Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу! ІІ. Білімді өзектендіру



бет1/49
Дата09.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#131183
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Болатқызы А - 6.Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындау


Технологиялық карта № 6
Тақырыбы: Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу!
ІІ. Білімді өзектендіру
«Мектепке психологиялық дайындық» деп балалардың құрдастары ұжымында мектептік оқу бағдарламаларын меңгеру үшін психикалық дамудың қажетті және жеткілікті деңгейі түсіндіріледі.
III. Жаңа білімді хабарлау
Жоспары:
1. Баланың психологиялық дамуының теориялық негіздер
2. Бала дамуына әсер ететін психикалық жағдайлар
3. Бала дамуында психологиялық жаттығулардың алатын орны


1. Баланың психологиялық дамуының теориялық негіздер
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық жағынан дайындау, бұл қазіргі таңда психология - педагогика ғылымдарындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Психологиялық сөздікте "мектепке психологиялық даярлық" ұғымын былай анықтайды: баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін қажетті психикалық сапалар кешені.
А. В. Запорожец, мектепке баланың дайындығын былай сипаттаған «баланың жеке ерекшеліктерінің бір тұтас жүйе ретінде қалыптасуын көздеген. Оның мотивациялық ерекшеліктері, таным қабілеттерінің даму деңгейі, ерік - жігер механизмінің қалыптасу деңгейінің өзара байланысы»
Яғни, баланы жан - жақты психологиялық тұрғыдан дайындау болып табылады. Баланы балабақшада ғана дайындап қоймай, ата - аналарында кіріктірген жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау ауқымды мәселе. Көптеген жұмысты талап етеді. Балабақшамен мектеп арасында өзара байланысты орнату. Көптеген ата - аналар баланың мектепке бару үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды. Әрине бұлда маңызды фактор. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды. Бұл кезең балалар үшін өте ауыр. Яғни балабақшадан мектепке бару. Әрине, балабақшада да өзіндік әдіс - тәсілдерін қолданады, сабақтар өтіліп, психолог - педагогта балалармен жұмыс жүргізіп мектепке дайындайды. Алайда баланың жан - жақты дамуына мектепке бейімделуіне ата - аналар көп әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет