Ашық сабақ. « Ертегілер еліндегі шалқан»
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Оқу қызметі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі шалқан»
Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы көркем мағлұмат бере отырып диалогты сөйлеуін,әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру. Ақыл-ой,ес,зейін қабілеттерін,диалогты сөйлеу мәдениетін,сөздік қорын дамыту.
Адамгершілікке,еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің макеттері,ертегі кейіпкерлері бетпердесі, талдар, сиқырлы қапшық,үйшіктің макеті,табиғи гүлдер, дидактикалық суреттер.
Тәрбиеші: Саламатсыздар ма балалар? (Үш тілде амандасады.) Қане домаланып отырып, көзімізді жұмып, ертегілер әлеміне саяхат жасайық. (Әдемі әуен ойналады)
Ой ертегілер елі қандай әдемі,мұнда бәрі бар екен. Балалар мынаган қараңдаршы бұл не екен. Ортада сиқырлы қапшық болады.Ішінен шалқан шығады.
Тәрбиеші: Балалар бұл не екен кім біледі?
Балалар: Шалқан
Тәрбиеші: Өте дұрыс айтасыңдар балалар. Енді сендер мұқият тыңдаңдар мен сендерге шалқан туралы мағлұмат беріп кетейін. Балалар шалқан ол жеміс па әлде көкөніс па?
Балалар: Көкөніс
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар ол көкөніс. Жеміс пен көкөністің айырмашылығы көкөніс жерде, ал жеміс ағашта өседі екен. Оларды адамдар көктемде отырғызып, күзде олардың рахатын көреді. Шалқан ол дәруменге бай көкөніс. Онымен аналарымыз түрлі салаттар жасап қояды.
Сергіту жаттығуы:
Бас бармағым әкем,
Балан үйрек анам,
Ортан түйрек ағам,
Шылдыр шүмек апам,
Кішкене бөбек кім?
Мен.
Бір үйде біз нешеуміз,
Бір үйде біз бесеуміз.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар.
Мұнда ертегілер елінің тапсырмалары бар екен.Тапсырма орындаған балдарға сыйлықтары да бар екен.(ертегілерден үзінді суреттер,түсті суретті фишкалар) Сұрақ-жауап әңгіме. Кім тапсырмаларды жақсы орындап, сұрақтарға жақсы жауап берсе сол балаларға фишка беремін
Тәрбиеші:
-Мына суретте қай ертегі бейнеленген?
-Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
Тәрбиеші: Қане балалар осы ертегілер ішінен «Шалқан» орыс халқының ертегісін рөлдерге бөліп ойнайық.
(Балалар кейіпкерлерге бөлініп шалқан ертегісін сахналайды.)
Ойын: « Көкөністер мен жемістер » (дидактикалық суреттер арқылы көкөністі жемістен айыру)
–Ертегідегі шалқанды кім екті?
1.Ата
2.Әже
-Немересі көмекке нені шақырды?
1.Мысық
2.Ит
3Тышқан
-Шалқан ертегісіндегі ең соңғы көмекке келген кім?
Тышқан
-Шалқан көкөніс пе жеміс пе?
Көкөніс
Тәрбиеші: ? Дұрыс айтасыңдар бүгінгі біздің ертегіміз орыс халқының ертегісі «Шалқан» деп аталады екен.Олай болса біз шалқанды өзіміздің ертегілер топтамасына қосып қоялық.
Жұмбақ шешу: шалқан ертегісінің бір кейіпкері екен.
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады
Бойын жазып керіліп
Беті қолын жуады.
(мысық)
Қортынды.
Балаларды мадақтау.Бағалау.
-Сендерге ертегілер еліндегі саяхат ұнады ма, олай болса бізге ғажайып ертегілер елі сендер ертегіні жақсы ойнап шыққандарың үшін және тапсырмаларды жақсы орындағандарың үшін бақшаға сендерге сыйлыққа сиқырлы дәндерін қалдырып кетіпті қане ыдысымызға дән алып отырғызып тобымызға өсіріп баптауға алып кетейік.Қане енді қараңғы түспей тобымызға қайтайық. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |