Сабақ: Қазақ тілі Тақырыбы: «Менің мектебім» Мектеп: «Озерная ом»



бет1/2
Дата20.06.2018
өлшемі165,25 Kb.
#43969
түріСабақ
  1   2
Орыс тілінде оқытатын мектептегі қазақ тілі сабағын жоспарлау - № 5-Қ.Қ.Есқұлова

САБАҚ: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Менің мектебім»

Мектеп: «Озерная ОМ» КММ

Күні: 17.03.2016

Мұғалімнің аты: Қ.Қ.Есқұлова

СЫНЫП: 3-сынып


Қатысқан оқушылар

саны: 11

Қатыспаған

оқушылар саны:0

Оқу

мақсаттары

Мәтіннің мазмұны бойынша мазмұндау (айтылым)

Тыңдалған материалдар бойынша қысқа жазбалар жазу (жазылым)



Сабақ мақсаттары

- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады

-тыңдалған материал бойынша шағын мәтін жазады

-«Менің мектебім» атты эссе жазады

Тілдік мақсат

-сұрақ қоя алады

-сұрақтарға жауап бере алады

-шағын әңгіме құрастырып жазады


Жаңа сөздер мен сөз тіркестері: мынау, мектеп, үлкен, кішкентай, сынып, кітапхана, асхана, спортзал, сенің мектебің, мектеп үлкен, бірінші қабатта, мектеп асханасы

Алдыңғы оқу

Өзінің мектебі туралы әңгімелей алады.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жаттығулар

Ресурстар

Басы:

5 минут



«Екі шындық, бір өтірік» психологиялық тренингі

-топқа бөлу «Геометриялық фигуралар» арқылы




Үш түсті геометриалық фигуралар


3 минут
Ортасы: (27 мин)

4 минут


с\с «Аяқпенен топ-топ-топ», 2 минут

5 минут

3 минут

8 минут


4 минут
3 минут

5 минут

3 минут


«Ой ашар» («Мозговой штурм») негізгі интерактивті оқыту тәсілінің бір түрі

1. Сенің мектебің қай көшеде орналасқан?

2. Мектеп неше қабатты?

3. Мектепте қандай кабинеттер бар? (жеке жұмыс)


1-тапсырма «Топтастыру» стратегиясы арқылы Мектеп қандай? сұрағына жауап беру (топтық жұм.)



2-тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс: мынау, мек-теп, үлкен, кішкентай, сынып, кітапхана, асхана, спортзал.

Сөз тіркестерін құрастыру: сенің мектебің, мектеп үлкен, бірінші қабатта, мектеп асханасы, кітапхана жарық,

Сөйлем құрастырады: Менің мектебім кең. Мектеп үш қабатты. Оқу кабинеттері екінші, үшінші қабатта оналасқан. (жұптық жұмыс)

Қ\б: «Құрастыр, сосын жауап бер» (оүб құралы, б-б бағалайды)
3-тапсырма. «Менің мектебім» атты эссе жаз

Менің атым Дария. Мен үшінші сыныпта оқимын. Ме-нің мектебім өте үлкен. Мектеп жаңа, әдемі, жылы. Мектептің бірінші қабатында акт залы, асхана, спорт залы, кітапхана және шағын орталық орналас-қан. Екінші қабатта оқу сыныптары бар. Менің сы-нып жетекшім Ардақ Қаиркелдиновна. Ол бізге сабақ-ты қызықты береді. Сабақта біз оқимыз, жазамыз, ребустарды шешеміз.  Маған қазақ тілі сабағы өте ұнайды. Мұғалім бізбен қазақша сөйлеседі. Өлеңдерді жаттаймыз. Жиі қазақ ойын ойнаймыз. Мектепте көптеген мерекелер өтеді. Біз би билейміз, ән сала-мыз. Мен өз мектебімді жақсы көремін. 

Қ\б: «Құрдастық» бағалау (б-б оқып, бағалайды)


Ойлау деңгейлері

Бағалау критерийлері

Жинақтау (синтез)

Сұрақтарға жауап береді, шағын әңгіме құрастырады

Эссе жазады



4.Тапсырма: «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді (жеке жұмыс)


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Сұрақтарға жауап береді.

Шағын әңгіме құрастырады.

Эссе жазады


Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тыңдалған мәтін бойынша қысқа жазылым жазады

Өз мектебі туралы айта алады


«Көрсет және әңгімеле» әдісі бойынша кері байланыс жасау (постерға түсіріп өз мектебің туралы әңгімеле, оқушылара дайын сурет беру керек) топтық жұмыс

Үй жұмысы: жаңа сөздерді жаттау, мәтінді мазмұндау

Рефлексия: «Бір минут» әдісі арқылы (айтылған сөздерді қатесіз, рет-ретімен жазып шығады)

Бағалау: «Баспалдақ әдісі» арқылы



Циклограмма (3дана)



Қосымша ақпарат

Саралау

ІІІ д -оқушыларына мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ-жауап құрастыруға нұсқау беру.

ІІ д - тыңдалған материал бойынша шағын мәтін жазуға қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушыларға:

І д - «Менің мекте-бім» атты эссе жазуға бағыт-бағдар береміз

Бағалау «Баспалдақ» әдісі арқылы оқушылар өздерін бағалайды

(түсіндімең жоғарғы сатысына күннің суретін жапсыру,

толық түсінбедім – баспалдақтың ортасына гүлдің суретін жапсыру, түсінбедім – ең төменгі сатысына сұрақ суретін жапсыру





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет