Сабақ Бөлім 1 Өсімдіктердің өсу кезеңі МектепЖ. Мырзағалиев Мерзім 13. 10. 15 Мұғалім: Габдешова Ж



Дата01.04.2017
өлшемі44,99 Kb.
#13288
түріСабақ
Бекітемін : Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Оқу ісінің меңгерушісі : А.Алимова



Сабақ Бөлім 1

Өсімдіктердің өсу кезеңі



МектепЖ.Мырзағалиев

Мерзім 13.10.15

Мұғалім:Габдешова Ж

Сынып 1 А

Қатысқан оқушылар саны 21

Қатыспағандар саны

Осы сабақтың оқу мақсаттары

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар:



1.2.1.4 Өсімдіктердің өсуі кезіндегі сыртқы өзгерістерді сипаттау.

Бақылау

Бақылау арқылы сұрақтарға жауап іздеу.



Ғылыми зерттеуді жоспарлау

Зерттелетін нысандарды ауызша сипаттау



Табыс критерийлері

Барлық оқушылар орындай алады:

Әр топтан (шөпті бұталар ,ағаштар) 5-6 өсімдікті атай алады;

Органдардың құрылысы мен орналасу ерекшелігін икөрсете отрып өсімдікті сипаттай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өсімдіктің әрбір органы атқаратын қызметтерін

санап шығады.

Өсімдікті кесте бойынша сипаттайды



Кейбір оқушылар орындай алады:

Жаңа ақпаратты білу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі

Зерттеу іс –әрекеті барысында талқылай аладыБарлық оқушылар орындай алады:



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Оқушылар:

• Өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылайды және салыстырады (мысалы, жабайы және мәдени өсімдіктер арасындағы

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

… бірдей;

…бойынша ерекшеленеді;

дің, тамыр, бұтақ, жапырақтың түсуі;

ағаш, бұта, шөп;

жабайы өсімдік, мәдени өсімдік;

тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс;

жыл мезгілдері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Талқылауға арналған сұрақтар:

• Өсімдіктің тірі ағза екенін қалай анықтайсыздар?

• Бұталар мен ағаштың қандай ұқсастығы/айырмашылығы бар?

Сіздің ойыңызша, бұл өсімдіктер жабайы ма, әлде мәдени ме?

• Жергілікті 10 өсімдікті атаңыз.

• Өсімдікке не қажет? Олар оны қайдан алады?

Сіздер неге … деп ойлайсыңдар?

• …бұл өсімдік жабайы/мәдени

• …өсімдіктердің тамыры/сабағы/гүлі бар

• …өсімдіктер біз үшін маңызды.

Жазбаша тапсырмалар:

Өзіңіз көрген тірі өсімдіктің суретін салыңыз, белгілеңіз және жазыңыз.

Жазылымға арналған сөз тіркестері:


Бұған дейін меңгерілген білім

Өсімдіктің табиғаттағы ,адам өміріндегі рөлі және олардың өсу үдерістердің ерекшеліктері алгоритм бойынша сипаттау әңгімелерін құрай білуіӨсімдік түрлері туралы білім

Жоспар

Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығулар (төмендегі ескертпелерді өзіңіз жоспарлаған жаттығулармен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

0-5 мин

5 – 7 мин

Ортасы


7-10 мин

10 – 30 мин




(МК) Оқушыларға «Екі минутта өсу және гүлдену» атты бейне ролик көруді ұсыныңыз. Оқушылардан бейне ролик көргеннен пайда болған эмоцияларымен бөлісуін өтініңіз.

Ұ) Өлеңнің көмегімен дұрыс көңіл күй туғызу

Ақ көбелек ұшады

Аппақ гүлге ұқсайды

Көк көбелек ұшады

Көкшіл гүлге ұқсайды

Сары көбелек ұшады

Сары гүлге ұқсайды

Көбелек гүлдің еркесі

Барлық гүлді құшады

Сәлеметсіңдерме балалар

.Сендер де ояныңдар сөйтіп жұмысқа жұмыла кірісіңдер


(Ұ,) Бір сөзбен ата ойыны

Ағаштар ,гүлдер ,шөп-бұлар........

Қайың қарағай ,шаған ,үйеңкі-бұлар.......

Сексеуіл итмұрын ,жұпаргүл,таңқурай-бұлар......

Боз, жусан, бақбақ,бәйшешек –бұлар......

(Ұ) Өзекті мәселелер

Өсімдіктерді қалай ажыратасың?

Өсімдіктің қандай бөліктерін көріп тұрмыз? Олар қандай жұмыс атқарады.

Өсімдіктің қандай бөлігін біз көрмейміз?Олар қандай жұмыс атқарады

Т) Оқушыларға жеміс ағашының мысалында, өсімдік өмірінің әр кезеңін бейнелейтін суреттер көрсетіңіз. Суреттерді ретімен қойып шығуын сұраңыз (тұқым, бүршік, көшет, гүлденген ағаш, жеміс беретін ағаш).


(Ұ) Оқушылардан өсімдік тіршілігі кезінде болатын өзгерістерді тізіп шығуын сұраңыз. Назар аудартыңыз: Барлық өсімдіктер біркелкі өсе ме және барлығында ұқсас өзгерістер орын ала ма?

Өсіміктердің сыртқы түрі әртүрлі болғанымен,олардың барлығының да тамыры, сабағы,жапырағы,жемісі мен дәні болады.



Ойлан!

Өсімдіктер қандай бөліктерден тұрады?

Өсімдікке тамыр не үшін керек деп ойлайсың? Сабақ ше ?

Жапырақ ше?

Гүлдің орнында не пайда болады?

(ОТ, Ұ) Оқушыларға сынып жағдайында бидай не үрмебұршақ тұқымдарын өндіру тәжірибесін ұсыныңыз. Жас өсімдіктермен күн сайын болатын өзгерістерді белгілеп отырыңыз.



Бөлме өсімдіктер



https://www.youtube.com/watch?v=3gYUkILkb0w

https://www.youtube.com/watch?v=x1exzwhlzBA



Соңы

30-35 мин



Қорытындылау.

Сұрақ-жауап.

Суретке және тірі өскінге қарап өсімдіктің қалай дамитынын түсіндір

1.Алдымен не пайда болады?

2 Соңынан не пайда болады?

Есіңе сақта?

Өсімдіктің дамуы тұқым –тамыршасы

бар өскін –жапырақшасы бар өскін-жетілген өсімдік



Көңіл – күй смайликтері

Қосымша ақпарат

Дефференция – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Жабайы және мәдени өсімдікті қалай ажыратасың?




Бағалау – Оқушылардың жетістігі мен тексеруді қалай білімін тексеруді жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалау - Тұқымнан өсімдікке дейінгі аралықты ата?



Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері



Дүниетану ,АКТ




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет