Сабақтың тақырыбы: Апама. Анаға сыйлаймыз. Кім? не? Сұрағына жауап беретін сөздер Сабақтың мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі340,12 Kb.
#7193
түріСабақ


Пәні: ана тілі

Сыныбы: 1 «Е» Мерзімі: 07.03.2016ж

Сабақтың тақырыбы:

Апама. Анаға сыйлаймыз. Кім? не? Сұрағына жауап беретін сөздер
Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушылардың кім? не? Сұрағына жауап беретін сөздер жайлы білімдерін ары қарай жалғастыру. Оқушыларға өленнің мазмұнын түсіндіру. Ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету.

Дамытушылық:Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаң ойын қорыта алуға, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру, сөйлеу тілін дамыту

Тәрбиелік: балалардың анаға деген сүйіспеншілігін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі - тәсілдері: Сұрақ – жауап,ойындар.
Пәнаралық байланыс:
Еңбек, музыка.
Көрнекіліктер:
Гулдер, көктем аруының суреті, техникалық құралдар,(мультимедиялық проектор)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.


Психологиялық дайындық.
Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай!

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап, гүл атты.
- Дұрыс айтасыңдар балалар.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінің қай айы?
- Наурыз.
- Көктемнің нешінші айы?
- Бірінші.

-Көктемнің ең алғашқы гүлдерін білесіңдер ме?


- Бәйшешек, жауқазын.

Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше қызықты болғалы тұр.

Қыс мезгілі аяқталып, көктем мезгілі жеткенін өздеріңде айтып отырсыңдар.


  • Көктемнің алдында қай жыл мезгілі болды?

  • Қыс

  • Ендеше қыс ханшайымы біз күтіп отырған көктем аруын жібермей отыр.

Көктем аруы: Балалар мені құтқарыңдар. – деп көмек сұрап жатыр.

Қыс ханшайымы: Көктем аруын босатпаймын Егер де оны жіберетін болсам мен еріп кетемін. Ал менің кеткім келмейді. Менің бораным,қаһарлы аязыма ешкім төтеп бере алмайды.. Менен ешкім көктемді құтқара алмайды. Аха ха
- Ал балалар көктем аруына көмектесеміз бе?
- Иә
- Олай болса көктем аруын білімімізбен құтқарайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.

Қыс ханшайымының 1 кедергі бораннан өту.
- Олай болса үйге қандай тапсырма берілді?
- Оқулықтың 103 бетіндегі 91 жаттығу және «Жауқазын» өлеңін жаттау болатын.
- Жақсы оқушылар барлығымыз дәптерімізді ашайық. Үй тапсырмасын тексерейік.
Кітап – кітаптар, машина – машиналар, бала – балалар, үй – үйлер.
- Ережені сұрау.
- Кім? кімдер? Деген сұрақтар адамға байланысты қойылады: Мысалы: аға, ата, ұшқыш, аналар
- Не? Нелер? Деген сұрақтар заттар мен жануарларға байланысты қойылады.
Мысалы: тоқылдақ, қайың, машиналар.
- Олай болса қанеки кім «Жауқазын» өлеңін жатқа айтып береді?
- (3 - 4 оқушыдан сұрау).

- Көктем айында қандай мерекелер болады?



  • 1 наурыз алғыс айту күні, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – ұлыстың ұлы күні.

  • Бізде ертең қандай мереке?
    III. Жаңа сабақ.
    - Балалар олай болса анадарымыздың мерекесіне арналған
    «Анаға сыйлаймыз» атты сабағымызды бастаймыз.
    2 кедергісі «Қаһарлы аяз»
    IV. Дәптермен жұмыс.
    - Қанеки балалар дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің ретін жазайық.
    Оқулығымыздың 104 бетіндегі 92 – жаттығуға назар аударайық. Жаттығудың тапсырмасын оқыту. Осы жаттығудың ішіндегі көктем, ағаштар,мал туралы айтылған сөздерді диктант етіп жаздырту.

  • Апама жатқа айту

  • 3. «Бұлттан күннің көзін ашу» кедергісі

  • V.Тақтамен жұмыс
    -
    Оқушылар тақтаға назар аударайық.
    - Бұл жерде күннің көзін бұлт басқан. Тапсырмалар орындау арқылы күннің көзін аша аламыз. Тапсырмаларда тек аналардың ғана мерекесі ма?

  • Туыстықты білдіретін сөздер:............

  • Кәсіп иесін білдіретін сөздер:...............
    - Тапсырмаларды орындап күннің көзін бұлттан аштық.
    - Жарайсыңдар.
    - Күніміз жарық болсын, ашық болсын деген ниетпен
    Сергіту кезеңі.
    - «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындау:
    - Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.
- Қасымда болсын мама,
- Болайын мен де аман!

VI. Сабақты қорыту.
- Балалар қыс ханшайымының өзіміздің білімімізбен барлық кедергілерінен өттік. Енді балалар біз көктем аруымызды безендірейік. Ол үшін, анаға сыйлаймыз өлеңін мәнерлеп оқып, гүлімізді жабыстырайық.
-Гүлдерді жабыстырып болғаннан кейін, сол гүлімізді аналарымызға сыйлаймыз. Көктем аруы балалар сендерге өз рахметін айтып жатыр.
VII. Үйге тапсырма:
Аналар мерекесіне арнап құттықтау жазыңдар.

VIII. Бағалау. Белсене қатысып отырған оқушыларды бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Анама (М. Хакімжанова)


Анаға сыйлаймын (А. Бақтыгереева)
Мақсаты:

1. Оқушыларға өленнің мазмұнын түсіндіру. Ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету.


2. Анаға деген сүйіспеншілікті арттыру. Логикалық ойлауын дамыту, ертегі арқылы дүниетанымын кеңейту.
3. Адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, ашық хат, үлестірмелі қағаз гүл шоғы.
Сабақтың түрі: концерт сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойқозғау эссе, салыстыру, әңгімелесу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
І. Ой шақыру
— Көктем туралы не білеміз?
— Я, біз кеше гүлдер туралы әңгіме өткізген болатынбыз.
Олай болса бүгінгі сабақта кім жақсы қатысып отырса, сол менің қолымдағы қызыл гүлді алып, аналарын қуантатын болады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
І. Бәйшешек (жатқа сұрау, талдау)
ІІ. Салыстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ


1. – Міне көктемнің алғашқы айында аналар мерекесі келеді. Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін күреске шығады. Сондықтан дүниежүзінің ойшылдары 8 наурызды – Халықаралық әйелдер күні деп белгіледі.
2. Ой қозғау.
— Ана кім?
— Ана қандай?
— Онда мендер мерекеге не сыйлар едіңдер? (қағазға суретін салып беру немесе жазу)
3. Жаңа сабақты түсіндіру. Кітап орталығы.
1. Оқулықпен жүмыс
А) өлеңді мәнерлеп оқу
Ә) мазмұнын түсіндіру
Б) сөздік жұмысы
(өңірді – айналаны,текке-босқа, бекерге. өрілді-өсті)
4. Поэзия орталығы
— Ана жайлы жыр жазбаған, толғанбаған ақын да, жазушы да, жоқ шығар.
— Ендеше ана туралы өлең оқиық. (балалардан сұрау)
Ән: «Құттықтаймын ана туған күніңмен».
— Ана деп жыр жырласақ та, ана деп ән айтсақ та, аналардың анасы әжелеріміздің де құрметтейтін ән: «Әже»
Бізде жазушылар сияқты анамыз туралы толғанып көрейік. «Менің анам» эссе жазу.
5. Жазу орталығы.
1. Дәптермен жұмыс
а) 92-жаттығу. Ауызша талдау, сұрақ қою
ә) ережемен жұмыс
93-жаттығу. Шығармашылық жұмыс
Туыстық Кәсіп
Ата, әже, апа, қарындас шопан, тракторшы

І V . Сабақты бекіту


1. Мақал-мәтел жұмысы
2. Бүгінгі сабағымыз ана туралы болғандықтан, ананың құдіретін ертегі арқылы, сахна тілінде сөйлетейік.
«Қасиетті сөз» ертегісі. Арыстан, қасқыр, мысық, бота, қозы
-Ең қасиетті сөз – ана екен. Бұл сөзді әрбір айуан әр түрлі әуенмен, адам түрлі тілде айтқанмен, сөздің мәні бір. Айуан да, адам да жаны қиналғанда «Ана» дейді.
Ана – әрқашанда ана.
Әр уақытта пана, пейілі кең-дала
Міне, сондықтан ананы құрметтеңдер, айтқан сөзін тыңдаңдар, оны әрқашан қуанта біліңдер. Аналарыңа өздерің жасаған ашық хатты апарып сыйлаңдар. Ол үшін ішіне құттықтау сөз жазыңдар.

V. Бағалау. Үйге тапсырма


Сабаққа жақсы араласып отырған оқушыларға гүлді табыс ету.
«Анаға сыйлаймын» мәнерлеп оқу.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Сауат ашу 1 класс
Сабақтың тақырыбы: Апама. Анаға сыйлаймыз, заттың атын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, кеңейту. Өлеңдердің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
1 Білімділік: Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді сөйлем ішінен тауып, сұрақ қоюға үйрету.
2. Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы есте сақтау және сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
Оқушылардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Сауатты көркем жазуға баулу.
3 Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа тәрбиелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, плакат, оқулық.
Сабақтың типі: Оқушылардың білім, іскерлік дағдыларын бекіту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері: Үлестірмелі көрнекілік, сұрақ – жауап, әңгіме, ойын, тест, ізденушілік.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, дүниетану, музыка.

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Ұранымыз:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз
Бәрін білуге ұмтыламыз.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Сандарды тура сана ----------- Сандарды кері сана
Ә Ш Е Б Й Ш К Е ----------------- У Қ З Ы Ж А А Н
2 4 5 1 3 6 8 7 ------------------- 6 5 3 2 8 7 4 1
Бәйшешек Жауқазын сөздеріне сұрақтар қойылады. Не? Нелер?
Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
«Бәйшешек» өлеңін жатқа сұрау.

3 Жаңа сабақ.
Бұл қай кезде болады? өлеңін оқу.
Қар еріп, Жылғалардан су ағып
Құстар келіп, ән салып
Жер көгерер бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? Көктем
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
Көктем аруы: Балалар мені құтқарыңдар. Мені Қыс ханшайымы жібермей отыр.
Қыс ханшайымы: Көктем аруын босатпаймын Егер де оны жіберетін болсам мен еріп кетемін. Ал менің кеткім келмейді. Менің бораным қаһарлы аязыма ешкім төтеп бере алмайды.. Менен ешкім көктемді құтқара алмайды. Аха ха
- Ал балалар көктемге көмектесеміз бе?
- Иә
- Олай болса көктемді білімімізбен құтқарайық.
1 кедергі бораннан өту.
Күннің жадын жазу.
Көркем жазу минуты:
Көктем
наурыз
4. Оқулықпен жұмыс
1. Көктем мәтінін оқу
2. Көктем, ағаштар, мал туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазу.
3. Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу.

5. Семантикалық кесте толтыру
№ Заттың атын білдіретін сөздер. Кім? Кімдер? Не? Нелер?
1 Ара --------------------------------------------------------------+
2 Кірпілер ---------------------------------------------------------------+
3 Қоян ------------------------------------------------------------+
4 Шопан ---------------------------------------+
5 Ғалымдар ----------------------------------------+

6. Сергіту сәті.
Кім көп біледі? Ойынын ойнату
Кім? Сұрағына жауап беретін сөздер айту.
7. 93 - жаттығу.
1. Сөздерді оқыңдар.
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
Туыстықты білдіретін сөздер:.........................
Кәсіп иесін білдіретін сөздер:..............................
3. Жазған сөздеріңе сұрақ қойыңдар. (Кім?)
8. Жоғалған сөзді тап.
Не? ------------------------------- Кім?
........... құлындайды .......... емдейді.
........... қоздайды ............... тігеді.
........... боталайды ............. оқытады.
........... бұзаулайды ............. жазады.
8. Сәйкестендіру тесті. Адасқан сөздер.
Бұлбұл ақырады.
Қарға сайрайды.
Аю қарқылдайды.
9. Көктем аруы: Достарым сіздерге көп рахмет. Мені құтқардыңдар. Сіздерге алғысым шексіз. Енді мен сіздермен 3 ай бірге боламын. Барлық табиғат атаулыға жан бітіріп тіршілік сыйлаймын. Осының бәріне әлі куә боласыздар. Сау болыңдар!
- Ал балалар көктемнің алғашқы мерекесі қандай?
- Аналар мерекесі.

10. Оқулықпен жұмыс.
Апама Анаға сыйлаймыз. өлеңдерін оқу.
Бекіту. «Гүл теру» ойыны.
Гүлдердің артында сұрақтар жазылған. Сұрақтарға жауа беріп гүлді анасына сыйлайды.

Үйге тапсырма. Аналар мерекесіне арнап құттықтау жазу.
Бағалау.
Ана тілі
1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза. Көмірдің кереметтері.

Заттың атын білдіретін сөздер.

Мақсаты


Сабақтың мақсаты:

 а) Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер бойынша алған білімдерін пысықтау, көмірдің кереметі туралы түсінік беру

ә) Оқушылардың сабақ барысында  логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту

б)  табиғатты сүюге , оның  пайдалы қазыналарының пайдасы мен сырын аша білуге үйрету.
Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін арттыру. Сөздік қорларын молайту. Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге машықтандыру. Құстар туралы әңгімелеу.

Нәтижесі


Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады. Тақырып бойынша білім алады.Оқушылар алған білімдерін тиянақтауға,пысықтауға,өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді. Ұйымшылдыққа,бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады.

Көрнекілі-гі

Интербелсенді тақта,оқулық,жұмыс дәптер,кластер,стикер.

Сабақтың барысы

Стикерлер арқылы топқа бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жаңа сабақ кезеңдері


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Модуль

Кіріспе
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



Шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жақсы тілек тілеу.

Міне осылай, кең пейілділікпен жақсы тілек тілей отырып, сабағымызды бастаймыз.

Топқа бөлінеді. Назарларын сабаққа аударады.

Сыни тұрғыдан ойлау

АКТ

диалог-тік оқыту



оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

талантты және дарынды балаларды оқыту

оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Білу


Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар,үйге берілген тапсырманы тексеріп жіберейік. Үй тапсырмасына дайынбыз ба?

Өлеңді жаттап алдық па?

Үйге берілген тапсырманы орындайды.

Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.

Түсіну


Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

Бала,оқушы,түлкі,жануар,адам,жапырақ,

стол,теледидар,ұл,

көрпе,гүл,тұқым,мұ-ғалім,суретші;


Сұрақтар қою арқылы түсініктерін пысықтайды.

Сөздерді оқып,сұрақ қойдырады.

-Балалар,осы сөздерді кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретіндей етіп өзгертіңдерші.

Сұрақтарға жауап береді.

Сөздерге сұрақ қояды.

Берілген сөздерді кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретіндей етіп өзгертеді.

Қолдану

96-жаттығуды орындау.



Оқулықпен жұмыс.

Автор туралы мағұламат беру.

«Көмірдің кереметтері» мәтінін оқып, түсінгендерін сұрау.

Жаттығуда берілген сөздерден не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір қатарға,кім? сұрағына жауап беретін сөздерді екінші қатарға жаздыру.

Автор туралы мағұламат береді.

«Көмірдің кереметтері» мәтінін оқып, түсінгендерін сұрайды.


Жаттығуда берілген сөздерден не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір қатарға,кім? сұрағына жауап беретін сөздерді екінші қатарға жаздырады.

Автор туралы мағұламат алады.

«Көмірдің кереметтері» мәтінін оқып, түсінгендерін айтады.

Талдау


Топтық жұмыс.

«Көмірдің пайдасы» кластер жасату.

Топтарға «Көмірдің пайдасы» кластер жасатады.

«Көмірдің пайдасы» кластер жасайды.

Жинақтау


  1. Мәтіннің авторы кім? Ол туралы қандай мағұламат алдыңдар?

  2. Көмірдің қандай пайдасы бар екен?

  3. Тағы қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер?

  4. Өзің тұратын жерде не өндіріледі?

Сұрақтарға жауап алады(Мозайка тәсілі бойынша)

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау

Топтық бағалау.



Сабақ туралы өз ойын стикерге жазу.Рефлекция.

Үйге тапсырма беру.

Топ бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалатады.

Мұғалім бағалайды.

Үйге тапсырма береді.

Топ бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалайды.

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.





58  Сабақтың тақырыбыЗаттың атын білідретін сөздер.

Көмірдің кереметтері.        

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер бойынша алған

білімдерін пысықтау, көмірдің кереметі туралы түсінік беруә) Оқушылардың сабақ барысында  логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б)  табиғатты сүюге , оның  пайдалы қазыналарының пайдасы мен сырын аша білуге үйрету.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет, көмір, микроскоп

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-балалар кім, не деген сұрақтар заттың несін білдіреді?-Біз кім?  сұрағын кімге қоямыз?-Не сұрағын қашан қоямыз?

загрузка...



  1. Мақсат қою кезеңі:-Ендеше осы анықтамалды бір еске түсірейікші- Кім айтады?

  2. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс 97 –жаттығу Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар.1Сөйлем соңына тыныс белгісін қойыңдар.

Сара, көмектесті, апасына; жуды, қол орамалдарды: сыпырды,еденді: көмекші , ол кішкентай.2.Неше сөйлем жаздыңдар?3. Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?

VI.Жаңа материалды пысықтау: Мәтінді мәнерлеп оқу  Көмірдің кереметі.2.Көмірдің қандай пайдасы бар екен?3. тағы қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер?4. Өзің тұратын жерде не өндіріледі?

VII.Бекіту  кезеңі: №9 өзіндік жұмыс

1-нұсқа Сөйлемдерден кім?кімдер? не?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып , астын сыз.

2-нұсқа

1.Көп нүктенің орнына заттың атын білдіретін сөздерді жаз.



  1. Сол сөздерге сұрақ қ

3-нұсқа

  1. мамандықты білдіретін сөздер

  2. туыстықты білдіретін сөздер

  3. Жануарлар

  4. Заттар.

Жазған сөздерге сұрақ қою.

VIII. Үйге тапсырма, бағалауМәтінді түсініп оқып, мазмұндап келу.


№58  Сабақтың тақырыбы
Заттың атын білідретін сөздер.

Көмірдің кереметтері.        

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер бойынша алған

білімдерін пысықтау, көмірдің кереметі туралы түсінік беруә) Оқушылардың сабақ барысында  логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б)  табиғатты сүюге , оның  пайдалы қазыналарының пайдасы мен сырын аша білуге үйрету.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет, көмір, микроскоп

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-балалар кім, не деген сұрақтар заттың несін білдіреді?-Біз кім?  сұрағын кімге қоямыз?-Не сұрағын қашан қоямыз?

загрузка...



  1. Мақсат қою кезеңі:-Ендеше осы анықтамалды бір еске түсірейікші- Кім айтады?

  2. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс 97 –жаттығу Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар.1Сөйлем соңына тыныс белгісін қойыңдар.

Сара, көмектесті, апасына; жуды, қол орамалдарды: сыпырды,еденді: көмекші , ол кішкентай.2.Неше сөйлем жаздыңдар?3. Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?

VI.Жаңа материалды пысықтау: Мәтінді мәнерлеп оқу  Көмірдің кереметі.2.Көмірдің қандай пайдасы бар екен?3. тағы қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер?4. Өзің тұратын жерде не өндіріледі?

VII.Бекіту  кезеңі: №9 өзіндік жұмыс

1-нұсқа Сөйлемдерден кім?кімдер? не?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып , астын сыз.

2-нұсқа

1.Көп нүктенің орнына заттың атын білдіретін сөздерді жаз.



  1. Сол сөздерге сұрақ қой.

3-нұсқа

  1. мамандықты білдіретін сөздер

  2. туыстықты білдіретін сөздер

  3. Жануарлар

  4. Заттар.

Жазған сөздерге сұрақ қою.

VIII. Үйге тапсырма, бағалауМәтінді түсініп оқып, мазмұндап келу.

Қысқа мерзімді жоспар 06.03.2014ж

Мұғалім: Бисенова У

математика

1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қайталау



Мақсаты

Математикалық ойлауын дамыту. Есеп туралы түсініктерін арттыру. Есептерді салыстыра білуге дағдыландыру.Есеп шығару білігін жетілдіру.

Нәтижесі

Тақырып бойынша түсінеді. Есепті шығаруға дағдыланады.Өз беттерінше жұмыс істейді,ойларын еркін жеткізеді.Оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады.

Көрнекілігі

Интербелсенді тақта,оқулық,жұмыс дәптер,постер.

Сабақтың барысы

Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру. Топқа бөлу.

Жаңа сабақ кезеңдері

Тапсырма


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының


іс-әрекеті

Модуль


Кіріспе

Амандасу,оқу-шылардың бар назарын сабаққа бағыттау,топқа бөлу.

Назарларын сабаққа аударады. Топқа бөлінеді.

Сыни тұрғыдан ойлау

АКТ

диалог-тік оқыту


оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


талантты және дарынды балаларды оқыту


оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Білу

Үй тапсырмасын сұрау.



-Балалар,үйге берілген тапсырманы тексеріп жіберейік. Үй тапсырмасына дайынбыз ба?

Үйге берілген тапсырманы орындайды.

Түсіну

№1 тапсырманы орындау.



№1 тапсырманы орындатады.

Берілген есептерді шығарып,ұқсатығы мен айырмашылықтарын салыстыра отырып табады.

Қолдану

№2 тапсырманы орындату.



№3 тапсырма

Берілген тізбекті ақтату.

Кел,ойнайық!

Әр араға өз гүлдерін табуға көмектесу.

№4 тапсырма.

Азайғыштарын салыстырту. Азайтқыштарын салыстырту.

Осыған ұқсас айырмалар жаздыру.

№2 тапсырманы орындатады.


№3 тапсырма

Берілген тізбекті ақтатады.

Кел,ойнайық!

Әр араға өз гүлдерін табуға көмектестіру.

№4.


4 – 2; 3 -2;

Азайғыштарын салыстырту. Азайтқыштарын салыстырту.

Осыған ұқсас айырмалар жаздыру.

№2 тапсырма

Мәні 8-ге тең қосындылар жазады.

№3.


Берілген тізбекті ақтайды.

Кел,ойнайық!

Әр араға өз гүлдерін табуға көмектеседі.

№4

Азайғыштарын салыстырту. Азайтқыштарын салыстырады.



Осыған ұқсас айырмалар жаздады.

Талдау


Топтық жұмыс. «Қай топ жылдам,

дұрыс есептейді?»

топ бойынша берілген қосындының мәнін табу.

6+0=


6 + 1 =

6 + 2 =


6 + 4 =

6 + 5 =


10 – 6 =

9 – 6=


8 – 6 =

7 – 6 =


6 – 6 =

Берілген қосындылар мен айрмалардың мәнін табады.

Жинақтау

Есеп дегеніміз не?

Есептерді қалай салыстыра-мыз?

Қосындының компанентте-рін ата.

Айырманың компанентте-рін ата.

Сұрақтар беріп,оған жауап алады.

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау


Топтық бағалау.

Стикер толтыру. Рефлекция.

Үйге тапсырма беру.

Топ мүшелерінің қойған бағаларымен салыстыра отырып бағалайды.

Үйге тапсырма береді.

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет