6. Шешендік сөздің барлық түрінде де ең жиі кездесетін көркемдік тәсіл не?
  • а) Салыстыру; в) Суреттеу; с) Портрет;
  • 7. Шешендік сөздің эмоционалдық әсерлілігін арттыра түсетін риторикалық тұлғалардың бірі-
  • а) Пейзаж; в) Фигура; с) Градация (дамыту);
  • 8. Цицерон шешендікке нәр беретін, бір-бірінен ажырағысыз болып біріккен үш арнаны көрсетеді
  • а) Талант, терең білім, қалыптасқан дағды; в) еңбек, терең ой, ақыл;
  • с) өмір, адамгершілік, білім;
  • 9. Шешеннің ерекше қасиеті не?
  • а) Білімділік; в) Ізгілік; с) Махаббат;
  • 10. Жұрт алдында сөйлеудің зерделілік эмоционалдық шығармашылыққа негізделген түрі
  • а) дауыс; в) шешендік сын; с) шешендік сөз;
  • Сабақты қорытындылау
  • а) Мұғалім сөзі:
  • Шешендіктің сәні жоқ,
  • Сөзіне сүттей ел ұйып,
  • Қолтығына ел сыйып,
  • Басына бақыт қонбаса
  • Шешендік өнерді дәріптеу - міндетіміз
  • ә)Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағын толтыруы
  • б) Мұғалімнің бағалауы
  • в)Мадақтау рәсімі
  • г)Үйге тапсырма беру
  • 1.”Қазақтың тиым сөзі – ұлттық тәрбие көзі” тақырыбында эссе жазу(өзіндік тапсырма)
  • 2.А.Құнанбаевтың отыз екінші қара сөзін оқып, тұжырым жасау;
  • 3.Шешен сөзіне фонетикалық талдау жасау
  • Сабақты Жетес бидің сөзімен аяқтау:
  • Бірде көпшілік бас қосқан үлкен жиында Жетестің тапқырлығын сынамақ болған бір адам:
  • Жетеке, осы адамның, жердің, сөздің және пікірдің сәні неде? Соны айтшы! – деп сауал тастап жиналған жұртшылыққа маңғаздана қарайды. Сонда Жетес би сұрақ қойған кісіге қадала қарап, еш іркілместен не деп жауап берген екен?
  • Адамның сәні - өнер, білім, ақылы,
  • Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы
  • Пікірдің сәні – ең пайдалы мақұлы
  • - деп жауап берген екен.
  • Рахмет
  • Білімділіктеріңізге
  • Тапқырлық танытқандарыңызға
  • Жүйелі сөйлеу шеберліктеріңізге
  • Тілдік қабілеттіліктеріңізге
  • Аңғарымпаздықтарыңызға
  • Шыншыл болғандарыңызға
  • Саяхатты көңілді өткізгендеріңізге

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет