Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда



бет9/11
Дата25.01.2022
өлшемі19,68 Kb.
#114529
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
мінездеме Бақытқан

Мінездеме


Бурбекова Роза Ермановна еңбек жолын 1984 жылы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде тәлімгер болып бастаған. 1996 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді. 2008 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халық-аралық қазақ-түрік университетін аяқтаған.Білімі жоғары, бірінші санатты мұғалім. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің ретінде мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. 2008 жылдан директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсауда. «Сын тұрғысынан ойлау әдістері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда. 2016 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында «Тәжірибедегі рефлексия» мектеп тренерлерін оқыту курсын оқыған. ПҚМК тақырыбында І деңгей курсынан өтіп сертификатталған.
Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжымда сыйлы, кішіпейіл ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол бес баланың анасы, аяулы жар. 
Бурбекова Розаның білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.





Мектеп директоры: Ғ.Байзахов



Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бейсебаева Фарида Аралбаевнаға





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет