Сабақ/ «Іздегенім табылады өзіңнен »



бет1/3
Дата05.11.2016
өлшемі3,15 Mb.
#730
түріСабақ
  1   2   3
О.Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі КММ

«Іздегенім табылады өзіңнен...»

Кітапханалық сабақ

(6 cынып)

Орындаған: Кітапхана меңгерушісі

Омарханова Б.Ж.

Өскемен қаласы


Анықтамалық басылымдар.Сөздіктер.Балалар энциклопедиясы.

/Кітапханалық сабақ/



«Іздегенім табылады өзіңнен...»
Мақсаты: оқушылардың анықтамалық басылым туралы білімдерін кеңейту. Энциклопедияларды, сөздіктерді дұрыс пайдалана білуге үйрету, олардың алуан түрлерін көрсету, олармен өздігінен жұмыс жүргізіп, оларды қолдануды үйрету.

Көрнекілік: энциклопедиялар мен сөздіктер,анықтамалықтар жинағы, слайдтар,кітап көрмесі

Сабақтың барысы:

  1. Анықтамалық басылым туралы мәлімет

  2. Топпен жұмыс.

  3. Сөздіктер достығы

  4. Білім бағдаршамы

  5. Сөзжұмбақ

  6. Үй тапсырмасы


1.Кітапханашы сөзі. Анықтамалық басылым - тез тауып алатындай етіп баяндалған, безендірілген және орналастырылған ғылыми, ғылыми көпшілік, үгіт-насихаттық немесе қолданбалы сипаттағы қысқаша мәліметтері бар басылым.

Халқымызда «Ізденген-жетер мұратқа» деген дана сөз бар. Яғни,әр нәрсені білуге талпынып,білімнің тереңіне бойлау- адамды рухани байытады.Дүниеде балалар түсіне бермейтін жәйттер көп-ак.

Өмірді жете танығысы,бәрін білгісі келетін олар«Неліктен»,»Қайдан»,»Не үшін» деген тәрізді сұрақтарға жауап іздеп,бір тыным таппайды.Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы-табиғи заңдылық.

.

Адамның бұрын-соңды болып өткен оқиғалар мен даталардың, цифрларды бәрін бірдей есінде сақтауы мүмкін емес. Сондықтан да, бір сұраққа жауап алу үшін сөздіктер мен энциклопедиялардың көмегіне сүйенуге тура келеді.



Бүгінгі өткелі отырған кітапханалық сабағымыз – балаларға бағыт-бағдар сілтейтін,сан алуан тақырыпты қамтитын энциклопедиялар мен сөздіктер,анықтамалықтарға арналмақ.


Балаларға сұрақ қою.

Энциклопедия – француз тілінен шыққан сөз. Ол – «білім жинағы» деп аударылады. Бұл бағытта шығарылатын ғылыми басылым. ( слайд)
Энциклопедиялар да әр түрлі болады.

Кұралымы бойынша: әліпбилік, жүйелі ( слайд)

Ақпараттың көлемі бойынша: үлкен – 10 томнан асатын, шағын – 10-12 томдық, қысқаша – 4-6 томдық, энциклопедиялық – 1-3 томдық.

Материалдарды таңдау жағынан - әмбебап, салалық, педагогикалық, ұлттық, аумақтық, тақырыптық, өмірбаяндық.


Тұңғыш “Қазақ совет энциклопедиясы” (12 т., 1968 – 78). Балаларға сөз беру.
Қазақ ССР” қысқаша энциклопедиясы (4 т. 1984, 1987,1988-89),

Ал енді 10- томдық «ҚАЗАҚСТАН» Ұлттық энциклопедиясы ( слайд) бұл сөздіктердің бәрінен асып түседі. Оларда табиғат, тарих, ғылым және техника, өнер мен әдебиетке қатысты сөздер жинақталып берілген.

Қазақстанның табиғаты – еліміздің бай табиғаты, оның ішінде таулары, қыраттары, жазықтары, өзен-көлдері, орман-тоғайлары, жануарлар әлемі, өсімдіктер дүниесі т.б. энциклопедиялық жүйемен әліпби бойынша берілген.

Өмірбаяндық энциклопедиялар – сөздің мағынасын түсіндірмейді, ол нақты бір адамның елеулі оқиғаларын көрсетеді, энциклопедияның құрылуына назар аударыңыз – тегі алфавит бойынша, аты, әкесінің аты, мәліметтер қысқаша, ал шежіре хронологиялық тәртіппен орналасқан. Мысалы:

Абай энциклопедияcы: ( слайд) Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған.

Қазақстан балалар энциклопедиясы –( слайд ) – Аруна баспасынан шыққан « Алтын Орда» , «Қазақ хандығы», «Ежелгі Қазақстан әфсаналары», «Ежелгі Қазақстан мифтері», «Қазақтың көне эпосы»- энциклопедиялары.

Балаларға арналған танымдық энциклопедия" ( слайдтар) сериясы бойынша өте сәнді және әсем безендірілген, сапалы дайындалған кітаптар сендерді қызықтырған көптеген сұрақтарға өз бетінше жауап табуға көмектеседі. Балаларға арналған танымдық энциклопедиялардың ішінде көптеген түрлері бар: Мысалы олар: «Құстар», «Сүтқоректілер», «Әлем кереметтері», «Жануарлар»
Сұрақ-жауап энциклопедия ( слайд) – 8 бөлімнен тұрады: әлем, жер планетасы, дүние жүзі тарихы, табиғат әлемі, адам денесі, ғылым және техника, әлемге саяхат, мәдениет және спорт.
Сөздік - бұл тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, идиомдарды әліпби негізінде я тақырыптық тұрғыдан жүйеге түсіріп, олардың мағынасын ашатын, аудармасын түсіндіретін анықтамалық құралмасы ( слайд)

Алғашқы сөздік өзге тілдер сөздерін түсіндіру мақсатында ерте заманда жасалды. Қазақ тілінің сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Сөздіктің әлеуметтік қызметінің маңызы ерекше: дереккөзі ретінде жылдам ақпарат алуға болады; сөздердің мағынасы мен дұрыс қолданылуы туралы нормативтік бағыт береді, т.б.

Сөздік мағынасын ашып, түсінігі берілген, басқа тілге аударылып, әліпбилік ретімен берілген сөздер жиынтығы. Сөздер сөздіктерде алфавит тәртібімен, ал энциклопедияларда жекелеген тақырыптар бойынша беріледі. Сөздік пен энциклопедиялармен жұмыс жасағанда ең қиыны - әліпбиді білмеу.
Ал сендер қандай сөздіктер білесіңдер?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет