Әлеуметтік-психологиялық дайындық. Дайындықтың бұл компаненті балада басқа балалармен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алатын сапаларды қалыптастыруды көздейді. Бала топ болып бірге жасап жатқан жұмыс үстінен түседі. Осы кезде балада өзін ортаға бейімдеу қабілеті өте қажет болады. Ол үшін балармен араласып кетуге, олармен бірге әрекет етуге, олардың қызығушылығына ортақтасуына, оқу процесіндегі түрлі жағдайларға икемделуіне ықпал ету керек.