Сабақ - мектептегі оқу- тәрбие жұмысының негізгі формасы,өйткені мұғалім - сабақта оқушыларға білім береді,оларды тәрбиелейді және жан жақты дамытады.Сондықтан шеберлікпен ұйымдастырылған сабақ көп табыстарға жеткізеді.
Шет тілі сабағын ұйымдастыруда және өткізуде мынадай негізгі ерекшеліктерді ескердім:
1.«Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте!»,- демекші шет тілін оқыту мен оқудағы негізгі мақсат шет тілін іс жүзінде меңгеріп,оны тіларалық қатынас ретінде пайдалану.Сондықтан әрбір сабақтың мақсаты шет тілін оқытудағы негізгі мақсатқа сай бағытталуы керек;
2.Жоғарғыдағы мақсатты білім беру және тәрбиелеу арқылы дамыту мақсаттарымен бірге жүзеге асыру керек.
Осы бағытта шет тілі сабағына қойған талаптарым мынадай:
Сабақ басталарда оқушылар сабақта жұмыс істеу тәртібін сақтау керек.
Оқушылардың сабаққа даярлығы,парта үстінде тек қана қажетті құралдардың болуымен қатар, үй жұмысына да дайын болуына байланысты.Жаңа оқу жылынан бастапоқушылармен жақсы тіл табысып және оқушылардың сабақ үлгеріміналғашқы сабақтарымды жеңілдетілген,қайталау сабақтары ретінде өткізіп бақыладым.1,2 апта бақылаған соң және мектептегі шет тілінің өтілуінде ескере отырып оқушыларға ең алдымен амандасу,қал- жағдай сұрау,үй жұмысын сұрау оған қажетінше жауап беру және т.б. күнделікті сабақта қолданылатын сөздермен таныстырып,ол сөздерді жаттаттырып ,сабақ үстінде қолданысқа енгізуді тапсырдым;
Оқушылардың шет тіліне қызығушылығын арттыру мақсатында 5,6,7 сыныптарға фонетикалық жаттығуларды орындатып,шағын өлең шумақтарын,тақпақтарды жаттатқызып,қайталап айтқызып8,9,10,11сыныптарға ағылшын тілінде мақал-мәтелдерді жаздырып,мағынасын ашқызып,қазақша баламасын айта отырып қысқаша мәлімет беріп отырамын;
Оқушыларға сабақ мақсатын айқын ашып көрсету.
CТО жүйесінің ой-қозғау жүйесі негізіндеәр оқушының пікірін тыңдап, жаңа тақырыптың мағынасын ашып, жаңа сөздермен таныстырып,ол жайында шағын түсінік беремін,
Жаңа сабақ өткізер алдында өткен сабақты қайталау.
Үй тапсырмасын тексеру барысында үй тапсырмасы жоқ немесе толық емес орындаған оқушылардан жаңа сөздер, грамматикалық ережелерді,өткен сабаққа қатысты мәліметтерді сұраймын.(бағасын толықтыру үшін);
Қажетті кезеңдерде тақтаны дұрыс пайдалана білу.
Бұл жағдайда жаттығу жұмыстарын оқушы санына қарай тақтаға орындап,қалған оқушылар орнында отырып орындайды.Тапсырманы тақтаға шыққан оқушылардан бұрын орындаған 2 не 3 оқушының жұмысын тексеремін;
Лексикалық,грамматикалық жаңа материалдарды түсіндіру,соңынан пысықтауға арналған жаттығулар орындау.
Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң диалог,шағын мәтін,сөзжұмбақ және мақал-мәтелдердің мағынасын ашу, яғни ағылшын тіліндегі мақалдардың қазақша баламасын табу сияқты жұмыстар жүргіземін.Грамматикалық ережелер келген жағдайда мүмкіндігінше жеңіл түсіну үшін бірнеше мысалдар келтіремін;
Жаттығуларды біртіндеп қиындата түсуді ескеру.
Жаттығу жұмысын орындау кезінде оқушыларға тапсырма бірден қиынға түспес үшін,алдымен ауызша сонсоң жазбаша жеңілдеу тапсырмалардан бастап,бара-бара қиын тапсырмаларды орындатамын;
Оқушыларға орындалатын жаттығулардың алдын-ала орындау шарты мен мақсатын түсіндіру.
Оқушыларға тапсырма шартын оқып,түсіндіріп барып ауызша болмаса жазбаша түрде орындатамын тапсырманы орындап болған соң қатесі болса тексеруге басқа оқушыны шығарамын;
Жаттығуды орындаған кезде оқушылардың белсенділігін арттыра алатын жұмыс тәсілдерін пайдаланужеке және жұптық жұмыс жүргізіп,жарыс ұйымдастырып,бұл істе хорды,әнді, ойындарды пайдаланып,көрнекті құралдарды қолданамын;
Үй жұмысы.Қоңырау соғылмастан бұрын үйге тапсырма беріп,оның шарттарымен таныстырып,күнделікке жаздырамын;
Қорытынды.Сабақ соңында қорытынды жасап,оқушыларды бағалаймын;
Тіл материалы бойынша жүргізілетін жұмыс барысында мынадай жүйені ескердім:
І.Лексикалық жұмыс:
Көрнекі құралдарды және т.б. тәсілдерді пайдаланып сөздердің мағынасын ашамын;
Жаңа сөздердің мағынасын оқушылардың дұрыс түсінгенін тексеремін;
Жаңа сөздердің айтылуын,жазылуын жеке,топ болып оқытып , қазақша не ағылшыншақайталап айтқызамын;
Сөздерді тақтаға жазып оның грамматикалық,орфографиялық ерекшеліктерін таныстырамын.Мысалы «Һ» әрібі бірде оқылмайды-what,бірде оқылады-who ;
Пысықтауға арналған жаттығулар жұмысын орындатамын;
ІІ.Грамматикалық жұмыс:
а) Жаңа грамматикалық материалмен таныстырамын;
Берілген ереженің жасалу жолдарын,қолдану орнын өзгеру жолдарын кесте немесе жазбаша түрінде жазып мысалдар арқылы түсіндіремін.Содан кейін оқушылардың түсінгенін тексеру үшін мысалдар айтқызамын;
ә) Грамматикалық жаттығулар орындау;
ІІІ.Фонетикалық жұмыс:
тиімділігіне қарай төмендегідей жұмыс тәсілдерінің біреуін таңдап алып,сол бойынша жұмыс жасау;
мұғалімге еліктеу яғни жаңа тақырыпқа сай келген жаңа сөз, өлең шумақтарын т.б мұғалімнен соң қайталау. Мысалы:
One,One, one
Little dog run
Two ,two, two
Сat 's see you
айтылу ережесін түсіндірілгеннен кейін әріптерді қайталату :
А,В,С.....;
пысықтау жаттығуларын орындатамын(жаңа дыбыстармен сөздерді қайталау үлгі сөйлемдерді айту, оқу ережелерін ескере отырып жаттығулар орындау);
Сөз әрекеті түрлерінің жұмысын мынадай ретте жүргізуді ескердім:
1.Тыңдап түсіну
Тыңдалатын мәселедегі түсінуі қиын кедергілерді жою;
Мәтіннің мазмұнын жалпылама түсінуге нұсқау беру;
Мәтінді тыңдау;
Мәтінді түсінгендігін тексеру.Арнайы сұрақ-жауап ретінде де түсінгенін білуге болады;
2. Монологқа үйрету жолдары
Мәтін мазмұнын түсінуге қиындық келтіретін сөздерді,грамматикалық мағынасы күрделі сөз тіркестерін мәтінді оқыту алдында түсіндіріп, оқытып қайталатамын. Сонда ол сөз не сөз тіркесінің мәтіндегі алар орны оқушыларға жалпылама түсінуге септігі тиеді;
Мәтінді өз бетінше іштей оқытамын және оған белгілі бір минутқа дейін оқып шығуға шектеу қоямын.Сол арада қиын сөз не сөз тіркестерін қайталап оқып беремін;
Мәтінді алғаш оқығанда жалпылама мағынасын ашу;
Мәтінді қайталап оқыту барысында,толықтай түсінуге мүмкіндік жасаймын яғни сөздік не т.б. қосымша материалдар пайдалануға рұқсат беремін;
Мәтіннің қысқаша мағынасын сұраймын;
Мәтінге байланысты әр оқушының пікірін тыңдаймын,мұндағы мақсат әрбір оқушының шет тіліне қызығушылығын бақылап,сөйлеуге,жазуға,оқуға ,сөйлеуге дағдыландыру.Мұнда
Оқыту перекшелігін
Оқыту п принципін
Дара ерекшелік
Ғылыми
Қарапайым
Жас ерекшелік
3.Диалогқа үйрететін жұмыстар:
диалогты түрде сөйлеуге қажет лексикалық,грамматикалық материалдарды қайталау. 2 не оданда көп оқушыларды қатыстырамын;
диалог құруға жағдай жасаймын (сурет,жаңа сөздер,көрнекіліктер арқылы);
рольдерді бөліп беремін;
диалогты түрде сөйлеу барысын тексеру,оқушыларға қызықты болу үшін әр ситуациада құрылған диалогтық сөйлемдерді образға кіріп ойнауды ескертемін;
диалог құрғанда өткен тақырыптар,оқыған,тыңдаған мәтіндер,қосымша аутентті диалогтар,суреттер,жағдаяттар кең түрде қолданылуын қадағалаймын;
4.Оқуға және оқу техникасына үйретуге арналған жұмыс кезеңдерім:
a)Оқуға арналған жұмыстардың реті:
оқуға қиындық туғызатын сөздерді аударып,түсіндіремін;
мәтіннің мазмұнын түсінуге мүмкіндік жасаймын;
сұрақтар қою арқылы мәтінді түсінгенін тексеремін;
ә)Оқу техникасына жаттықтыру:
қиын сөздерді қайталап оқытып,мағынасын түсіндірем;
мәтіндегі интонацияға мән беріп,дауыстап оқытамын;
оқу барысында қателерді жөндеп,оқу ережелерін еске түсірем;
мәтінді оқуға шектеу қоямын.
Достарыңызбен бөлісу: |