Сабақ жоспары: жөніндегі орынбасары: Сарғожаева. А



Дата08.07.2018
өлшемі17,4 Kb.
#48311
түріСабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тексерілді:___________________

Наурызбаева Маусым Алтынбековна № 4 орта мектебінің директордың оқу

Қысқа мерзімді сабақ жоспары: жөніндегі орынбасары: Сарғожаева.А

22.02.2016ж

Қазақ тілі

5«в,г»сыныбы

Сабақ тақырыбы:

Басқа тілден енген сөздердің айтылуы

Жалпы мақсат:

 Басқа тілден енген сөздердің айтылуы туралы түсіндіру

Сілтеме:

  1. «Шың» кітабы

  2. 5-сыныпқа арналған Қазақ тілі оқулығы

  3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Күтілетін нәтижелер:

Басқа тілден енген сөздердің айтылуы,жазылуы туралы түсінік алады

Оқыту әдістері:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (жұптық,топтық,жеке жұмыс,диалог) 2. СТО

3.Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау(критерийлер бойынша бағалау)



Тапсырмалар:

Миға шабуыл,жаттығу жұмыстары,сұрақ-жауаптар, «адасқан әріптер» ойыны

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)

1.»Жүректен жүрекке» тренингі 2.Топқа бөлу.

1.Белсенділік таныту.

2. Шағын топтарға бірігу.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)

Дауыссыз дыбыстардың жазылу емлесі.

Өз жұмыстарын қорғайды.


ІІІ.Қызығушылықты ояту
ІV Мағынаны тану.

Жаңа тақырып (20 мин)

 «Метр,литр,трактор,трамвай» сөздері қай тілден енген сөздер?

Басқа тілден енген сөздердің айтылуы. Тілдің дыбыстық жүйесінің заңдылықтары-оны басқа тілдердің әсерінен қорғайтын «иммунитеті».Ал иммунитетінен айырылған тіл сыртқы әсерге оңай ұшырайды.Сондықтан басқа тілден енген сөздерді айтуда,жазуда тілдің өзінің дыбыстық заңдылығын сақтау-басты талап.Қазақ тіліндегі дос,рас сөздерінің парсы тілінен енген дост, раст деген сөзінен шыққан.Тіліміздің дыбыстау заңдылығына бағынбайтын бір дыбыс түсіп қалады. Тілімізге басқа тілдерден енген сөздермен «ілесе» келген в,ф,ц,ч,и,я,ю сияқты дыбыс-әріптермен бірге бр,нх,ст,нк,кл,кр,пм,кс,пт,пк сияқты тіркестер пайда болды.

Сұраққа жауап береді.

Оқушылар мысалдар арқылы,тақырыпты оқулықтан оқып, меңгергендерін пысықтап,қорғайды.

Мысалы, метр,литр деген сөздер қазақша метір,литір түрінде айтылады.



Жазылуы-айтылуы.

Стакан-ыстакан

Шкаф-ышкап

Киоск-киоскі

Танк-танкі

Тапсырмалар

 І.Оқулықпен жұмыс.

273 – жаттығу. Мәтіндегі басқа тілден енген сөздерді тауып,оларға қосымшалар жалғап жазу.

Дәптермен жұмыс. Жаттығуды жазады.Жеке жұмыс.

V.Ой толғаныс. (5 мин)

1.Мәтін бойынша сұраулы сөйлем түріндегі жоспар құру.
2.«Адасқан әріптер» ойыны. Сөздерге фонетикалықталдау жасау.
1. р,о,б 4. қ,ы,а,з,қ
2. а,ш,а,ғ 5. а,л,а,д
3. т,р,е,м,е 6. і,м,б,л,
і

Топтық жұмыс.

VІ. Үй тапсырмасын беру (2 мин)

1.Басқа тілден енген сөздердің айтылуы.

2. 274 - жаттығу.

3)Ереже жаттау.

Үй тапсырмасын түртіп алады.

VIІ. Бағалау (5 мин)

Критерийлер бойынша оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Қорытынды баға шығару

VIIІ. Инсерт стратегиясы

(3 мин )


«Білемін»,«Білгім келеді», «Үйрендім»

Ауызша айту


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет