ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАЛДЫҚОРҒАН СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
САБАҚ ЖОСПАРЫ №
Пән: Кондитер өнімдерге арналған шалафабрикаттар
Сабақ тақырыбы: Қосымша шикізаттар. Дәмдік заттар
Сабақ түрі:
Сабақтың мақсаты
| Білімділік: Студенттерге Қосымша шикізаттар мен дәмдік заттарды түсіндіріп, мақсаты мен міндетін айқындау. |
Дамытушылық: Білім, білік дағдыларын, ойлау қабілетін дамыту.
|
Тәрбиелік: Студенттерді ұқыптылыққа, тазалыққа, пән сүйгіштікке тәрбиелеу.
|
Жаңа сабақ
Тағамдық қоспалар – шикізатқа, жартылайфабрикатқа немесе дайын өнімге олардың сақтау мерзімін ұзарту немесе белгілі бір қасиетін жақсарту мақсатында әдейілеп қосылатын табиғи, жартылай табиғи немесе табиғи емес (синтетикалық) заттар.
Тағамдық қоспаларды (сірке қышқылы, ас тұзы және т.б.) қосу тарихы бірнеше мың жылдарды құрайды. Дегенмен де оларға көңіл XX ғасырлардың екінші жартысында да ғана көңіл бөлінді. Тағамдық қоспаларды кеңінен қолдану олардың жіктеп қарастыруға, қолдану технологиясын, гигиеналық регламеттерін жасау қажеттігін тудырды.
Себебі, тамақтану – халықтың денсаулығын анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Дұрыс тамақтану балалардың жақсы өсіп, дамуын, адам өмірінің ұзаруын, жұмыс сітеу қабілетін қамтамасыз етеді, аурудың алдын алады, адамдардың қоршаған ортаға қалыптасуна да жағдай туғызады.
Тағамдық қоспаларды енгізудің негізгі мақсаттары келесідей нәтижелерді қарастырады:
1. Тағамдық шикізаттың өңделу және дайындалу технологиясын жетілдіру, тағам өнімін дайындау, буып-түю, сақтау және тасымалдау. Бұл жағдайда қолданылатын қоспа шикізаттың сапасыздығын және технологиялық оперпациялардың антисанитариялық жағдайда өткізіліп жатқандығын бүркемелеуі қажет;
2.Тағам өнімдерінің табиғи сапасын сақтау;
3. Тағам өнімдерінің органолептикалық қасиетін сақтау және сақтау кезінде тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Тағамдық қоспалардың қолданылуы ұзақ пайдаланған жағдайдың өзінде де адам денсаулығына зиянсыз болуы керек. Тағамдық қоспаға өнімнің тағамдық құндылығын жоғарылататын қосылыстар және биологиялық белсенді заттарға жататын дәрумендер, микроэлеметтер, амин қышқылдары жатқызылмайды. Бұл жіктелу олардың технологиялық функциясына байланысты жасалған.
Технологиялық жағдайда қолданылатын тағамдық қоспалар мен көмекші материалдар арасында айырмашылықтар бар, көмекші материалдар- тағамдық қоспаға жатпағанымен, шикізатты өңдеу кезінде технологияны жақсарту үшін қосылады; дайын өнімдерде көмекші материалдар мүлде болмауы керек, бірақ кейде жойылатын қалдықтар түрінде анықталуы мүмкін. Тағамдық қоспаларды (тұз, бал, бұрыш және т.б.) адамзат баласы ұзақ жылдар бойына қолданып келеді, бірақ олар XIX ғасыр соңында кеңінен қолданыла бастады және бұл халық санының артуымен, яғни тағам өнімдерінің қажеттілігінің көлемінің артуымен, биотехнология жетістіктерімен дәстүрлі технологияны жетілдірумен тығыз байланысты болды. Бүгінгі таңда өндірушілердің тағамдық қоспаларды кең пайдалану себептерін көрсетуге болады. Оларға:
өндірілген өнім алыс қашықтықтарға тасымалданатын болғандықтан қазіргі жағдайда өнім сапасын сақталу мерзімін ұзарту жағдайында тағамдық қоспалардың қосылу қажеттілігін анықтайды;
қазіргі тұтынушылардың жылдам өзгеретін өнімнің дәмі мен сыртқы түрі және қажеттіліктерінен, қымбат емес құнынан, пайдалану қолайлылығынан тұратын жекелік көзқарастары, мысалы, ароматизаторлар, бояғыштар және басқа да тағамдық қоспаларды қажет етеді.
өнім консистенциясын реттейтін тағамдық қоспаларды пайдаланумен байланысты тағамдану ғылымының қазіргі талаптарына сай жаңа тағам түрін жасау.
дәстүрлі тағамдық өнімдер алу технологиясын жетілдіру, жаңа тағамдық өнімдер түрін, соның ішінде функционалды мақсаттағы өнімдерді алу.
Достарыңызбен бөлісу: |