Мінездеме
Атығаева Бахытгуль 15 тамыз 1989 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.Білімі жоғары, жоғары санатты мұғалім. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 2015-2016 оқу жылында «Тіл достық пен келісімнің тірегі» атты тілдер апталығында «Жасай бер ана тілім-қазақ тілі» тақырыбында сыныптан тыс шарасы , «М.Мағауин. Бір атаның балалары» тақырыбындағы ашық сабағы «өте жақсы» деп бағаланды. «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда.
Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол үш баланың анасы, аяулы жар.
Атығаева Бахытгуль заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.
Мектеп директоры: Ғ.Байзахов
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Суранчиева Улжан Алтынбековнаға