Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
___________________
№ 54 сабақ жоспары
Бағдарлама жоспары: 11. Өңір және жаға сызбасын құрастыру
Сабақ жоспары: 8. Түймелігі жоғарыға дейінгі тік жағаны құрастыру.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға түймелігі жоғарыға дейінгі тік жағаны құрастыру барысында практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды теориядан алған қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жұмыс барысында төзімділікке, бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа тәрбиелу.
Сабақтың материалдық жабдықталуы: Нұсқау карта, сызғыш, карандаш, күнделік.
Сабақ түрі: Аралас
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: 5 – 6 мин.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
3. Жұмыс орнын сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау
Оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау.
Лацкан дегеніміз не?
Раскеп дегеніміз не?
1-ші түймелік орны қалай орналасады?
Л нүктесі дегеніміз не?
Мойын оындысындағы жаға биіктігі неше см?
Жіңішке раскеп лацкан қайырылу сызығымен лацкан шығыңқысының
арақашықтығы?
Типтік раскеп лацкан қайырылу сызығымен лацкан шығыңқысының арақашықтығы?
Кең раскеп лацкан қайырылу сызығымен лацкан шығыңқысының арақашықтығы?
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
Түймелігі жоғарыға дейінгі тік жағаны құрастыру
Жаңа материалды баяндау:
Жаға киім сырт түріне әдемі форма беретін маңызды бөлшек. Жаға киімде мойын ойындысында орналасады. Жағалар мойын ойындысында қосу әдісі бойынша 2 түрге бөлінеді: 1. қондырма
2. бір тұтас жағалар
Жағалар конструкциялық шешім бойынша яғни мойын ойындысының формасы бойынша 2 түрге бөлінеді:
Жабық мойындық (түймелігі алқымына дейін)
Ашық мойындық ( түймелігі қайырмасына дейін)
Жағалардың пішін түрлері: тік, қайырма, қайырма тіктемесімен, қайырма қайырмамен, апаш, шаль, хамут және фантази.
ВВ2 – ортасы (жібінін бағыты)
В2А4 – қайырма қиығы
А4А2 – шеті
ВА – тіктемесі
АА2 – раскеп
В1А2- қайырылатын сызығы
Тік жағаның құрастырылуы
90̊ бұрыштан басталады
ОА = 22 жағаның ұзындығын белгілейміз, ол алдыңғы және артқы бойдағы мойын ұзындығына тең.
ОВ = 3 ÷ 7 см тіктеменің биіктігі
ОА –жағаны мойын ойындысына қондыру сызығын модель бойынша безендіреді
а) тігінен
б) қиғаш орналасқан – жағаның ұшы 0,5 ÷ 4 см жоғары көтерілуі мүмкін
в) тіктеме түймелігімен
5. Жағаның ұшы тік немесе дөнес безендірілуі мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |