Сабақ жоспары МҰҒалімге ақпарат



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі425,76 Kb.
#30606
түріСабақ
  1   2   3
Сабақ жоспары

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы: Функцияны графиктік арқылы берілуі. Есептер шығару.




Мақсат:







Қолданым әрекеті

• Функцияны графикпен беру тік бұрышты координаталар жүйесі арқылы қолданылады.




Талдау әрекеті

Берілген график бойынша функцияның анықталу облысын,аргументтің қандай мәндерінде функцияның нөлге тең болатынын, өсетін және кемитін сан аралықтарын табады.




Шығармашылық әрекет

• Формуламен берілген функцияның графигін сызады, аргументтің мәнін табады.







Бағамдау әрекеті

• Функцияның графиктік тәсіл арқылы берілуін бағалайды.




Сабақ құрылымы:







І. Құзырлылық қалыптастыру (35 мин.).

ІІ. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

ІІІ. Бағамдау-бағалау (3 мин.).




Сабақ типі: тақырыпты қайталау.




Оқыту әдісі: Репродуктивті, ішінара ізденушілік




Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:







Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.




Негізгі ұғымдар мен терминдер: Функцияның графикпен берілуі.




Оқушы жетістігін бағалау:




• Оқушының оқу іс-әрекеті ол АБ, ҚҚ блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ШӘ блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.

САБАҚ БЛОКТАРЫ s










і. ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ




Деңгейлік тапсырмалар:

I деңгей тапсырмалары

  1. 1. Суретте кескінделген функция графигін пайдаланып, кестені толтырыңдар:

X

-3

-2

-1

0

2

4

У


























  1. Аргументтің қандай мәндерінде функция оң мәндерді қабылдайды?

2) Аргументтің қандай мәнінде функция ең үлкен мәнді кабылдайды?

2. Функция у=2х-3 формуласымен берілген, мұндағы х < 4. 1 қадаммен кесте құрып. Функцияның графигін салыңдар.

а) Аргументтің қандай мәнінде функция нөлге тең?



ә) Функцияның мәндерінің аймағын қос теңсіздік түрінде жазыңдар.

II деңгей тапсырмалары

Функция у=- х+4 формуласымен берілген.

Функцияның анықталу аймағы -2≤х<6. Қадамы 2-ге тең кесте құрып, функцияның графигін салыңдар

Графиктен табыңдар:

а) х=1; 3 болғандағы у-тің мәндерін;

______________________________________________________________________ ә) у=5; -1 болғандағы х-тің мәндерін;

______________________________________________________________________ б) Функцияның мәндерінің аймағын қос теңсіздік түрінде жазыңдар.

______________________________________________________________________ III деңгей тапсырмалары







Суретте ескекті қайықтың және моторлы қайыктың козғалыс графиктері берілген.

Графиктен анықтаңдар:

  1. Қай график ескекті қайықтың, қай график моторлы қайықтың қозғалыс графигі екенін;

  2. Ескекті кайықтың жылдамдығын;

  3. Моторлы қайықтың жылдамдығын;

  4. Бір пункттен бірдей уакытта шыққан қайықтар 3 сағ жүзген соң бір-бірінен неше километр қашықтықта болады?







ІІ. Шығармашылық деңгей

Топтық жұмыс.

Сыныптағы оқушылар жұптасып келесі тапсырманы орындайды



формуласымен берілген функцияның графигін сызыңдар, мұндағы . Графиктен мыналарды анықтаңдар:

  1. Функцияның 6-ға тең мәніне сәйкес аргументтің мәнін табыңдар;

  2. А(2;5), B(1;6), C(-1;4) нүктелерінің қайсысы берілген функцияның графигінде жатады?






ІІІ БАҒАМДАУ-БАҒАЛАУ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет