Сабақ жоспары. Көңілді старт



Дата26.08.2017
өлшемі74,32 Kb.
#28700
түріСабақ
ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы

«Абай атындағы орта мектебі» КММ

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ақшалова Айгерім

Сабақ жоспары.

Көңілді старт
Мақматы: Спорт денсаулық кепілі екенің жеке түсіну. Спорт адамның ой-өрісін, қимыл әрекетін ептілігін арттырады. Кез келген құбылысқа қызығушылығын оятады.
І- жүргізуші: Уа спорт сенде рахат сулулығы өмірдің,

Дамуы мен тазалығы өмірдің.

Сен арқылы түсіністік ұғыстық,

Сен әлемге әкелесін тыныштық.


ІІ- жүргізуші: Армысыздар, ардақты бүгін ағайын,

Жарқырайды сіздерменен маңайым.

Келіп тұрмыз бұл сайысты бастауға.

Сөз беремін қиындықтан қашпауға.



І- жүргізуші: Сіздерге бүгін сенеміз

Риза болып сонда біз

Әділ баға қойсаңыз

Мүмкін біздер жеңеміз, - дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырайық.

1. Қалимажанов Төлеген аға

2. Саябаев Беделбек аға


ІІ- жүргізуші:Ұраны келген осы сайыскердің

Ертеңі олар болашағы елінің

Сынатпақ болып өнерін

Келіп тұр міне ортаға , - енді ортаға сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз.

1 - команда «Тұлпар».

2 - команда «Жігер».



ӘН.

І - жүргізуші: Ал бастайық бұл сайысты бәріміз
ІІ - жүргізуші: 1 – белесіміз «Таныстыру» – деп аталады сайысқа қатысушы әр команда өздерін таныстырып, эмблемаларын әділқазылар алқасына тапсырады.


І - жүргізуші: 2 – белесіміз «Көкпар» - деп атаймыз, бұл сайысқа әр команда доппен жарысады. Команда ойыншылары ретімен кезектесіп жарысады.
ІІ - жүргізуші: 3 – белесіміз «Жорға» - деп аталады, бұл жерде командалар рет-ретімен скакалкамен жарысады. 2 командаға да сәттілік тілей отырып 3-белесімізді бастаймыз.
І - жүргізуші: 4 – белесіміз «Теңге алу» – деп аталады, бұл белесте команда мүшелері обручтың комегімен жарысады. Ең алдымен командадан 1 ойыншы обручты алып жүгіріп келеді де 2 ойыншыны қосып алып тағыда жүгіріп келеді де ойын ары қарай жалғаса береді.
ІІ - жүргізуші: Келесі белесіміз «Арқан тарту». Бұл белесте екі команда қарама-қарсы тұрып берілген арқанды тартады.
І - жүргізуші: 6 – белесіміз «Бәйге» - деп аталады. Бұл белесте қапты аяққа киіп алып, секіріп белгіленген жерге дейін барып қайту керек.
ІІ - жүргізуші: 7 – белесіміз «Кім жылдам» - деп аталады, бұл сайыста көп кедергілерден өту керек. Ең бірінші скакалкамен 3 рет секіріп алады да ары қарай өтеді. Келесі обручты алады да 3 рет айландырып өтеді, одан кейін қаппен доптың қасына барады да, қапты шешіп допты 3 рет жерге соғады. Қайта қапты киіп кедергілерден қайталап өту керек.
І - жүргізуші: Мәреге келіп қалдық аянбай

Әділ қазы айтыс бәрін, бәрі баяндай

Күтеміз енді келесі сөзді, сіздерден

Сайысшылар көрсетті өнер аянбай.


ІІ - жүргізуші: Ойында жоқ қой өрелік

Тойда жоқ қой төрелік

Дегенді бізде еске алып

Әділ қазыларға сөз берейік.


Қортындысы.

Шынықса шымыр боларсың.
Мақсаты: Спорт денсаулық кепілі екенің жеке түсіну, ең басты байлық денсаулық екеніне көңіл бөлу.Спорт адамдардың ой - өрісін арттырады, кез – келген құбылысқа қызығушылығын оятады.
І – жүргізуші: Уа спорт ! сенде рахат сулулығы өмірдің,

Дамуы мен тазалығы өмірдің.

Сен арқылы түсіністік, ұғыстық,

Сен әлемге әкелесің тыныштық.


ІІ – жүргізуші: Армысыздар, ардақты бүгін ағайын,

Жарқырайды сіздерменен маңайым.

Келіп тұрмыз бұл сайысты бастауға,

Сөз береміз қиындықтан қашпауға.


І – жүргізуші: Ән
ІІ – жүргізуші: Сіздерге бүгін сенеміз

Риза болып сонда бі

Әділ баға қойсаңыз

Мүмкін біздер жеңеміз, - дей келе бүгінгі сайсымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1.

2.

3.


І – жүргізуші: Ұраны келген осы сайыскердің

Ертеңі олар болашағы елінің

Сынатпақ болып өнерін

Келіп тұр міне ортаға, - енді ортаға сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз.

1-команда 8А сыныбы.

2-команда 8Б сыныбы



Қазақстан Республикасының әнұраны айтылсын.

ІІ- жүргізуші: Ал бастайық бұл сайысты бәріміз,

Қол соғыңыз аянбаңыз бәріңіз.


Спорт деген қасиетті ұғым ғой


Сондықтан да басталсыншы

Бүгінгі думан ұлы той.



І- жүргізуші: Командалар тұрғаннан кейін жереби арқылы ойынға қатысу ретін анықтайды.Анықталғаннан кейін әнұран ойналады.
ІІ- жүргізуші: 1- белесіміз таныстыру деп аталады. Сайысқа қатысушы әр команда өздерін таныстырып, эмблемаларын әділқазылар алқасына тапсырады.
І- жүргізушісі: Әділ қазылар алқасынан таныстыру белесінің бағасын сұрайық.
ІІ-жүргізуші: Келесі белесіміз Көкпар деп аталады. Бұл сайыста әр команда доппен жүгіріп жарысады. Команда ойыншылары ретімен кезектесіп, жарысады.
І-жүргізуші: Әділ қазылар алқасынан екінші белесіміздің бағасын берулерін сұраймыз. / әр топтың бағасын айтып береді./
ІІ-жүргізуші: ІІІ белесіміз Жорға деп аталады. Бұл жерде команда мүшелері ретімен кезектесіп скакалкамен жарысады. Барлық командаларға сәттілік тілей отырып, ІІІ белесімізді бастаймыз.
І-жүргізуші: Осы белесіміздің бағасын беруді сұраймыз.
ІІ-жүргізуші: Келесі белесіміз Кім епті деп аталады. Бұл жерде команда мүшелері обручтың көмегімен жарысады. Бұл сайыстың шарты ең алдымен команданың бір ойыншысы обручты алып жүгіріп келеді де, жанына екінші ойыншыны қосып алып, тағы да жүгіріп кедергіден өтіп жүгіріп келеді де ойын ары қарай жалғаса береді. Команданың барлық ойыншылары жүгіріп келгенше жалғасады. Ал қане ойынымызды бастайық.
І-жүргізуші: Кім епті белесінің бағасын сұраймыз. / айтып беру/
ІІ-жүргізуші: Ендігі белесіміз Бәйге деп аталады. Бұл белесте балалар мешокпен жарысады. Мешокты аяқтарына киіп алып, секіріп белгіленген жерге дейін барып қайтулары керек. Бұл жерде ептілік пен жылдамдық керек. Ал қане бастайық.
І – жүргізуші: әділ қазылар алқасынан Бәйге белесінің бағасын сұрайық.
ІІ-жүргізуші: Ән:
І-жүргізуші: Келесі белесіміз Кім жылдам деп аталады. Бұл сайыс эстафеталық ойын түрінде болады. Мына жерде тұрған кедергілерден өту керек. Ең бірінші скакалка тұр, бұл жерде скакалкамен секіріп алады да, ары қарай өтеді, келесі обручты айналдырып алады да ары қарай өтеді, одан кейін орындықтың асытанан өтіп алып, допты алып алып қайта кері қайту керек. Ал қане сайысымызды бастайық.
ІІ-жүргізуші: Кім жылдам белесінің қорытындысын сұраймыз.
І-жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Әділ қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша музыкалық үзіліс. Ән:
ІІ-жүргізуші: Мәреге міне келіп қалдық аяңдай,

Әділ қазы айтыс бәрін, бәрін баяндай,

Күтеміз енді келесі сөзді сіздерден,

Сайысшылар көрсетті өнер аянбай.


І-жүргізуші: Ойында жоқ қой өрелік,

Тойда жоқ қой төрелік.

Дегенді бізде еске алып,

Әділ қазыларға сөз берелік.


ІІ-жүргізуші: Марапаттау аяқталғаннан кейін әнұран орындалады.
Каталог: uploads -> doc -> 0cf3
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cf3 -> Сабақ жоспары сабақ: Дүниетану
0cf3 -> Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
0cf3 -> Сабақтың көрнекілігі: а түрлі сызбалар Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс Сабақтың барысы: Ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет