Мұғалім: Алтынбеков Аян Серікұлы
8сынып
Күні: 11.12.2010ж
Тақырып: Зертханалық жұмыс №5 Тізбек бөлігіндегі Ом заңы.Есептер шығару.
Мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін эксперименттік бекіту.
Дамытушылық: Өлшеулер жүргізу және нәтижелерін өңдеу білігін дамыту
Тәрбиелік: Зерттеу мәдениетіне тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, шам, слайдтар, жеке карточкалар
Сабақ жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі,үй жұмысын тексеру.
ІІ Зертханалық жұмыс №5 Тізбек бөлігіндегі Ом заңы
ІІІ. Есеп шығару.
IV Қорытындылау
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі , үй жұмысын тексеру
ІІ Зертханалық жұмыс №5 Тізбек бөлігіндегі Ом заңы
Құрал-жабдықтар: ток көзі, сымдар, резистор, реостат, амперметр, вольтметр.
Жұмыс барысы:
1. Өлшеуіш құралдардардың шкаласын зерттеп, бөлік құнын анықтаңдар.
2. Ток көзінің параметрлерімен танысыңдар.
3. Электр тізбегі сызбасы бойынша құралдарды жалғаңдар.
4. Ток көзінің кернеуін өзгерте отырып , ток күшінің мәнін кестеге жазыңдар.
5. Кестедегі мәліметтер бойынша ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызыңдар.
6. Қорытынды жазыңдар.
ІІІ. Есеп шығару.
1. Егер R1=5 Ом, R2=10 Ом, R3=15 Ом, U2=1B болса, амперметрде қандай ток күші көрсетілген және АВ учаскесіндегi кернеу қандай?
Егер R1=30 Ом, R2=12,5 Ом, U1=6B болса, амперметр мен V2 вольтметр нені көрсетіп тұр?
Кедергілері 15 Ом және 20 Ом екі өткізгіш параллель қосылып, кернеуі 5В ток көзімен жалғанған. Жалпы тізбектегі ток күшін табыңыз.
Кедергілері 230 Ом, 345 Ом және 690 Ом үш шам параллель қосылып ток күші 2А желiге жалғанған. Шамдарға қандай кернеу түседi?
Кедергілері 3 Ом және 15 Ом өткізгіштер параллель қосылып, кернеуі 45В тізбекке жалғанған. Әрбір өткізгіштегі және жалпы тізбектегі ток күшін табыңыз.
Кедергілері 10 Ом және 30 Ом екі электр шам параллель қосылған. Бірінші шамдағы ток күші 0,9 А. Екінші шам арқылы күші қандай ток өтеді?
R1=50 Ом, R2=15 Ом, R2 өткізгіштегі ток күші 0,5А-ге тең болғанда R1 өткізгіштегі кернеу неге тең болады?
Үй жұмысы : §39, № 553.
IV. Қорытындылау
Кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н
Достарыңызбен бөлісу: |