Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Сағыз селосы
№9 орта мектеп
Ашық сабақ
Е е дыбысы және әрпі
Күні:24.02.2014 ж
Сыныбы: МАД "г"
Сынып жетекшісі: Алиева Айгерім
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Е е дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Балаларға Е дыбысы мен әрпін таныстыру. Таныс әріптерден
буындарды оқып айтуға, Е дыбысынан келетін сөзге
дыбыстық талдау жасауға және Е е әріпінің баспа түрін дәптерге
жазуға үйрету.
ә)дамытушылық: Балалардың білімге қызығушылығын арттыру,
ойлау қабілеттерін дамыту.
б)тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі:
Әдісі:
Жүрісі:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
Мейрімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
ІІ.Өткен сабақты пысықтау
-Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?(ң)
-Қане дыбыстайық (ң, ң, ң)
-Кім айтады ң дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
-Неліктен? (себебі кедергіге ұшырап айтылып тұр)
-ң дыбысына қатысты сөздер ойлайықшы. (аң,оң, тоң, жаңбыр, жаңғақ т.с.с.)
-өте жақсы
-Ендеше аң сөзін буынға бөлейік (1 буын) ң дыбысы қай жерде естіледі?
(сөз соңында)
-Жаңбыр сөзін буынға бөлейік (2 буын) ң дыбысы нешінші буында естіледі? (1-ші) .
-Жа-ңа сөзін буынға бөлу. (2 буын)
-ң дыбысы нешінші буында естіледі? (2-ші)
-Балалар, біз мысалдар келтіріп жатырмыз.
Сол мысалдардың ішінде ң дыбысынан басталатын сөз бар ма? (жоқ)
ң дыбысы сөздің ортасында, соңында келеді екен, еш уақытта сөз басында
кездеспейді екен.
ІІІ.Жаңа сабақ
Жұмбақ:
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса дағы сақалы
Секеңдеуді қоймайды.
Бұл не екен балалар? (Ешкі)
Ашылып, жабылады.
Әр үйден табылады. (Есік)
Еменде бар,
Қайыңда жоқ.
Есікте бар
Тұтқада жоқ.
Бұл қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? (Е е дыбысы)
-Қане, бәріміз Е е дыбысын хормен дауыстап айтайық.
-Е е дыбысы қалай естіліп тұр?(Әндетіп ,созылып)
-Ендеше ол қандай дыбысқа жатады деп ойлайсыңдар?
-Балалар ендеше бүгінгі танысатын дыбысымыз қандай дыбыс екен? (е)
-Қандай текшемен белгілейміз?
Е дыбысын дауыссыз дыбыстармен қосып айтып, буын құрайық.
ер,ел,ең,ет,ес,еп, ем,еш,ре,ме,не,ше, де,те,т.с.с.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп- теріп алайық,
Қалтамызға салайық
-Балалар қане «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнап, Е дыбысынан келетін сөз ойлап табайық. (балалар бірнеше сөздер айтады)
Тіл ұстарту жаттығуы
Ек-ек-ек Ек-ек-ек
Гүлге қонды көбелек. Жер қазатын күрек.
Суретпен жұмыс
Есік,етік,көбелек,егеу,ешкі,емен,кесе
Сөздерді буынға бөлдіру.
Сөйлем құратып,тақтаға жаздыру.
Әліппе-дәптермен жұмыс
Е е дыбысын жаздыру.
Буындарды оқыту
Сөзжұмбақ шешу
(ет,елу,емен,егеу)
Үлестірмелі материалмен жұмыс
І топ ІІ топ ІІІ топ
(есік,етік,гүл,егеу) (ешкі,үйрек,кесе,доп) (кеме,күрек,кірпі,емен)
Осы суретімен берілген сөздердің ішінен Е е дыбысы жоқ сөзді табу.
IV.Қорытынды бөлім
-Сонымен бүгін қандай әріппен таныстық?
-Е е дыбысы қандай дыбыс болды?
Бағалау:
Сабаққа жақсы қатынасқан балаларды мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |