Қысқа мерзімді жоспар 8 сынып
Компьютер мен желілердіңтехникалықсипаттамалары
|
Мұғалімнің аты жөні : Базарова Эльмира
|
Күні: 13.09.2018
|
Сыныбы: 8 а,ә
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ақпаратты өлшеу.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
|
8.2.1.1-ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану
|
Сабақтың мақсаты:
|
- Ақпарат көлемін анықтауда қолданылатын алфавит, алфавит қуаттылығы, алфавит салмағы және символ саны ұғымдарын білу;
- Алфавит тәсілін қолдану арқылы ақпарат көлемін, қуаттылығын анықтауға арналған формулаларды білу;
- Алфавит тәсілін қолдану арқылы ақпарат көлемін, қуаттылығын анықтауда қолданылатын формулаларды түрлендіре отырып, ақпарат салмағын және символ санын табу.
|
Бағалау критерийлері:
|
-Ақпарат көлемін анықтауда қолданылатын алфавит, алфавит қуаттылығы, алфавит салмағы және символ саны ұғымдарын біледі;
-Алфавит тәсілін қолдану арқылы ақпарат көлемін, қуаттылығын анықтауға арналған формулаларды біледі;
-Алфавит тәсілін қолдану арқылы ақпарат көлемін, қуаттылығын анықтауда қолданылатын формулаларды түрлендіре отырып, ақпарат салмағын және символ санын табады.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқытудың тілдік мақсаты:
Оқушылар алфавиттік тәсіл көмегімен ақпарат көлемін және қуаттылығын анықтай алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
- Алфавиттік тәсіл, Хартли формуласы, алфавит қуаттылығы, ақпарат салмағы, символ саны
Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
-Компьютерлік алфавит ...... жиынтығын қамтиды.
- Ақпараттың қуаттылығын .... формуласымен анықтай аламыз.
-N=2х берілген формуласы ақпараттың...... білдіреді.
- І=K*х формуласы ақпараттың ...... білдіреді.
|
Құндылықтарға баулу
|
Сын тұрғысынан ойлау кабілетін, проблемаларды шешу қабілетін, жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеттерін қалыптастыру.Адал еңбекке,өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарауғатәрбиелеу, өмір бойы оқуға дайындау, АКТ саласындағы дағдыларын дамыту.
|
Пән аралық байланыс
|
Математика пәнімен:
Оқушылар математикалық формулаларды пайдалана отырып ақпарат қуатттылығы мен көлемін анықтайды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндерімен:
Компьютерлік алфавит қазақ, орыс және ағылшын тілінің әріптері мен тыныс белгілерін қамтиды.
|
Алдынғы білімдер
|
Спираль тәрізді білім беру жүйесі іске асады.
Оқушылар ақпарат ұғымы, ақпараттың өлшем бірліктері, ақпараттық үдерістер туралы мәліметтерді 5,6,7 сыныптардан біледі.
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(7 минут)
|
Жасырын бетшелерге ақпарат түрлерін жазып, оқушыларға бетшелерді таңдауға мүмкіндік беріледі. Таңдалынған бетшелердегі ақпарат түрлеріне қарай топтарға бөлінеді.
І – топ: Мәтіндік ақпарат
ІІ – топ: Графикалық ақпарат
ІІІ – топ: Сандық ақпарат
Қызығушылықты ояту.(Көрсетілім және тыңдалым) Экранда bilimland.kz порталынан ақпаратты өлшеу туралы бейнекөрсетілім көрсетіледі.
«Еркін микрофон» әдісі
Микрофонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.
Ақпарат дегеніміз не? Ақпараттың қандай түрлерін білесін?
Ақпараттық үдеріс сөзін қалай түсіндіресін?
Ақпарат өлшем бірліктерін ата?
Екілік код деген не?
«Мадақтау» әдісі арқылы бағалау
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
|
Топ атауларына сәйкес жазылған мәтін түрлері және топ атаулары жазылған бетшелер.
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/aqparatty-olsheu-birlikteri
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |