Абай нәр алған үш арна
Абайдың ақындық қызметінің негізгі үш түп төркіні: алдымен, қазақ халқының, есте жоқ ескі заманнан жиып, дамытып жеткізген өз даналығы, ауыз әдебиеті қоры; екінші - араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың классик. көркем поэзиясы, үшінші - орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Европа мәдениеті десек, Абайдың ақындық білімінің кемелденіп толысуына, өрісінің кеңеюіне апаратын даңғыл жол екені сөзсіз.
Жалпы Абайдың Шығыс әдебиетімен танысуы, оның медреседе оқыған кезінен басталады. Ақынның ең алғашқы «Иузи-раушан» өлеңі, таза еліктеуден туған туынды болса, «Физули, Шамси» өлеңі Шығыстық мәдени мұраға жас ақынның талғаммен қарай бастағандығының белгісі.
Ол күллі араб пен парсының батырлық дастаны мен жырларын, Шығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр классик ақындарын, тарихи еңбектерін, сондай-ак, логика ғылымының негіздері мен мұсылмандық құқық, Шығыстың шариғат кағидаларын ұғындыратын ғұламалар еңбектерін жетік меңгерген. Сол еңбектерді түпнүсқасында оқитын жан-жақты білімдар, ғұлама болған. Араб, парсы, түркі тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Айрықша қабілетінің аркасында, араб, парсы тілдерін өз бетімен жүйелі түрде оқып, игереді.
Абай - қазақ әдебиетінің орыс өдебиетімен байланысын күшейтуге аса зор үлес қосқан қайраткер. Абай заманы, ақындық енерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен көз - қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын.
Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақын-жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шеберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-түсінудің таптырмас құралы деп санады.
ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі – М.Ю.Лермонтов болды. Ол орыс ақынын жанындай жақсы көрді, сырлас, мұңдас болды. Абай ұлы ақынның жырларынан орыс қауымының тілек-талабын, мұңын, жырын ұқты.
Абай орыстың жер ауып келген жетпісінші-сексенінші жылдардағы революционерлерімен танысады. Олар революцияшыл интеллигенциясының өкілдері, Чернышевскийдің жолын қуушылар еді. Солардың бірі Е.П. Михаэлис — Щелгуновтың жақын досы, белсенді қызметтесі болған.
Ақынның шұрайлы философиялық ойлары, негізінен, шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді. Орыстың қоғамдық-философиялық ақыл-ойы ақынның эстетикалық көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етгі. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін", Льюистің "Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің "Еуропа ақыл-ойының даму тарихы" атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл аткарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүниетанымында тамаша ұштастырды.
Ақынның орыс мәдениеті арқылы Европа мәдениетімен байланысы, Европадан алған нәр, оның ақындық жолында қандай іздер мен өрнектер қалдырды. Европамен таныса келе Абайдың «Шығысым - батыс, батысым - шығыс боп кетті» деуі ақынның Батыс елдерінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі болса керек. Бүл тану, қызыға зерттеу, үлгі тұтып, нәр алу ақын шығармашылық жолына ізін қалдырмауы мүмкін емес еді. Европа елдерінің әдеби қорына қарым-қатынасында Абай Құнанбаев жай ғана үйренуші, таңырқаушы, еліктеуші ретінде емес, үлкен ойлы, терең толғаулы ізгі ақындық ерекшелігімен, ұлттық келбетімен, ұлы реалистік өзіндік, Абайлық тұлғасын сақтайтын қадір-қасиетімен, қалып-қабілетімен керінді. Ақын қазақ сахарасының шегінен шығып, орыс мәдениетіне, сол арқылы Европа елдерінің мол қазынасына жалғыз өзі жол тартып, туған әдебиеттің қадір-қасиетін бұрынғыдан да арттырып, биіктете түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |