Сыныпты жабдықтау, оқушыларды орындарына отырғызу, жоқ оқушыны журналға белгілеу.
II.Үй тапсырмасын тексеру
Сәнді қолданбалы өнер туралы конспектіні оқып, мазмұндап келу.
III.Жаңа сабақ ұйымдастыру
Сәндік-қолданбалы өнер түрі таңдау мен болашақ бұйымның тақырыбын таңдау - 6 сағат
Сәндік-қолданбалы өнер түрінің технологиялары туралы жалпы түсінік. Түрлі материалдардың сәндік мүмкіндіктері. Қажетті материалдарды таңдау. Құрал-жабдықтар және материалдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы. (оқушылардың қалауымен)
1. Ши.
2. Маржан жіптермен кестелеу.
3. Жұмсақ ойыншық.
4.Батик.
5.Папье – маше.
6.Көркем жазу........
7.Тұзды қамырдан илеп, жасау. 1.«Ши» - техникасы өте көп еңбек сіңіруді қажет ететіндіктен, кішкене көлемдегі ши. Ою-өрнек күрделі емес композиция, жазықтықтағы шешім мүмкіндігі, яғни көлемді бермей-ақ. Ши кезең-кезеңменорындалады: эскизге сәйкес игерілген жіппен шиді орау, негіздерін рейкаға бекіту.
Материалдар: ши шырпылыры, жүннен иірілген немесе басқа жіп, негіздің жіптері, армирленген немесе жіңішке қармақ бау, рейкалар.
2. Маржанмен, жіптермен кестелеу – эскизге сәйкес матаның бейтарап фонында күрделі емес мотив орындалады. Фонның кеңістігі бос қалады. Жұмыс орындалғаннан кейін кестелеу техникасы. Маржаннан сәндік панно орындалуы мүмкін.
Материалдар: негізгі матасы немесе канва, кергіш немесе кестелеуге арналған кергіш, маржан немесе «мулине» жіптері, багетті рама, инелер, оймақ.
3. Жұмсақ ойыншық – сәнді жазықтық (қабырғалық) немесе қарапайым пішілген көлемді. Детальдарды пішу сызу бойынша эскезге сәйкес орындалады. Негізгі форма ішінде поролон немесе синтепон салынып тігіледі. Тігістер – ішкі машиналық немесе қолмен жасырын тігіс түрі. Қатты қағаздан негізі орындалуы мүмкін. Бұйым сәндік элементтермен безендіріледі.
Материалдар: түрлі фактуралар маталар, калька немесе миллиметрлік қағаз, қатты қағаз, инелер, поролон, синтепон, жасанды жүн, тесьма, түймелер және тағы басқа.
4.Батик – суық, түйінді аралас техникада. Сызықтық суретті эскезден матаға түсіру. Суреттің контурын резервті құраммен құрсау. Жұмыс батикке арналған бояулармен орындалады. Композицияда кеңістік берілгенмен (түстік «растяжкалардың» көмегімен фонды ойластыру), күрделі емес.
Материалдар: кергіш, табиғи немесе жасанды жібек, бөз, батикке арналған бояулар, резервтеуші құрам.
5.Папье-маше – адамның бетінің табиғи өлшеміндегі бетперде немесе кішкене бетперделерден композиция немесе ваза және басқалары. Ермексаздан форма илеп жасалады. Формаға қағаз қабат-қабат бойынша жапсырылады. Толық кепкен соң жұқа наждак қағазбен жеңіл өңделеді және ПВА желімімен, ақ гуашьпен грунтталады. Нобайға сәйкес жазу жазылады. Қосымша сәндік элементтер қолданылады. Бұйымға лак жағылады.
Материалдар: ермексаз, қағаз нмесе папе-маше массасы, ПВА желімі немесе кистілер, жұқа наждак қағаз, гуашь немесе акрил, нитроцеллюлозды лак (НЦ) немесе пентафтальденген (ПФ) лак.
6.Көркем жазу – ағаш, шыны, керамикадан сувинерлер және басқалары. Дайын бұйымдар, ағаш, шыны заттар немесе өз бетімен орындалған керамика қолданылады. Оларға гушь темпера немесе акрилмен жазылады. Дайын жұмысқа лак жағылады.
Материалдар: ағаш кәдесый пішіндер, сәндік тақтайшалар, кобдишалар, керамикалық бұйымдар немесе шыны ыдыс, гуашь, темпера, акрил шыны мен керамикаға арналған бояулар, НЦ немесе ПФ.
7.Тұзды қамырдан илеп жасау – дөңгелек пластика немесе көлемді композиция. Жасалған пішіндер немесе көлемді композиция элементтері суық немесе ыстық тәсілмен кептіріледі, бояу үшін грунтталады (алдын ала боялғанқамыр пайдаланылуы мүмкін). Бұйым нобайға сәйкес жазылады және маата, таспа, сым темір, моншақтар, түймелер, ағаш шаралар және тағы басқалары сәндік элементтермен толықтырылуы мүмкін.
Материал: түрлі түстегі тұзды қамыр, гуашь, темпера немесе акрил, ДВП-дан планшет, «Момент» немесе «супержелім» желімдері, планшетті қаптау үшін мата, лак.
Сәнді қолданбалы өнердің әр түрлі технологияларға ие практикалық пайдалы заттар жасауды айтады. Бұл өнер өзінің табиғаты жағынан сәулет өнеріне жақын: онда пайда мен әсемдік бірлесіп жатады. Сәнді қолданбалы өнер халық шығармашылығымен тығыз байланысты. Қолданбалы өнердің дамуына әр халықтың тұрмыс жағдайы, тұрғылықты жерінің табиғаты әсер етті.
Қазіргі кезде бұрынғы негізгі сақтай отырып, жаңаша бағытта орындалған сәндік қолданбалы шығармалар көптеп саналады.
Аспаптармен, құралдармен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік техникасы. Қолданбалы композиция сабағында аспаптармен, құралдармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтап отырған жөн.Мысалы: қайшы, ине, пышақ, құралдарын пайдалануын мұқият қадағалау қажет.
Пышақты, мүлдем пайдаланбаған жөн. Инені пайдаланып болған соң жіпке түйреп немесе қадап қоб керек. Қайшыны ұстағышпен ұстап, бір – біріне бергенде үшкір (қиятын жері) жағынан ұстап ұсынған жөн.
б) машықтық:
Қауіпсіздік ережелері:
Композиция, қолданбалы композиция, мүсіндеу сабақтарында әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтап отырғанымыз абзал. Яғни құралдар мен аспаптарды пайдаланғанда абай болғанымыз дұрыс.
Мысалы: қайшы, ине, пышақ, құралдарын пайдалануын мұқият қадағалау қажет.
Инені пайдаланып болған соң жіпке түйіндеп немесе қадап қоб керек. Инемен жұмыс жасап отырғанда ештеңеге алаңдамай абайлап қолдануымыз керек.
Қайшыны қолданғанда қолымызды жарақаттап немесе қиып алмай, ыңғайлап, абайлап ұстағанымыз жөн. Қайшыны қасымыздағы жолдасымызға ұсынғанда да абай болғанымыз абзал. Байқаусызда қайшының ұшы жарақаттап кетпес үшін (бір біріне бергенде) үшкір жағын өзімізге қаратып ұсынғанымыз дұрыс. Сонымен қатар қарандашымыздың ұшын ашатын өткір пышақты мүлдем қолдануға болмайды. Мүсіндеу сабағында пышақты мүлдем пайдаланбаған жөн. Ұшы өткір емес, кесіп кетпейтіндей стекаларды пайдалануымыз керек.
Сымдармен жұмыс жасап отырыпта абай болуымыз керек. Қасымыздағы жолдасымыздың көзіне немесе басқада жерлеріне кіріп кетпес үшін сымды абайлап қолданамыз. Балғамен, шегеменде жұмыс жасаған уақытта қолымызды жарақаттап алмас үшін де құралдарды тиянақтап, абайлап қолданамыз.
Осы жоғарғыдағы айтылып өткен ережелермен толықтай танысып,
ережені сақтап отыруымыз керек!
Алдын – ала жобалау және жаттығу сызықтық – реңдік және түрлі түсті ауқымдық жұмыстарды өңдеумен жаттығулар. Батик техникасы, ағаш бетіне көркем жазу, папье – машеден маска, «ши» кестелер, тұзды қамырдан сомдау. (оқушылардың қалауымен)
1.Батик – сәнді композиция (салқын, түйінді батик,, аралас техника)
2. «Ши» тоқу –қарапайым жазықтық бетінде сәнді орындау
3.Моншақпен жіппен кестелеу Қарапайым өрісте көріністі өңдеусіз беру.
4.Жұмсақ ойыншық – жазықтық немесе көлемді ойыншықтың қарапайым пішіні
5.Папье – маше – Сәнді бұйымды (маска, құмыра, т.б.) жазу
6.Ағаш, шошы, керамиканың бетіне көркем жазу. – Дайын сувенирді жазу (оқушылардың таңдауымен)