Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,пікірталас Көрнекілігі



Дата15.12.2022
өлшемі11,22 Kb.
#162915
түріСабақ
Байланысты:
16 -17 желтоқсан
8 сынып тжб 3 токсан (копия), 2 т Х ,ТЖБ, тәуелсіздік

« Манашы орта мектебі » МКҚК
Бекітемін
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары:______
«____» __________ 2022 ж

Тәрбие сағаты

Тақырыбы «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні»

өткізген: Хожашев Қанат


сынып: _________

Бейнеу 2022 ж



Тақырыбы:16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы мәлімет беру. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,пікірталас
Көрнекілігі: Туған жер туралы қанатты сөздер, презентация
Әнұран орындалады.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Әнұран орындалады.
1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
2 – жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Ал қазір кезекті сұрақтарға береміз.
– Біз қай мемлекеттің азаматымыз?
– Ұлтымыз кім?
– Тіліміз қандай?
– Тәуелсіздік деген не?
– Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
– Қазақстан Республикасының жері туралы не білеміз?

1 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417, 3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9 – шы орында, ал ТМД елдері бойынша 2 – ші орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 120 ұлт өкілі тұрады. Қазақстан 14 облыс, 85 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Нұр Сұлтан қаласы.
2 – жүргізуші: Ал ендігі кезекті _______ оқушыларының жыр шумақтарына береміз.
1 – оқушы:……………..
Қазақстан туған елім,
Алтын бесік – Ақ ордам.
Даңқың сенің арта берсін,
Елім менің жаңарған.

2 – оқушы:…………….
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!

3 – оқушы:…………….
Өктем билік қаралады, даттады,
Бірақ Алла ақиқатты жақтады.
Назарбаев атамды жұрт қалады.
Түсті амалсыз Колбин деген атақты.

4 – оқушы:……………
Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық күйі қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.

5 – оқушы:……………
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең – жырымыз.
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз?

1 – жүргізуші:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9 – желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды.Сонымен қатар Сәбира Мұхамеджа
ова, Ләззат Асанова, Ербол Спатаевқа тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Желтоқсан қаһармандарын еске аламыз! 1минут үнсіздік .

2 – жүргізуші:
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.
1 – жүргізуші: Ал ендігі кезекті __________ оқушыларының жыр шумақтарына береміз.

6 – оқушы…………
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.

7 – оқушы………..
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата – баба аруағына сыйынып.

8 – оқушы…………
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым,

1 – жүргізуші: Ән – әуенмен қоса, бұл жерде желтоқсан оқиғасын былай сипаттауға болады.Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай толқыған ызалы қыз – жігіттердің жігерлі келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішімдер. Одан кейін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт – сұрт айқасы. Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып, ыңырсый құлаған қазақтың бозбалалары
2 – жүргізуші:Ал енді қортынды, қортындыламас бұрын мен сендерге осы тақырыпты түсіңгендерің бойынша сұрақ қойайын.
1.Жалпы Қазақстан тәуелсіздікті қай жылы қай күні алды?(1991ж 16-7 желтоқсан)
2.Елбасымыздың жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда кімдер "халық қаһарманы" атағын алды? (Қайрат Р.;Сабира Мұхаметжанова,Л.Асанова,Е.Спатаев)
3. Не үшін халық қаһарманы атағы берілді?( Өйткені олар желтоқсан оқиғасында айрықша көзге түсіп батылдық танытты.)
Қорытынды:2 – жүргізуші: Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр – қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр – қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет