Тақырыбы: Абай және әлем әдебиеті. Орындаған



бет1/3
Дата25.01.2022
өлшемі66,42 Kb.
#114181
  1   2   3

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті



  • Тақырыбы:Абай және әлем әдебиеті.


Орындаған: Омарханов С.

Тексерген:Аубакирова К.А

Топ: ТФ-901


Семей 2020жыл

Жоспар

  • Абай және батыс әдебиеті.

  • Абай және орыс әдебиеті

  • Абай және әлем

1.Абай және батыс еуропа әдебиеті 

Абай мұрасының маңызды бір қыры – Еуропа мәдениеті мен әдебиетіне қатысы. Бұл құбылыстың мазмұны мен сыры, диалектикасы мен динамикасы бір жағынан, талант, дарын іспетті қасиеттер табиғатынан шектелушіліктен, томаға тұйықтықтан аулақ болатынында, жалпы адамзаттық игілік-жақсылықпен сабақтас, тектес екендігінде болса, екінші жағынан, Абайдың туған жерінің, елінің жаратылысының өзі Еуропа мен Азияны, Батыс пен Шығысты жалғастырушы көпір іспеттілігіне байланысты. Қазақ халқының көп ғасырғы рухани ізденістері мен қазынасының жемісі, жиынтығы, әрі жаңа сатыға көтерушісі бола алған Абай - дүниенің осы екі бөлігінің бірсыпыра халықтарының даму тарихына, ақыл-ой жүйесіне, мәдениетіне, әдебиетіне көз тігіп, танып, біліп өзіндік шығармашылық қатынас қалыптастырды, қазақ қоғамының қажетіне, рухани өсуіне жарату ісін де, дәстүрлерін де байытты. Абай мұрасының батыс еуропа әдебиетімен байланыстары әртүрлі тұрғыдан, бірнеше арнада қаралуға лайық. Ол байланыстардың негізгі салмағы, өзекті сабақтары, салалы ұштары, әрине, 19 ғасырдағы қазақ қоғамының даму ерекшеліктерінде, ағартушылық, демократтық ақыл-ой ізденістерінде, көркем әдебиеттің реалистік бағыт-бағдарларында, ақынның дүниеге көзқарастарында, қоғамдық, әлеуметтік, философиялық, этикалық, эстетикалық толғаныстарында жатыр, «таза» әдебиеттік қыры, көріністері де солармен үйлесімде, сәйкестікте. Абай мен батыс еуропа әдебиеті н сөз еткенде бүл атаудың шартты түрде алынғанын ескеру керек. Өйткені, дүниенің бір бөлігі - Еуропада толып жатқан халықтар әдебиеттері ішінен негізінде жалпы әлемдік, адамзатқа ортақ ежелгі грек, рим мұраларының жекелеген нұсқалары, ағылшын, француз, неміс, поляк ақын-жазушыларының туындылары қазақ ақынының шығармашылық жолында жақсы игерілген, олармен үндестіктер, сырластықтар, көркемдік ой ізденістердегі сабақтастықтар тапқан, ал бірқатары қазақша аударылған. Батыс Еуропа халықтары көркем мұраларын Абайдың игеру ерекшеліктері, қазақша аудармалары, ақын шығармаларының кейбір еуропалық тілдерге аударылуы, шетелдік жылы лебіздер - бүгінгі абайтану ғылымындағы терең зерттеуді, байсалды тұжырым жасауды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Қазақ әдебиетінің басқа елдер әдебиетімен, оның ішінде, Еуропа халықтары әдебиетімен қарым-қатынас, байланыс тарихында Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Ақын еңбектерінің биік нысаналы өрісінің тағы бір қыры - М. О. Әуезов сөзімен айтсақ, «езінде Еуропа, өзі Еуропада боп, қарға тамырлы боп байланысқаны... Бүл белгі - сүйсінерлік нағыз ірі белгі» (М. Әуезов Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А., 1967, 264-6.). Қазақ филологиясының абайтану саласында Әуезов айқындап кеткен ғыл. тұжырым бойынша Абайдың ақындық қызметінің негізгі үш түп төркіні: алдымен, қазақ халқының, есте жоқ ескі заманнан жиып, дамытып жеткізген өз даналығы, ауыз әдебиеті қоры; екінші - араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың классик. көркем поэзиясы, үшінші - орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Еуропа мәдениеті десек, «ез заманы үшін, әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек» болған Абайдың ақындық білімінің кемелденіп толысуына, өрісінің кеңеюіне апаратын даңғыл жолды тап басатынымыз сөзсіз, бүл Абайтану ғылымында едәуір зерттелген мәселе. Алайда ақынның орыс мәдениеті арқылы Еуропа мәдениетімен байланысы, Еуропадан алған нәр, оның ақындық жолында қандай іздер мен өрнектер қалдырғаны әлі арнайы зерттелген жоқ.

Еуропамен таныса келе Абайдың «Шығысым - батыс, батысым - шығыс боп кетті» деуі ақынның Батыс елдерінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі болса керек. Бүл тану, қызыға зерттеу, үлгі тұтып, нәр алу ақын шығармашылық жолына ізін қалдырмауы мүмкін емес еді. Еуропа елдерінің әдеби қорына қарым-қатынасында Абай Құнанбаев жай ғана үйренуші, таңырқаушы, еліктеуші ретінде емес, үлкен ойлы, терең толғаулы ізгі ақындық ерекшелігімен, ұлттық келбетімен, улы реалистік өзіндік, Абайлық тұлғасын сақтайтын қадір-қасиетімен, қалып-қабілетімен керінді. Ақын қазақ сахарасының шегінен шығып, орыс мәдениетіне, сол арқылы Еуропа елдерінің мол қазынасына жалғыз езі жол тартып, туған әдебиеттің қадір-қасиетін бұрынғыдан да арттырып, биіктете түсті.

Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс Еуропалық философия, тарих, мәдениет, әдебиет қорының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы сақталмаған, күнделік, не басқа да жазба деректер жоқ, жазылды ма, жоқ па - ол жағы да беймәлім. Алайда Абай өмір сүрген кезде Қазақстанда, Семейде болып, осы аймақты, әсіресе, оның тынысын жан-жақты зерттеген, Семей кітапханасының қорын тәптіштей сипаттап, ақын туралы жазба мәліметтер қалдырған американ жазушысы, публицист Дж. Кеннанның деректеріне және Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің Семейдің кітапханасы каталогінің (1902-1910) тізімінде көрсетілген мәліметтерге қарағанда Абай білген Батыс Еуропа кітаптары едәуір қомақты болған. Сол кезде Семей кітапханасында Спенсер, Спиноза, Р. Декарт, Д. С. Милль, Дрэпер, Чарлз Дарвин, У. Шекспир, И. В. Гете, Ф. Шиллер, Г. Гейне, Д. Байрон, О. Бальзак, А. Мицкевич, А. Дюма т. б. авторлардың шығармалары жинақталыпты. Семей кітапханасының тұрақты оқырманы болған Абайдың рухани өрісінің кеңейе түсуінің бір қыры - осы. Бұл хақында Әуезов:

«Батыс Еуропа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп етеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Еуропаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Еуропа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ, білімпаздарын да зерттейді. «Еуропаның есею тарихы», «Ескі Шығыс мәдениетінің тарихы» сияқтыларды да сол Батыс Еуропа ғалымдары арқылы оқып-біледі. Еуропа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрі де Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі»,



- деп жазды. (М. Әуезов. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А., 1967, 253 б.). Әуезов Абайдың бұлармен қатар Батыс Еуропада орта ғасырда етек алған діни сот - инквизицияның зұлымдықтарын суреттейтін романдарды кеп зерттегенін, Еуропада әкімшілік қырған патша, король нәсілдерінің сарай тартысын білу ниетімен, Александр Дюма романдарын кеп оқығанын, кейін «Үш ноян», «Он жыл өткен соң», «Патша әйел Марго» романдары ақынның әңгімелеуі бойынша елге танылып, ертек боп кеткенін айтады. Африкада, Америкада, Австралияда немесе басқа бір жабайылар арасында тіршілік еткен білімді кісілер немесе жергілікті адамдардың ішінен шыққан намысқой ерлер, ақылды адамдар туралы әңгімелерді де Абайдың сүйсіне оқығандығы туралы деректер бар. Сондай-ақ Әуезов Африкадағы негрлер (Абай сөзімен айтқанда зәңгілер) мен ақ нәсілділер арасындағы жұлқыс-тартысты бейнелейтін «Валентин Леви», «Аза жүрек», «Ягуар Медуленец» деген әңгімелер де Абайдың ертегі етіп таратқан әңгімелері екендігін, ақынның осылайша Еуропа жазушыларының да көптеген әңгіме-дастандарын еліне жая жүргенін дәлелдейді. Бұл айтылған деректердің өзі-ақ Абай назар аударған, оқып, біліп, таныған Еуропалық мәдениет қазынасының көлемі қандай болғанын танытады. Абайдың Еуропа мәдениеті мен әдебиетіне қатысы оның орыс әдебиетімен байланысының бір қыры, бір бөлігі. Орыс тілі, орыс әдебиеті, орыс классиктері арқылы дүние жүзі мәдениетінің үлгілерімен танысқан Абай Еуропадағы кейбір мәдени-әдеби құбылыстарды өз жұртының талап- талғамына сай халықтың рухани қажетіне жарата білді. Абай шығармаларындағы Еуропа әдебиетінің белгілерін оның орыс классиктері ерекше қадір тұтқан антиканың көне классик. тарихы мен әдебиетіне оқта-текте соғып отыруынан, бүкіл Батыс, Шығыс тарихын бірдей әңгіме еткен «Ескендір» жайынан әңгімелі-өлең жазуынан, классиктер Шиллер, Гете, Байрон, Мицкевичтердің кейбір өлеңдерін қазақшаға аударуынан, бірсыпыра батыс романдарын әңгімелеп, ел арасына таратуынан, өзінен кейінгі жас ақындарға сыртқы өзге елдер жайында шығармалар жазуына ақыл беріп, тақырып ұсынып, әсер етуінен керуге болады. Бұл белгілер халқымыздың рухани тарихында маңызы зор ерекше құбылыстар еді.

Абай мұрасының ежелгі антикалық және элладалық тарихпен байланысы да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Эллада мәдениеті мен әдебиеті адамзаттың даму тарихында ерекше орын алатыны белгілі. «Грекия мен Рим салған фундаментсіз қазіргі Еуропа да болмаған болар еді» деп жазды Ф. Энгельс «Анти-Дюринг» деген еңбегінде (К. Маркс и Ф. Энгельс. Соч. Т. 20, С. 185 ). Грек өнері мен эпосы «бізге көркемдік ләззат береді және белгілі бір дәрежеде норма мен үлгі де бола алады», - деді К. Маркс (К. Маркс и Ф. Энгельс. Соч., Т. 12. С. 737). Орыс жазушылары, әсіресе, Абай айрықша назар аударған И. А. Крылов, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов та антикалық дәуірдің көркем мұраларын жоғары бағалаған. Антикалық мәдениет пен әдебиеттің орыс қоғамында жоғары бағалануы мен ықпалы Абай назарынан тыс қалмаған. Сондықтан да антикалық мәдениеттің Гомер, Софокл, Сократ, Платон, Ксенофонт, Аристотель сияқты өкілдері Абай шығармаларынан орын алды. Абай өлендерінде, әсіресе, қарасөздерінде кездесетін эллин мәдениетінің классик. үлгілері ақынның рухани ізденіс үстінде адамзаттың ортақ мұрасына қол артқанын байқатады. Ежелгі гректердің эстетик. мұраттары қазақ ақынының да ізденіс-толғаныстарына үндесе үйлесті. Өзінің Жиырма жетінші сөзінде өнеріне таңырқауға лайықты адамдар деп бәйітші, жыршы Гомерді, трагедия шебері Софоклды, суретші Зевксисті атайды. Грек ойшылдары арасынан Абайдың көбіне-көп назар аударғаны Сократ, Платон, Аристотель. Қайшылықтарды шешу арқылы шындыққа жету диалектикасын ашқан Сократтың философиялық және этикалық идеялары мен ол туралы деректер біздің заманымызға көбіне-көп оның шәкірті Платон, Сократпен 20 жылдай бірге болған тарихшы әрі жазушы Ксенофонт және Аристотель арқылы жетті. Абай бұл ойшылдардың атын атап қана қоймай, Ксенофонттың шығармаларын талдай оқып, соның негізінде «Жиырма жетінші сөзін» (Сократ хакімнің сөзі) жазды. Абайды Сократтың кейбір идеялары ғана қызықтырып қойған жоқ, сонымен бірге оның өміріне, надандықпен алысып өткен өжет бейнесіне, аянышты өліміне де назар аударған. Өзінің Отыз жетінші сөзінде қазақ ақыны грек ойшылының аянышты елімін еске алып, «Сократқа у ішкізген... кім?» - дейді де, оны бағалай білмеген көпшіліктің надандығы, ақылы жоқтығы екендігін ашына атайды. Бүкіл дүние жүзі халықтарының бірсыпырасы өз өмір тарихына, сана-сезімдеріне, мақсат-мұраттарына, қажет-мұқтаждарына, тілек-талаптарына сәйкестендіріп әңгіме еткен ертедегі грек қолбасшысы Александр Македонский туралы ғасырлар бойы жазылған әдеби шығармалар белгілі бір өзіндік дәстүрге ие болғаны белгілі. Халықаралық әдеби кейіпкерге арналған Александр Македонский Шығыста алғашында Ескендір Зұлқарнайын (Қос мүйізді), кейін Ескендір аталып, қыруар шығармаға негіз болды да, өзіндік сипаттары мен ерекшеліктері мол шығыс «Александриясын» жасады. Бүл тақырыпқа қазақ әдебиетінде де фольклорлық және жазба туындылар бар. Абайдың «Ескендір» дастанына әдебиеттану ғылымында байсалды зерттеулер жүргізіліп, дәлелді тұжырымдар айтылған. Алайда, бүл дастанды өзі тақырыптас басқа туындылармен салыстыра, байланыстыра зерттеу, «Александрияға» қазақ ақыны қандай өзіндік үлес, тың түсінік, жаңа шешім қосып, дәстүр байытқанын анықтау - Абай асқан биіктің тағы бір қырын аша түсер еді. Әдетте, осы поэмада кездесетін шығыс классикасына кейбір ұқсастықтар, ондағы кейіпкер мінездемелері және ақынның шығармашылық жолындағы орны мен маңызы баса айтылады да, «Ескендірдің» осы тақырыптың даму тарихына қосқан үлесі, Шығыс әдеби дәстүріне әкелген жаңа лебі, оның «Александрия» әлемінде жоғары баға, тиісті орын алуына әбден тұрарлық мүмкіндіктері солғындау көрсетіліп жүр. Әр халықтың әдебиетіндегі Александр Македонскийдің бейнесін көп зерттеген ғалым Е. Э. Бертельстің Шығыста қалыптасқан дәстүр туралы тұжырымдарына қарағанда «Шығыс халықтарына Александр жорықтарының шын мәні беймәлім болды. Александр грек республикасын талқандап, азаматтарын тәуелділікке душар етті, біршама еркіндіктің орнына өктемдік орнатты, оның. жорықтары Шығыс елдерін ойрандап, мәдениет қазыналарын орасан жойқынға ұшыратты. Мұндай әрекеттер Шығыс әміршісіне дағдылы нәрсе болатын. Сондықтан да, нағыз Александр тез ұмытылып, аңыздар мен әңгімелер-ертек тұманында ғайып болды. Александрды өнегелі басқарушы етіп суреттеу дәстүрі қалыптасты. Ол туралы нақты деректердің жоқтығы кейіпкердің бойына автор қандай қасиеттерді қаласа, соны ұялатты. Мұның өзі басқарушыға үйрету, ақыл айту - «зерцало» тақырыбы ерекше бір шығармалар тобының тууына әкеп соқты да, «Александрия» желісіне, түйініне өз кезіндегі ғылым салаларының бәрінен әр түрлі деректерді енгізу әрекетіне әкелді. «Александрия» әлеум. жағдайына лайық басқарушы адам меңгеруге тиіс білімдерді қызықты түрде хабарлайтын өзіндік бір энциклопедияға айналды. Сөйтіп, Александр туралы шығыстың шығармалары біз үшін аса зор маңыз алады. Бүл тек көркем шығармалар ғана емес, сол шығармалар туған дәуірдің саяси даналығының жиынтығы» (Бертельс Е. Э. Роман об Александре и его главные версии на Востоке. М.-Л., 1948, с. 4.). Бұл дәстүр, негізінде, Фирдоусидің аса ірі поэмасы «Шахнаманың» Ескендір бөлімінде, Низамидің «Ескендірнаме», Хосроудың «Ескендір шапағаты» мен Жәмидің «Ескендір даналығының кітабы» және Науаидың дидактик.-филос. дастаны «Ескендір қорғаны» шығармаларында дамыған, оларда Ескендір қастерлене, көтермелене жырланғаны, ал бүл шығыс классиктерін Абайдың жақсы білгені белгілі. Шығыс ақындары дәстүрлі жыр еткен тақырыпқа Абай да шығарма жазуы, сюжет құрамында Низамидің «Ескендірнаме» дастанының бірер көріністеріне аз да болса ұқсас баяндау келтіруі, шығарманың дидактик., адамгершілік, гуманистік ойлармен аяқталуы - Абай «Ескендірінің» шығыс классикасымен байланысы, міне, осы белгілер төңірегінде болып келеді, ал поэманың тақырып шешілімі, мазмұны, кейіпкер суреттеулері мен одан шығатын қорытындылары шығыс шығармаларынан әлдеқайда өзгеше. Ең алдымен көзге түсетін өзгешелік - ол қазақ ақыны Ескендірді тарихқа, шын өмірі мен әрекеттеріне жақындата суреттеуі. Тарихта болған адамның көркемдік бейнесін суреттеуде тарихи шындық негізін сақтау деген талапты Шығыс «Александриясы» көп сақтай бермейтінін Бетель жоғарыда келтірілген сөздеріңде анық айтқан. Ал, Абай өз дастанына оның шын бейнесін елестететін деректерді негіз етеді. Ескендір туралы тек шығыс елдері шығармаларымен шектеліп қалмай, ақын өзіндік зерттеу, ізденулер жүргізген. Сондықтан да бұл дастанда ақын мурасына тән өз халқының, шығыс және орыс, сол арқылы Батыс Еуропа мәдениеттерінің табиғи ұштасу белгілері айқын көрінеді. Батыс классиктері Шиллер, Гете, Байрон, А. Мицкевичтің кейбір өлеңдерін Абай Құнанбаевтың алғаш рет қазақ тіліне аударуы халқымыздың рухани тарихында маңызды құбылыс болды. Жарқылдаған романтикаға толы, игілік пен сұлулықты, сүйіспеншілік пен сенімді паш ететін Шиллердің ғажайып жарқын поэзиясы абзал адамгершілікті, шындықты, әділет идеяларын аңсаған барлық адамдар сияқты Абайды да қатты қызықтырған. Шиллер шығармаларымен Абай орыс ақындарының, көбіне-көп Лермонтов аудармалары арқылы танысты. Шиллердің Лермонтов аударған «Бесіктегі бөбек» деген шағын өлеңін мазмұны мен жол сатылығын сақтай отырып, Абай оны қазақшаға еркін аударған да, соңғы екі жолда есейген шақта өмірі тиышсыздыққа, ізденістерге душар болатыны туралы айтады. Сөйтіп, Шиллер өлеңіндегі бақытты балалық шақты қызықтау мен есейгенде адамның өмірден тілейтін талабы көбейетіні туралы ойды қазақ ақыны сәл өзгерткен:«Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға, Алла асыраған пендесі аш бола ма? Ержеткен соң, сыймайсың кең дүниеге, Тыныштық пен зар боларсың баспанаға...» Неміс халқының тағы бір үлкен ақыны әрі ойшылы Иоганн Вольфганг Гете шығармашылығы Россияда 18 ғ-дан бастап-ақ зерттеліп, жоғары бағаға ие болған-ды. Гете өлеңдерін орыс тіліне аударуға В. А. Жуковский, Пушкин айналасының ақындары және Ф. И. Тютчев, Н. П. Огарев, М. Ю. Лермонтов, А. А. Фет т. б. қатысты, Гете қазынасына қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың да қызығуына Лермонтовтың әсері мол болды. Гете шығармаларының орыс тіліңдегі ең тәуір аудармалары, мысалы, Жуковский аударуындағы «Орман патшасы», А. Н. Толстой аударуындағы «Коринф қалыңдығы» қатарынан саналатын Лермонтов аударған «Тау шыңдары» лирик. туындысын Абай қазақшаға еркін тәржімелеген «Горные вершины Спят во тьме ночной. Тихие долины Полны свежей мглой; Не пылит дорога, Не дрожат листы... Подожди немного - Отдохнешь и ты...» деп келетін тамаша пейзаждық көріністі Абай дәлме-дәл дерлік, шебер аударған.

«Қараңғы түнде тау қалғып,


Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал қып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жолдағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы
Сабыр қылсаң азырақ».

Көптеген поэтик. шығармаларына ақынның өзі шығарған әуендер, әндер қатарында Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі де бар, бұл ән қазақ халқының сүйікті әндерінің бірі. Абайдың Гете өлеңіне ән шығаруы - оның сол кездің езінде немістің ұлы гуманист ақынының лирикасындағы тамаша белгілер мен ғажап әуендеріне терең бойлап, жан қозғалысының үндестігін таба алғандығының айғағы. Гете шығармашылығын зерттеушілердің айтуынша Гете өз өмірінде 1600-ге тарта өлең жазған. Солардың көбі халық өлеңдеріне айналған; дүние жүзінің ең тәуір композиторлары олар үшін музыка шығарған. Осы әлемге ән боп тарап кеткен Гете өлеңдерінің бірін Абай да аударып, өзі ән шығарып, қазақ сахарасына жайып жіберген. Абай аудармаларының ішінде ұлы ағылшын ақыны, революцияшыл романтизмнің көрнекті өкілі Джордж Ноэл Гордон Байронның әйгілі «Еврей сазы» топтамасынан «Көңілім менің қараңғы» деген өлеңі бар. Абай бұл өлеңге тегін назарын аудармаған. «Еврей сазынан» Абай ұлттық езушіліктің зардабын тартқан жазықсыз адамдардың қайғы-шерін, азап-азасын естіді. Бүл өлеңнің өзегі болған езілген халыққа деген ықылас - ілтифат, гуманизм идеялары, қиындық кезде сол езілген халықпен бірге ауыр жүк көтерісер сөз бен саздың күші мен құдіретін сүюшілік қазақ ақынына да қатты әсер етпей қалмады. Өз халқының да отарлық әрі ұлттық езушілік зардабын тартқан мүшкіл халіне қанық қазақ ақыны Байронның «Көңілім менің қараңғы» өлеңін аударғанда түпнұсқаның негізгі мазмұны мен бағытын дәл сақтап, қазақ өлең өлшемдеріне, ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, еркін сілтеген. Түпнұсқадағы кейбір сөз, мысалы, «алтын арфа» қазақ оқушылары мен тыңдаушыларына түсінікті «алтын домбыра» деген сезбен ауыстырылған. Алтын домбыраны шертіп тартушы ақын Абай аудармасында өмірінде көп азап шеккен, бірақ, көңілі жарқын үмітке, бойы қайратқа толы, ұмтылыс-серпіліске, батыл қимылға, күреске бейім жан болып бейнеленеді. «Қатып қалған кезімде бір тамшы жас» - адам азабының, сорының ауырлығын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен бірге адам бойындағы сарқылмас күш, мұқалмас жігер, айбарлы ашу айбатының да елесі іспетті. Өзінің көрген азабын езілген халық тек ақынына ғана сеніп айта алған, ақыны ғана оның жоқшысы, өкілі бола білген. Байрон өлеңіндегі бұл өмір шындығы алыстағы сахара елінің өмір жайына да жақын, танысты. Сондықтан да Байронның «Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын» елеңі Абай аудармасында қазақтың ез тел өлеңіндей түсінікті болып, ел арасына кең тарады. Поляк ақыны А. Мицкевичтің жарқын есімі әлем әдебиетінің ұлы классик жазушылары Шиллер, Гете, Байрон, Пушкин есімдерімен қатар турады. Жалынды патриот, демократ, революционер ақын, халықтар ынтымағы мен достығының жаршысы болған Мицкевичтің әдеби мұрасын прогресшіл бүкіл адамзат қадір тұтады. Мицкевич туындыларының гуманистік, халық сүюшілік рухы Абай Құнанбаев арқылы қазақ даласына 19 ғ-да-ақ жеткені мақтанышпен айтарлық. Абай Құнанбаев шығыс ақындарынан бірінші болып Мицкевич өлеңін аударды. Аудармасын «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі» деп жалпы атауына қарағанда, Абай Мицкевичтің бірнеше елеңін аударғанға ұқсайды. Абайдың тел шығармаларының өзі бізге толық жетпегені сияқты, аудармалары да түгел сақталмай, жоғалып кетуі әбден ықтимал. Бізге Мицкевичтен бір ғана аударма елеңі жеткен. Поляк ақынын Абайдың білуі, өлеңін аударуы түсінікті жай. Мицкевич езінің кезі тірісінде-ақ кептің ықылас- ілтипатына, даңққа бөленген ақын. Оның Пушкинмен айырылмас достығы екеуінің де шығармашылық қызметіне із қалдырғаны белгілі. Пушкин поляк досына арнап «Ол біздің арамызда...», «Фонтандар салқын самалында...» атты өлеңдерін жазып, бірнеше шығармасында оның атын құрметпен атайды. Ұлы орыс ақыны Мицкевичтің әйгілі «Конрад Валленрод» романтик. дастанын, «Ұлы Будрыс» және «Барлаушы» балладаларын орыс тіліне аударған. Сөйтіп, Пушкиннің өмірі мен шығармаларына Мицкевич қалдырған белгілер - қазақ ақынын да бейжай қалдырмайды. Оның үстіне дәл осы кезде Минаев аударған, Н. П. Полевой редакциялаған Мицкевич шығармаларының екі кітабы 1882 ж. С.-Петербургте басылып шықты. Мицкевич елеңін қазақ тіліне аударғанда Абай Құнанбаев осы басылымды пайдалануы әбден мүмкін. Мицкевичтен Абай аударған екінші өлең - «С. Б. альбомына». Бүл елеңнің кімге арналғаны әлі толық анықталмаған. Мазмұнына қарағанда бүл өлеңді ақын декабристер және 1830 жылғы поляк қозғалыстарынан кейін Еуропа реакциясы етек алған ауыр жылдарда жазған. Ақынның көңілсіз, минорлық көңіл-күйі, жарқын келешектен үміт еткен кездерін еске түсіріп қамыққан жайы, «ызыңдаған боран-бұрқасын» жағдайындағы қапаланған хәлі айқын сезіледі. Мазасыз боранды реакция бейнесі деуге болады. Түпнұсқаның жалпы мазмұнын сақтай отырып, бүл өлеңді қазақ тіліне еркін аударған да, өз тарапынан «дүрілдеген нажағай», «бұрқыраған жауын», «бағы қайтқан қауым» сияқты сездер қосып, өлеңге едәуір қоғамдық-саяси рең берген. Мицкевич елеңіндегі соңғы шумақ Абайда жоқ. Абай аудармаған ба, әлде аударса да бізге жетпей жоғалып кеткен бе - ол арасы белгісіз. Абай аударған осы тамаша лирик. елең екі ақынның көңіл-күй әлемінде бір-біріне жақын үндестіктер, орайлас ойлар болғанын да аңғартады. Ағылшын басқыншылығы мен жүз жылдық азаттық күрес кездерінде ерекше ерлігімен көзге түскен француз халқының батыр қызы Жанна дАрктың есімін қазақ ақынының құрметпен еске алуы да оның өзге елдер тарихымен мықтап шұғылданғанының айғағы. Отыз жетінші сөзінде А. Құнанбаев көпшілік үшін қандай қиындықтан болса да бас тартпаған ержүрек жандардың қатарында Жанна д.Аркты атап: «Оны отқа жаққан кім?» - дейді де, тобыр топастығы, надандық екендігін ашық әшкерелейді.

Қазақтарды Батыс Еуропа әдебиеттерінің кейбір үлгілерімен таныстыруда, ол шығармалардың ел арасына ауызша әңгіме түрінде таралуына Абай үлкен қызмет атқарды. Әуезов көрсеткендей Абайдың ауызша айтуы бойынша халық арасында ертекке айналып кеткен А. Р. Лесаждың «Ақсақ француз», Александр Дюманың «Үш ноян», «Он жыл еткен соң», «Патша әйел Марго» романдары соның куәсі. «Қызыл сақал» деген атпен ертек түрінде айтылған инквизиция заманының романы, Африка, Америка, Австралия тұрғындары жайынан әңгімелер, «Валентин Леви», «Аза жүрек», «Ягуар Медуленец» т. б. әңгімелері сол Абай әңгімелеген қалыпта қағазға түсірілмей қалған. Сөйтіп, халықтардың рухани, мәдени қазыналары алмасу арқылы бірін-бірі тану-білу тарихында қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Дүние жүзі мәдениеті тарихында маңызы зор болған көне заман деректеріне қазақ ақынының назар аударуы, сол тақырыпта шығарма жазуы, Батыс Еуропа классиктерінің кейбір өлеңдерін қазақ тіліне аударуы, біраз әдеби туындыларды ауызша елге таратуы - қазақ әдебиетіндегі тағы бір соны да игі, маңызы зор тың бастама болды. Бұл жаңалық қазақтың ұлттық әдебиетінің тар шеңберден шығып, бүкіл адамзаттың көркемдік даму құбылыстарымен байланыста дамуына жол ашты. Абай сол жолда ез халқының ғасырлар бойғы рухани мәдениеті мен әлем әдебиетінің алтын қорын жалғастырушы көпір қызметін атқарған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет