Сабақ дикция дикция тіл тазалығы. Әрбір сөзді таза, анық айту. Диктор тілі таза, сөзі анық адам



Дата08.02.2023
өлшемі18,94 Kb.
#167964
түріСабақ
Байланысты:
7-сабақ


7-сабақ

ДИКЦИЯ

Дикция — тіл тазалығы. Әрбір сөзді таза, анық айту.
Диктор — тілі таза, сөзі анық адам.

Кейде адамдардың дұрыс сөйлеуіне логопедтің немесе тікелей медицинаның көмегі керек болып жатады.


Бірақ анық сөйлемеудің себебі көбіне жаман әдеттен. Және, ең бастысы, одан арылуға деген жалқаулықтан келіп туады, оны тұрақты жаттығулардың көмегімен жоюға болады.


АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ГИМНАСТИКА


  1. ТІЛДІ ҚЫЗДЫРУ

  • Біз бірінші тілді созамыз. Содан кейін тілді ұшынан бастап тамырына дейін баппен тістейміз.



  • Тілдің ұшы төменгі тістерге жабысады. Жақ шамамен екі саусақ бойы ашық тұрады. Енді оңға-солға тілдің дірілін тудырамыз.



  • Тілімізбен түтік жасаймыз. Сәтсіз орындалса қайта істеуге тырысамыз.



  • Тілімізді тісіміздің сыртымен айналдырып оңға және солға жүгіртеміз.



  • Тілімізбен аттың дүбірін саламыз.



  • Тіліміз таңдайымызға жабысады. Тіл ұшы үстінгі тістен сәл шығып тұрады. Жағымызды ашып, қайта жауып бірнеше мәрте қайталмаймыз.



  • Тіліміздің ұшымен үстінгі тісті бірнеше мәрте итереміз.



  • Тілімізді таңдайымызға қатты жабыстырып алып жағымызды ашамыз. Тілдің көрінісі саңырауқұлақ тәріздес болып көріну керек.



  • Тілді жалпайтып үстінгі тісті есікті қаққан тәрізді бірнеше мәрте қағамыз.



  • Тілдің ұшын астыға қарай жіберіп, кілем құсатып бүктеп ауызда тістеп тұрамыз.



  • Тілімізді мазақтаған тәрізді созып шығарамыз. Және жалпайтып ерінмен тістейміз. Қайта созып шығарамыз. Қайта жалпайтып ерінмен тістейміз.





  • Соңғы жаттығу. Қарындашты тістейміз. Енді ерінді тигізбей мақал-мәтелдер айтамыз.



  1. ЕРІНДЕРДІ ЖӘНЕ БЕТ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІН ҚЫЗДЫРУ



  • Еріндерді тістейміз, екі бетті шапалақтаймыз және уқалаймыз.



  • Екі бетімізді бірдей ауаға толтырамыз. Енді кезек-кезек толтырамыз.






  • Үрленген екі беттің сыртынан жұдырықпен әлсіз соққы жасап, іштегі ауаны күшпен сыртқа шығарамыз.




  • Еріндерді алдымен түтік тәріздес қылып домалақтап жинаймыз. Содан кейін екі езуді тартып күлеміз.



  • Еріндермен шошайтып түтік жасап, сағат тілімен оңға және солға бірнеше мәрте айналдырамыз.




  • Еріндеріміздің ішінен тістерімізбен қырамыз.




  1. ЖАҚ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІН ҚЫЗДЫРУ

  • Бір дегенде жақ бұлшықеті босаңсып иек төмен түседі. Екі — иек оңға қарай жылжиды. Үш иек қалпына келеді. Төрт иек солға қарай жылжиды. Төрт иек қалпына келеді. Бес иек алға қарай жылжиды. Алты қалпына келеді. Жеті иек пен жақ бастапқы қалыпты күйге келтіріледі. Бұл жаттығуды баппен және мұқият орындау керек.



  • Ауызды шайнаңдатамыз. Ашық және жабық қалыпта бірнеше мәрте қайталаймыз.




  • Аузымыз жабық күйде. Жұдырығымызды түйіп иегіміздің атына қойып, жақты ашып, жабамыз.



  • Ауызды кең ашып, «ба-ба-ба» деген сөзді бірнеше мәрте қайталаймыз.



  1. ТАҢДАЙДЫ ЖӘНЕ КӨМЕЙДІ БОСАҢСЫТУ

  • Әбден есінейміз.

  • Әдейі жөтелеміз.

  • Тілімізді шығарып әдейі жөтелеміз.

  • Тамағымызды сумен шайған секілді әрекет жасаймыз.

  • Тамағымызды ауыр сұйықтықтармен шаямыз. Айранмен, кисельмен немесе қою жеміс сығындысымен.

  • Суды өте аз мөлшерде бөліп-бөліп жұтамыз. Кемінде 20-30 рет жұтамыз.

  • Мұрнымызды жауып екі бетімізге ауа толтырып үрлейміз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет