Сабақ жоспары. Қазақ тілі 8 сынып Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы сөйлем мүшелері



Дата24.05.2017
өлшемі69,27 Kb.
#16780
түріСабақ

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Маликова Айнұр Кеңесбайқызының

сабақ жоспары.

Қазақ тілі 8 сынып

Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы сөйлем мүшелері.

Жалпы мақсаты:Сөйлем мүшелері туралы түсінік беру, грамматикалық белгілерін ажырата білуге, сөйлем ішіндегі сөйлем мүшелерін дұрыс қолдануға дағдыландыру. Ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік бере отырып,ойларын еркін жеткізуге баулу.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Лексикалық тақырып бойынша көп сөздер мен сөйлемдер үйренеді. Бір-бірін оқытуда жауапкершілікті сезініп, түсінгенін өз мысалдарымен дәлелдеп жеткізуге тырысады.Бір-бірін мұқият тыңдайды, жаңа сөздер мен сөйлемдерді қолданып, мәтін құра алады.Сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдануға үйренеді.

Негізгі идеялар: Оқушыларға тақырыпты өзіндік меңгеруіне үйрету,ауыз-екі-сөйлеу тілін дамыту.



Сабақта қолданылатын материалдар: Суреттер, үлестірме кәртішкесі, алфавит тізбегі,слайд-презентация

Оқыту әдістері: «Сұрақты тауып ал», «Көршіңмен сырлас», «Алфавит тізбегі», «Ұшбұрыш» әдістері, Жеке тұлғаға бағытталған технология элементі. Деңгей бойынша оқыту 1. Диалог 2.сұрақ-жауап әдісі

3.жұптық , ұжымдық жұмыс 4. түсіндіру әдісі



Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақ кезеңдері мен әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Психологиялық ахуал

Оқушылармен амандасқаннан кейін жағымды көңіл туғызу үшін бір- біріне жақсы тілек білдіруін сұраймын.

Қысында отырған сыныптастарына қазақша лебіздерін білдіреді.

Кіріспе бөлімі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Үй жұмысын тексеру
Жеке тұлғаға бағытталған тапсырма

Модуль бойынша өткен мәтіндердің мазмұнын тексеру үшін әр оқушыны сынып алдында сурет бойынша сөйлетемін.

Кезек-кезекпен суретті таңдайды да, әңгіме құрады.

( барыс, қыран, күн, бәйтерек, шаңырақ, Астана, ою)



Оқушылық деңгей

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

«Сұрақты тауып ал»

әдісі


Тақтада «Қазақстан» тақырыбына бірнеше сөйлемді оқушыларға кезекпен оқытамын да, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем екенін ажыратуды сұраймын.

а) Отансүйгіштік қазақтар үшін ең жоғары қасиет болып саналады.

в) Тудың ортасында жарқырап шыққан күн-бейбітшіліктің белгісі.

с) Әсем Есілдің оң жағасындасалынып жатқан жаңа Астананың сұлулығы ерекше.

д) Мемлекетімізде әр түрлі ұлттар тату өмір сүріп жатыр.

е) Қазақстанның жер көлемі

2,7 миллион шаршы

шақырымнан асады.

ж) Қазақстан- көп ұлтты

егеменді мемлекет.



Тақтадағы сөйлемдерді мәнерлеп оқиды. Бұл сөйлемдер қандай сұраққа жауап екенін айтады. Сұраулы сөйлем құрады.

а) Қазақстан қандай мемлекет?

в) Тудағы күн нені білдіреді?

с) Астана қай жерде орналасқан?

д) Қазақстанның жер көлемі қанша?

е) Қазақтар үшін ең жоғары қасиет?




Алгоритмдік деңгей

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

«Көршіңмен сырлас» әдісі

( жұптық жұмыс)




Сөйлем сөйлем мүшелері

тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер

а) Оқушыларға тақтадағы тірек сызба бойынша жұмыс істеуді тапсырамын.
в) Бағыттаушы сұрақтар арқылы ережені сұраймын.

с) бай, рәміздер, қазақстандықтар, бәйтерек, Жолдау сөздерімен сөйлем құруды тапсырамын.


а) Ең алдымен, оқушылар ойланады. Өз білімдерімен көршілерімен бөліседі, бір-бірінің жауабын толықтырады да, ойларын ортаға салады.

в) Ережені мысалмен дәлелдейді.

с) Берілген сөздермен әр қайсысы жайылма сөйлем құрастырады.



Эвристикалық деңгей

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті




Тақырыпты қаншалықты меңгергенін бақылау үшін ауызша жұмыс жүргіземін.

а) Біз отыншыл болуымыз керек.

в) Әке-шешесін сыйлаған балада намыс болады.

с) Адам өз ісінің шебері болу керек.

д) Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау керек.

е) Астана- мемлекетіміздің бас қаласы.



Кезекпен берілген сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін табады.

Шығармашылық деңгей

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Деңгейлік тапсырмалар,

«Ұшбұрыш» әдісі


I «Өз елім бәрінен жақсы» эссе жазу;

II Үш оқушы ауызша жұмыс істейді.

III Жеке тапсырма орындайды.


Екі оқушы өткен тақырып бойынша бір-бірімен сұхбаттасады, ал үшінші оқушы мұқият тыңдап, түсінгенін мазмұндайды.

2. Дәптерге тек дұрыс сөйлемдерді көшіреді.



Қорытынды

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

«Алфавит тізбегі» әдісі



Оқушыларға өтілген тақырып бойынша алфавиттегі әріптерден басталатын сөйлем айтуды тапсырамын.

Сабақ бойы айтылған мәліметтерді естеріне түсіреді, тақырыпқа сәйкес сөйлемдер құрастырады.

Рефлексия

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

«Хат жазу» әдісі



Сабақ бойынша ұсыныстары мен тақырып бойынша түсінбегендерін жазуды сұраймын.

Мұғалімге хат жазады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет