Сабақ: Ы. Алтынсарин. Кел балалар оқылық! Мектеп: №4 жббм күні



Дата14.12.2021
өлшемі114,45 Kb.
#100582
түріСабақ
Байланысты:
Әдебиеттік оқу ҚМЖ Сабенова Жансая


«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жоспары

(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)

2-сынып

Сабақ: Ы. Алтынсарин. Кел балалар оқылық!

Мектеп: №4 ЖББМ

Күні:03.12.20

Мұғалім:Сабенова Ж. А

Сынып:2

Қатысқан:

Қатыпағандар:

Сабақта меңгерілетін

дағдылық мақсаттар

Қазақтың көрнекті ақын-жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірімен, оның шығармашылығымен жақынырақ таныстыру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Өлеңдерді сүйіп оқуға, оқығанды түсіне білуге үйрене біледі.



Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

«Кел, балалар, оқылық» өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгереді.



Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Ы.Алтынсариннің өзге де шығармаларын.



Бұрыннан бар білімдері

Ы.Алтынсариннің өмірімен, оның шығармашылығын біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыттар

Жоспарланған уақыт (жаттығулар)

Ресурстар

0-3 минут

4-6 минут

Үй тапсырмасын тексеру.                                                         

а) Сұрақтар бойынша жауап беру.

ә) Мақал-мәтел жинастыру.

б) Мәтінге байланысты әңгіме құрастыру.

 

Құрметті менің достарым!

     Мен сендерден көмек сұрай хат жазып отырмын. Апам биыл мені мектепке баруға дайындап, маған дүкеннен оқу құралдарын сатып әкелді. Олар өте көп. Бірақ мен бәрінің атын біле бермеймін. Мен сендерге олардың суреттерін жіберіп отырмын. Сендер мектепте оқисыңдар ғой, маған осы заттардың атын білдіретін сөздерді жазып жіберіңдерші.

                                                                                        Сәлеммен: Айдос



Танытырылым.Хат.





7 – 10 минут

10- 20 минут



Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты тапқызу.

Ыбырай ата туралы не білеміз?

Топтастыру стратегиясы. 1.Ыбырай Алтынсариннің « Кел балалар оқылық ! » атты өлеңімен танысамыз.

а) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

2. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту. Өлеңнің мазмұнын ашу, түсіндіру.

Кіріспе:


Білімді болсаң бәрі алдыңнан шыға келеді.

Мысалы: Үстіміздегі көйлек тоқылады, сауысқан тамағын шоқып табады, ал, біздер білімді оқумен табуымыз керек. Көп оқыған адам мақсатына жетеді. Тек оқып қана қоймай, соны зейін қойып, көңілімізге тоқу керек. Бүгінгі көргеніңді, естігеніңді ертең ұмытып қалсаң, ол оқыған болмайды.

Оқу, білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

1.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

2.Оқу түбі – тоқу.

3.Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.

4. Білім қымбат- білу қиын.

5. Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

6. Білген кісі тауып айтады,

Білмеген кісі қауып айтады.

7. Ақыл – тозбайтын тон,

Білім таусылмайтын кен.

8. Оқыда біл, ойнада күл.

9. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз


10. Білегі күшті бірді жығар

Білімі күшті мыңды жығар. (Мағынасын ашу)

Оқу оқығанда ғана адам білімді болады. Жақсы өмір сүру үшін не қажет?

-Оқу.


Ойын: 1-10-ға дейінгі сандарды ретімен

орналастыру. (Мақал шығады.)

2, 5, 9, 6, 4, 1, 3, 8, 7, 10.

(Сандардың артына буынға бөліп мақал жазу)

« Оқу инемен құдық қазғандай »

Балалар, инемен құдық қазылмайды ғой, оқу деген өте қиын. Білім оңайлықпен келмейді. Сол себептен көп еңбектену керек, білімді болсаңдар болашақтарың жарқын болады.

-Ыбырай атамыздың бұл өлеңі неге шақырады?

- Оқуға, білімге шақырады.

Дәптермен жұмыс.

Ы.Алтынсариннің портреті. Топтастыру стратегиясы.



20-35 минут

⦁ Қайталанып тұрған өлең жолдарын тауып оқы. Ақынның ой−пікірін анықта.

⦁ «Тоқуменен табылған» дегенді қалай түсінесің?

⦁ «Шоқуменен, тоқуменен, оқуменен» − бәрі де еңбек.


Сұрақтар мен тапсырмалар

Соңы

35-40 минут

Оқу не үшін қажет?

Ыбырай ата неге шақырды?

Ол кім?, қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

Атасының есімі кім?



Өз бетімен жазу

үлгісі сынып

оқушыларының

барлығы бірдей көре

алатындай болса ғана

көрсетіледі.




Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.

Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау

көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалайша түрлендіресіз?



Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалайша

жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс –

Денсаулық пен қауіпсіздікті

тексеру, АКТ


Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу міндеттері

анық па?


Бүгін оқушылар не

үйренді?


Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?


Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?





Дифференциялау

жоспарым жүзеге

асты ма?

Тапсырмалары

сәйкес болды ма?

Уақыт дәлдігі қалай

болды? Жоспарыма

қандай өзгерістер



енгіздім?


БББ кестесі


Білгенім

Білдім

Білгім келеді












Қорытынды баға

  1. Оқыту мен үйренудің қайсысы сәтті болды?

  2. Оқыту мен үйренудің қайсысы толықтырылуы керек?

  3. Келесі сабағымда ескеретіндей сынып пен жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет