Сабақ жоспары " Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру "


Информатикадан күнделікті сабақ жоспары "Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі "



бет2/2
Дата04.08.2017
өлшемі390,35 Kb.
#22914
түріСабақ
1   2

Информатикадан күнделікті сабақ жоспары "Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі "

5 сынып. 3 сабақ. Мерзімі: 19.09.2013 жыл

Сабақтың тақырыбы:  Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Сабақтың  мақсаты Ақпараттардың алуан түрлерімен және оларды өңдеу тәсілдерімен таныстыру.

Сабақ міндеттері:

   Білімділік: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі ұғымдарын қалыптастыру.

  Дамытушылық Оқушылардың  ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.



  Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары:  компьютерлер, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

                    I.            Ұйымдастыру кезеңі

                 II.            Өтілгенді пысықтау

               III.            Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

              IV.            Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

                 V.            Жаңа ұғымдармен қолдану кезеңі

              VI.            Бақылау кезеңі

Сабақ барысы

                                           I.            Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



                                        II.            Өтілгенді пысықтау

  • Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  • Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

  • Байланыс тілі деп нені айтады?

  • Қандай тілдерді білесіңдер?

  • Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

  • Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір

                                     III.            Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

Мәтіндік ақпарат

Оқулықтағы мәтін,дәптердің шығарма,ауа райын болжау,радио арқылы хабар

Сандық

Көбейту кестесі,арифметикалық мысал,хоккей оцындағы есеп.

Графикалық апарат

Суреттер,схемалар,сызбалар,фотосуреттер.

Музыкалық апарат

Дыбыстар,музыка,сөз.

Бейне апарат

Түрлі түсті графика,дыбыс,фильмдер,екі және үш өлшемді жылжымалы обьектілер.

Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.

Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы апарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналдар жіберу.

Сигналдар аналогтық (үздіксіз), дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтық сигналдарға мысалдары: температура, ток, кернеу, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфабит әріптері, музыкалық нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудіү уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айнаддыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.

Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізе ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық. объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың акпаратгың көлемі деп - хабардың ұзындыгын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез-келген сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немес 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.





Информатикадан күнделікті сабақ жоспары "Пернетақта. Пернелер тобы"

5 сынып. 6 сабақ. Мерзімі: 10.10.2013 жыл

Сабақтың тақырыбы:  Пернетақта. Пернелер тобы.

Сабақтың  мақсаты: Пернетақтаның  жұмысымен таныстыру арқылы, оқушылардың компьютерді қолдана білу қабілеттерін арттыру.

Сабақ міндеттері:

   Білімділік: Пернетақтаның функционалды пернелері жөнінде мағлумат беру.

 Дамытушылық Оқушылардың  ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

 Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары:  компьютерлер, пернетақта тренажері, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

        I.            Ұйымдастыру кезеңі

     II.            Өтілгенді пысықтау

   III.            Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

  IV.            Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

     V.            Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  VI.            Бақылау кезеңі

Сабақ барысы


  1. I.            Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

  1. II.            Өтілгенді пысықтау

  • Компьютердің негізгі құрығыларын ата.

  • Компьютер жадысының қандай түрлерін білесіңдер?

  • Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.

  • Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын ата.

  • Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта.

  • Монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не?

  1. III.            Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

Пернетақта   (Клавиатура)           

     Пернетақта  - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы.Онда  101 немесе  102  перне  болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып  табылады.

Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:

1.Пернені басқанда  пернетақтаға  орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.

2. Скан-код  микросхемаға  түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.

3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаныңадресін табады.

4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

5.  Енгізілген (бірақ  өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.



Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

 -басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық   ернелер)

 -функционал пернелер: F1-F12

 -арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt,  BackSpace

 -меңзерді басқару және редакциялау  пернетақтада.

 -сандық пернетақта.

   Функционалдық  пернелер-   Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар  компютердің  күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі  қызмет  атқарады.

       Символдық  пернелер – пернетақтаның  негізгі  бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.



       Нұсқаушы  немесе  меңзерді  экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

       Цифрлық-қосыма   NumLock  пернетата арқылы қосылып ажыратылады.

Enter - енгізу  пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.

  немесе Backspace   пернесі  алдыңғы  символды өшіреді.

Shift  - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock  - алкен әріптер енгізіледі.

Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің  комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt 



  1. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  • Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап беру.

  • Sin.kz  бағдарламасындағы тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

  1. V.            Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  • Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.

  • Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу.

VI.Бақылау кезеңі

  • Компьютердің сыртқы  құрылғыларын ата?

  • Енгізу-шығару құрылғыларын айтыңыз

  • Пернетақтаның блоктарын айт.

  • Негізгі пернелердің қызметі қандай?

 

Информатикадан күнделікті сабақ жоспары "Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі."

5 сынып. 7 сабақ. Мерзімі: 17.10.2013 жыл



Сабақтың тақырыбы:  Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі.

Сабақтың  мақсаты: Бағдарлама және бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен  таныстыру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Бағдарлама түрлері мен міндеттері  жөнінде мағлумат беру.

 Дамытушылық Оқушылардың   есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары:  компьютерлер, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өтілгенді пысықтау

  3. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

  4. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  5. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  6. Бақылау кезеңі

Сабақ барысы

  1. I.            Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

  1. II.            Өтілгенді пысықтау

  • Компьютердің сыртқы  құрылғыларын ата?

  • Енгізу-шығару құрылғыларын айтыңыз

  • Пернетақтаның блоктарын айт.

  • Негізгі пернелердің қызметі қандай?

  1. III.            Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

Бағдарламалық  құралдар - әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды. Олар:

►► Жүйелік деп аталатын, к-ң барлық кұрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын;

►► Қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;

►► Бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.



БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАР

Компьютердің бағдарламалық жасақтамалары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система -ОС) негізгі болып табылады.

ОЖ — компьютердің барлық мәліметтерді өндеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ - әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады. компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді.

ОЖ-лер өте көп, бірақ біздің арнайы қарастыратынымыз — үйде және мектептерде түрған компьютерлердің операциялық жүйелері. Бұдан аз-ақ уақыт бұрын мүндай компьютерлерде ОЖ МS DОS тұратын. Қазіргі кезде кең тараған жүйелер: WINDOWS 95, WINDOWS 98, WINDOWS NT.

Бұл операциялық жүйелердің және көптеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың, бағдардамалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жасаушысы) — американың Місrosoft фир-масы.

Компьютерде жұмые істеу - негізінде оның ОЖ-мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және "жақын достықта" екендігі өте маңызды.

Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілін интерфейс деп те атайды. Дербес компьютерлерде қатынасудың - интерфейстің - командалық және терезелік екі тәсілі болады.

Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ-нің командаларының, жиынтығының кемегімен қатынас кұралады, олар өте көп және жазылу түрлері де әр түрлі. Командалық интерфейсі бар ОЖ-ға ОЖ МS DОS жатады, ол компьютерлерде соңғы жылдарға дейін негізгі болын келді. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу үшін, ОЖ МS DОS нұсқауларының қалың томдарын оқып үйрену қажет болды.

Терезелік интерфейстің жөні басқа, ол WINDOWS типті ОЖ -де жүзеге асырылған. Мұнда компьютермен қатынасу көбіне тек маус құрылғысы арқылы жасалады. Компьютермен жұмыс істеу үшін, экранда графикалық бейнелер түрінде керсетілген әрекеттерді маустың көмегімен таңдау жеткілікті. Экранда графикалық формаларды таңдау, жедел көмек жасау (оперативті көмек сөз), анықтама жүйесі адамның компьютермен катынас кұруды сезу дөрежесінде түсінікті етеді.

Оның үстіне ОЖ WINDOWS бір мезгілде бірнеше мәселелерді. ал  МS DОS тек бір мәселені ғана шешуге мүмкіндік береді.

Әрине. WINDOWS типті ОЖ-лер тек белгілі жағдай жасалғанда, яғни процессордың жұмысынын жылдамдығы арттырылғанда, компьютердің жедел және тұрақты жадының көлемі үлкейтілгенде ғана  МS DОS -тың орнын басты.

Қолданбалы бағдарламалық жасақтама мәліметтерді өңдеудің нақты мәселесін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжатгар құруға, графикалық объектілер даярлауға, әр түрлі есептеулер жүргізуге және өздеріңнің демалыстарыңды ұйымдастыруға т.б. жасауға болады.

Қолданбалы бағдарламаларды арнайы және әмбебап бағдарламалар деп екі топқа бөледі.

Арнайы (мамандандырылған) бағдарламаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады, мысалы, бухгалтерлік бағдарламалар, проект жасаушылар, дәрігерлер пайдаланатын т.б. бағдарламалар.

Әмбебап бағдарламаларға мәтіндік және графикалык редакторлар, электрондық кестелер, электронды пошта бағдарламалары, яғни адамдардың көбі пайдаланатын бағдарламалар жатады. Бірімен-бірі байланысты бірнеше қолданбалы бағдарламаларды біріктіретін бағдарламалар да бар, оларды интегралданған бағдарламалар дестесі деп атайды. Мысалы, мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасын басқару жүйесі.

Жүйелік бағдарламалық жасақтамаларға драйверлер де жатады. Бұл компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалар, оларда осы құрылғылар жөнінде барлық ақпарат болады. Операциялық жүйе қосылатын құрылғылармен олардың драйвері арқылы қатынасады. Мысалы, ОЖ винчестерге белгілі бір мәліметтерді оқып алуға команда береді. Ал винчестердің драйвері моторды қосуға, бастиекті жадтың белгілі жеріне әкелуге және оқып шығуға команда береді. ОЖ-нің драйвер арқылы жұмыс істеуі қосылатын құрылғыларды ұдайы ауыстырып және жаңалап отыруға мүмкіндік береді.

Төртінші тараудан бастап сендерді кейбір қолданбалы: WordPad, Калькулятор, Раіnt  бағдарламаларымен  таныстырамыз. Олар WINDOWS-тың құрамына кіреді, сондықтан оларды оның қолданбалары деп атайды. Осыған байланысты WINDOWS'98-ді біріктірілген жүйе деп атайды, себебі бұған операциялық жүйе бөлігінен басқа да қолданбалы бағдарламалар кіреді.

Бағдарламалау жүйелерінің құрамына бағдарламалау тілдері және арнайы бағдарламалар кіреді, олардың көмегімен құрылған бағдарламалар компьютердің жадына енгізіледі, түзетіледі, тестіленеді және орындалады.

Жүйелік бағдарламаларды көбінесе бағдарлама құрушылар (бағдарламалаушылар) пайдаланады.

Бағдарламалау тілдері өте көп. Мысалы, Паскаль, Бейсик, СИ, Фортран, Кобол, Пролог, Ассемблер, ПЛ-1 тағы басқалар. Осы тілдерде бағдарламалаушылар бағдарламалар жазады және арнайы жүйемен, бағдарламалардың көмегімен оларды өндейді, тексереді және қолдануға дайын түрге келтіреді.

Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады. Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады. Оны көп жағдайда оперативті жад деп атайды. Компьютердің сыртқы жады ақпаратты көп мерзімге сақтауға арналған, ол иілгіш және қатқыл дискілерде, магаитті таспаларда, оптикалық және магнитті-оптикалық дискілерде орналастырылады.



  1. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  • Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап беру.

  • Sin.kz  бағдарламасындағы тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

  1. V.            Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  • Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.

  • Оқулықта берілген тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

VI.Бақылау кезеңі

  • Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?

  • ОЖ-нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атаңдар.

  • Интерфейс деген не? Қандай интерфейстерді білесіңдер?

  • Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?

  • Олардың классификациясын түсіндіріңдер

  • Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

  • Драйвердің рөлі қандай?

Үйге  тапсырма: «Информатика -  5 сынып» Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, §8, 59-67 беттер
Каталог: uploads -> doc -> 02a4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02a4 -> Сабақ Мұғалімі: Нурмуханова С. С. 2016-2017 оқу жылы
02a4 -> Сабақтың тақырыбы: «Жас биологтар»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет