Сабақ барысында қозғалыс кезінде кететін күш қуат физика пәнімен, дұрыс тыныс алу және қалыпқа келу биология пәнімен байланысты



Дата10.12.2021
өлшемі272,9 Kb.
#78747
түріСабақ
Байланысты:
Маменова Аружан реферат



Қарағанды Білім және ғылым министрлігі

Ж. К. Бөкенов атындағы Қарағанды Банк колледжі



Тапсырма

Тақырыбы: Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы

Орындаған: Ф-31 тобының студенті Маменова Аружан

Тексерген: Дене-шынықтыру пәнінің мұғалімі Ерканат Болатович

Қарағанды 2020

Негізгі сөздер мен фразалар:
Бұның ішінде :


  • Старт, қадамдау жүгіру, тоқтау

  • секіру,жерге тусу

  • лақтыру,астынан ,үстінен

  • сызықты баспау

  • жалауша

Құндылықтар

Жеңіл атлетика сабағы барысында бір-біріне деген құрмет көрсетуі және ынтымақтастық артады.

Пәнаралық байланыс

Сабақ барысында қозғалыс кезінде кететін күш - қуат физика пәнімен, дұрыс тыныс алу және қалыпқа келу биология пәнімен байланысты.

Алдыңғы білім

4 сынып – Жеңіл атлетика.

Жоспар


Жоспарланған уақыт
Дереккөздер

0-5минут


6-13 минут

Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу.Сергіту. “Шаттық шеңбері” оқушыларға жылы сөздер жазылған смайликтер таратып беру. (Оқушылар шеңберге тұрып, смайликтердегі сөздерді оқып, бір біріне жақсы көңіл сыйлайды).

Жалпы жетілдіру жаттығулары:

1. Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.

2.Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру, аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

Техника қауіпсіздігін түсіндіру және қауіпсіздіктің алдын алу шараларын оқушыларға таныстыру.

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы:

- Оқушыларды екіге бөліп спорт алаңын айналдыра жүгірту;

- «Сөреге!», «Дайындалыңдар!», «Жүгір!» командаларын түсіндіру және орындау;

- Кеудені дұрыс ұстап, қолдың дұрыс сілтеу және дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау;

- Қол мен аяқты айқастыра кең адымдап және қысқа адымдап жүгірту;




Төменгі сөреден шығу техникасын үйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп бір жарым табан санап алып, қолды сөре сызығынының үстіне қойып, итеілетін аяқты алдыға қойып, екінші аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, салмақ қолға түсіп тұрады.

Ысқырық, секундамер



«Дайындал» деген бұйрықта аяқтар жартылай жазылып, денені алға қарай ұсындырамыз.



«Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға артқа сермеп, 20 метрге максимальді қарқын алғанша жиі-жиі басып жүгіреді.



Машықтық жұмыс: Қысқа қашықтыққа 60 метірге жүгіруді, уақыт есептей орындау.Мұғалім оқушыларды өзінің төмендегі бағалау парақшасына бағалайды.

Қысқа қашықтыққа жүгіруді бағалау парақшасы




ФИО

Сөреден дұрыс старт алу

Қол-аяқтың дұрыс қимыл жасауы

Мәреге жету уақыты


Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақты теория жүзінде түсіндіріп, практика жүзінде көрсету.

1.Төменгі сөреден шығу техникасын үйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп бір, бір жарым қадам санап алып қолды сөре сызығынының үстіне қойып итеретін аяқты алдығы ұшфна қойып итермейтін аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, бас пен иық бір деңгейде, салмақ қолға түсіп тұрады.

«Дайындал» деген бұйрықта сәл көтеріліп алға қарап тұрады. «Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға артқа сермеп 20 метрге максимальді қарқын алғанша жиі-жиі басып жүгіреді.



 «Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру. «Дайындал» деген бұйрықта көтерілу. «Жүгір» деген бұйрықта аяқ қолды тез тез қимылдатып 20 метрге дейін аяқты жиі жиі басып максимальді қарқын алғанша сөйтіп жүгіріп, қалғанын барынша қарқынмен жүгіріп келіп мәре сызығын кесіп өту қажет. 100 метрге жүгірту.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет