Қажетті құрал-жабдықтар: Термостат
Вискозиметр
Секундомер
Ризинадан жасалған сорғыш
Жалпақ түпті колба, көлемі 50 мл
Жұмысты жүргізу тәртібі Еріткіштің ағып шығу уақытын анықтау үшін құрғақ вискозиметрге түтікше арқылы 5 мл еріткіш құяды, вискозиметрді 25ºС термостатқа вертикаль орналастырып, температураны 0,01ºС дәлдікті сақтай отырып, 10-15 минут термостаттайды. Шыны түтікшені резеңке түтікше арқылы қысқышпен жауып тастайды. Сонан соң түтікшеге жалғанған резеңке алмұртты пайдаланып, еріткішті капилляр арқылы өлшеуіш шарикке сорып алады. Содан кейін еріткішті өлшеуіш шариктен резервуарға айдайды. Операцияны 2-3 рет қайталайды да капилляр мен өлшеуіш шарикті жаңадан толтырады. Түтікшеден қыстырғышты алып тастайды да, еріткіштің өлшеуіш шариктің жоғарғы А белгісінен төменгі Б белгісіне ағып шығу уақытын секундомермен анықтап алады. Ағып шығу уақытын кем дегенде үш рет анықтайды, орта мәнін алады. Уақыт аралығындағы айырма 0,2 секундтан аспауы керек. Еріткіштің ағып шығу уақыты 100 с болуы керек.
Еріткіштің ағып шығу уақытын анықтау керек, анықтағаннан соң вискозиметрді термостаттан шығарады, еріткішті төгіп тастайды, резеңке алмұрттың көмегімен капилляр арқылы таза еріткішпен (бензол) шаяды да ауасын су сырғымалы насос арқылы сорып алып, кептіреді.
Құрғақ вискозиметрге түтікше арқылы 5 мл полимердің 1%-дық ерітіндісін құяды (ерітіндіні дайындағанда қайта тұндырылған және тұрақты массаға дейін кептірілген полимерді пайдаланады), вискозиметрді термостатқа бекітеді де, термостатталғаннан кейін ерітіндінің ағып шығу уақытын анықтайды (алдыңғыдай, кем дегенде 3 рет). Алдын ала капилляр мен өлшеуіш шарикті бірінші рет ерітіндімен жуады. Содан соң вискозиметрге бірінен соң бірін 2, 2, 1 мл еріткіш құяды, әрбір сұйылтудан кейін ерітіндінің ағып шығу уақытын анықтайды.
Өлшеулер біткен соң ерітіндіні вискозиметрден төгіп тастайды, бірнеше рет еріткішпен шаяды. Еріткіштің ағып шығу уақытының орташа мәні 0,2-0,3 с дәлдікпен қайталанатындай болуы қажет
Вискозиметрлік әдістердің мәндеріне байланысты, Марк-Кун-Хаувинк теңдеуі мен 2-кестедегі мәндерді қолданып, полимердің молекулалық массасы анықталады.