Қазақ әдебиетін мектепте оқыту әдістемесінде «Тәуесліздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» мәселелерінің терең талдаулар негізінде жүйеленуі маңызды болып табылады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Уалиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Мамандық атауы: - «Филология»
Пәні: Әдебиет
Орындаған : Тынхан Нуржамал Жарылгапкызы
Ғылыми жетекшісі :
Курстық жұмысты қорғаған бағасы:_____________
Кафедра меңгерушісі :
Хаттама № ____ ____ ____________ 20___ ж.
Көкшетау, 2022
Мазмұны
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ТӘЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ : ҰЛТТЫҚ МҰРАТ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ ӘЛЕМІ
1.1 Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің дидактикалық негіздері
1.2 Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тәрбиелік негіздері
1.3 Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне түсінік беру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4
19
26
30
31
32
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазақ әдебиетін мектепте оқыту әдістемесінде «Тәуесліздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» мәселелерінің терең талдаулар негізінде жүйеленуі маңызды болып табылады.
Тәуелсіздік – ғасырлар бойы аңсап келген ата-бабамыздың мұң-шері болып қазақ әдебиетінде таңбаланып қалса, ендігі кезекте сол арман болған уақытты ақын-жазушылар мақтанышпен жырлап жатса, ол мазмұн жас ұрпақтың рухани дүниесінде дер кезінде өз орнын алуы керек.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Сонымен біз тәуелсіз мемлекет құрдық. Өз тарихымызда тұңғыш рет осындай қалыпта, осындай аумақта құрдық. Біздің уақытымыздың бұлжымас фактісі, міне, осы!» [1], – деген сөздері ғалам кеңістігінде уақыт бейнесінде таңбаланып қалған тарихи сөздер. Осылай паш етілген Тәуелсіздіктің бейнесі қазақ әдебиетінде суреттеліп, ол құндылық дүние өз кезегінде әрбір қазақтың, оның ішінде жас ұрпақтың рухани қазынасына айналуы – тек ақын-жазушылар мен драматургтердің ғана міндеті емес, көп ретте, әдебиетті жастарға оқытатын мұғалімдер мен оқытуды ұйымдастыратындарға байланысты.
Қазақ әдебиетінің қазіргі дамыған болмысында тарихи тақырыптар да, қазіргі уақытта өзекті болып отырған тақырыптар да, дүние жүзіне тереземізді тең еткен Елбасымыз Н.Назарбаевтың тұлғасы да, Ата Заңымыз, қазақ деген ұлттың «мәдени формуласына» айналған Мемлекеттік рәміздеріміз, Астана, Бәйтерек бейнелері де жақсы дәрежеде өз орнын алып келеді.
Отаншылдық сезім, атамекенді қастерлеу – қазақтың тарихты сүю (историясофизм) ерекшелігінен туындайтын қасиет. Тарихты сүю (историясофизм) – белгілі бір дүниетанымдық негіздегі тарихтың тұтастық тұжырымдамасы [2].
Өз Отанын, туған жерін, елін, барлық қуанышы мен қасіретін таңбалайтын тарихшылар мен әдебиеттегі ақын-жазушы, драматургтердің ерен еңбектері назар аударуға лайық.
Қазақ әдебиетіндегі еркін, тәуелсіз елде өмір сүріп отырған азаматтың, адамның бейнесі суреттелуін қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде сол еркіндікті танытатын әдістермен оқыту жүйесін анықтау керек.
Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келіп жатқан көркем әдеби туындылар қазіргі заман келбетін бейнелеп, замандастарымыздың жасампаздық ерлігін паш етуде деп бағалаймыз. Әдебиеттанушы ғалымдардың қазақ әдебиетінің жаңа кезеңін «сан салалы, көп мағыналы, күрделі өмір кешкен қазақ әдебиетінің жаңа кезеңі, енді таптық әдебиет пішімін өзгертіп, ұлттық әдебиет жалауын көтеріп, соны өріске бет түзеген» жаңа кезеңді «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті» деп атаудың да болашақта «Қазақстанның жаңа дәуір әдебиеті» деп аталуы мүмкін деп сенеміз[5].
Мектеп оқушыларына қазақ әдебиетінің қазіргі кезеңдегі қазынасын меңгерту үшін қолда бар әдістемелік құралдарды және жаңашыл бағыттағы инновациялық технологияларды танып-талдап, мектептегі білім мазмұнына енгізу жолдарын айқындау керек.
«Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» атты әдістемелік құралы – болашақта үлкен монографиялық зерттеулерге ұласатын күрделі тақырып. Бұл тақырыптың сан қырлы мәселелері әдебиетті оқыту әдістемесі саласындағы әдіскер-ғалымдардың, мұғалімдердің, болашақ жас ғалымдардың етене араласуымен шешілетіні белгілі. Сондықтан тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің болашағы да үлкен деп санаймыз.