Сабақ түрі : жаңа білімді меңгеру сабағы Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру Көрнекілігі: сөзжұмбақ



Дата13.02.2017
өлшемі54,35 Kb.
#9171
түріСабақ
Қазақ тілі

Тақырыбы:Атау септік

Мақсаты:

1. Атау септік туралы түсінік беру. Атау септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру.

2. Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға дағдыландыру.

3.Сауаттылыққа, мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: сөзжұмбақ

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі

Сабақ жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық

ІІІ.Жаңа сабақ

ІV.Жаңа материалды меңгергендерін зерттеу.

V.Бекіту- қорыту

VІ.Үйге тапсырма беру.

VІІ.Бағалау



Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау. Ереже сұрау.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Балалар, бүгін біз сендермен қазақ тілі ауылына барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай аталатынын айтып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылгөй дана болыпты. Оны «Септіктердің данасы» деп атапты. Ауылдың адамдары бәрі содан ақыл-кеңес сұрапты.

Бірде ешқандай баласы жоқ кедей, сол данаға перзент сүйгісі келетінін айтады. Сонда қария батасын беріп тұрып, «Үш күннен соң түс көресің, жеті мүшеңе жеті құт берем»-дейді.Сөйтсе, жеті құт дегені 7 ұл екен. Әйелі 7 ұл табады. Енді оларға қандай ат қоямын ,-деп данаға барады. Тұңғышыңның атын Атау деп қой, даңқы жер жарсын, Ілік деп қой, інілерін ілестіріп, қиын кезде тастамасын. Одан кейінгісі "барыстай» ержүрек болсын, Барыс қой. Одан кейінгісін Табыс деп қой, көп білім, оқу іздеп табысты болсын. Одан кейінгісі жатып ішер болмай, еңбек етсін Жатыс қой. Төрт дүниеміз тең болсын, шығысымыз батыс болсын деп Шығыс қой. Соңғысы барлық ағаларына көмекші болсын. Көмектес қой.

«Ойлан тап» кестесінің сырын ашып көрейік.

ІІІ.Жаңа сабақ 230-220=10 А

300-50=250 Т

420-410=10 А

140+120=260 У

190+50=240 С

40*2=80 Е

110*2=220 П

180+70=250 Т

640-260=380 І

70*2=140 К


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Атау септік.

Атау септігі зат есімдерден тұрып, кім? Не? Кімдер? Нелер? Деген сұраққа жауап береді. Атау септігіндегі сөздер сөйлемде бастауыш болады. Бірнеше мысалдар келтіру: орман, тас, оқулық, терезе, қалам, т.с.с.

Бүгінгі күнді жазу.

Сөздік диктант

Әуежай,елтаңба,суретші, кемеңгер, жұлдыз, құндыз, шаңсорғыш, шекара, аппақ, көкпеңбек, театр, мұражай, балмұздақ, керуен, күнтізбе.



13-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Қобыз адам үніне ұқсас дыбыс шығарады. Қоян орман-тоғайлар мен далалы жерлерді мекендейді.Қызғыш жауын құртымен, ұсақ қоңыздармен қоректенеді. Мақтадан тамаша талшық алынады. Сұлы-азықтық дақыл.

Бастауыш қай септікте тұр? Атау септігінде тұр.

14-жаттығу.

Атау септік Сазгер кітап

Ілік септік Сазгердің кітаптың

Барыс септік Сазгерге кітапқа

Табыс септік Сазгерді кітапты

Жатыс септік Сазгерде кітапта

Шығыс септік Сазгерден кітаптан

Көмектес септік Сазгермен кітаппен

Хормен оқу.

15- жаттығу.Сең


Өзен дүр сілкінді,

Көкше мұз жыртылды.

Демде арна кеңейді,

Қозғалды сең енді.

Сансыз мұз аралы

Қағысып барады.

Қайыру бермеген


Атау септіктердегі зат есімді тап. Олар сөйлемде қандай мүше болады? Сөйлемде бастауыш болады.

Сергіту сәті.

Балақан

Кіп-кішкентай балақан,



Алға созды алақан.

Оңға, солға қарайды,

Саусақтарын санайды.

Ей, балақан, балақан,

Неге создың алақан?

Кел, шапалақ ойнайық,

Секіріп, қол соғайық.

Қима қағаздар тарату. Сөйлем құраттыру. Сол сөз атау септігінде тұруы тиіс.


16-жаттығу.

Құс. Қазақстан. Үзеңгі. Орамал.



Құс адамға көп пайда келтіреді. Қазақстан мәңгі гүлденсін. Үзеңгі – ат абзалы. Орамал бізге сүртіну үшін керек.

Жазған сөйлемдеріңде бұл сөздер қай септікте тұр?

ІV.Жаңа материалды меңгергендерін зерттеу.

Кім? сұрағына жауап беретін бес сөз, не? сұрағына жауап беретін бес сөз жаз. Т10, қ10нақ, к3, 5ік, 2елік






Кім?




Не?

1




1




2




2




3




3




4




4




5




5



«Ойлан тап» ойыны

Үш бала шығады. Көздерін орамалмен орап, қалған оқушылар кезектесіп қорапшаның ішіндегі әр түрлі заттарды алып береді.

(бор, түйме, бет, орамал, сақина, конфет, сағат, машина, айна, қайшы, қасық, кілт, қарындаш,қалам)Сұрақ қой.

V.Бекіту- қорыту.

- Атау септігі қандай сұраққа жауап береді?

-Қандай сөйлем мүшесі?

-Қандай сөз табынан жасалады?

-септік жалғаулар не үшін керек?

Мысал келтір.



VІ.Үйге тапсырма беру. 18-жаттығу. 93 бет

VІІ.Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет