Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты тапқызу.
Ыбырай ата туралы не білеміз?
Топтастыру стратегиясы. 1.Ыбырай Алтынсариннің « Кел балалар оқылық ! » атты өлеңімен танысамыз.
а) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
2. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту. Өлеңнің мазмұнын ашу, түсіндіру.
Кіріспе:
Білімді болсаң бәрі алдыңнан шыға келеді.
Мысалы: Үстіміздегі көйлек тоқылады, сауысқан тамағын шоқып табады, ал, біздер білімді оқумен табуымыз керек. Көп оқыған адам мақсатына жетеді. Тек оқып қана қоймай, соны зейін қойып, көңілімізге тоқу керек. Бүгінгі көргеніңді, естігеніңді ертең ұмытып қалсаң, ол оқыған болмайды.
Оқу, білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
2.Оқу түбі – тоқу.
3.Оқу білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
4. Білім қымбат- білу қиын.
5. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
6. Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.
7. Ақыл – тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен.
8. Оқыда біл, ойнада күл.
9. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз
10. Білегі күшті бірді жығар
Білімі күшті мыңды жығар. (Мағынасын ашу)
Оқу оқығанда ғана адам білімді болады. Жақсы өмір сүру үшін не қажет?
-Оқу.
Ойын: 1-10-ға дейінгі сандарды ретімен
орналастыру. (Мақал шығады.)
2, 5, 9, 6, 4, 1, 3, 8, 7, 10.
(Сандардың артына буынға бөліп мақал жазу)
« Оқу инемен құдық қазғандай »
Балалар, инемен құдық қазылмайды ғой, оқу деген өте қиын. Білім оңайлықпен келмейді. Сол себептен көп еңбектену керек, білімді болсаңдар болашақтарың жарқын болады.
-Ыбырай атамыздың бұл өлеңі неге шақырады?
- Оқуға, білімге шақырады.
Дәптермен жұмыс.
|