Сабақ жоспары МҰҒалімге ақпарат



бет2/3
Дата08.09.2017
өлшемі425,76 Kb.
#30606
түріСабақ
1   2   3

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________



Сабақ жоспары

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі.




Мақсат:







Білім

• Сызықтық функция және оның графигін таниды.




Түсінік

• Сызықтық функцияның графигін салуды түсінеді.







Қолданым әрекеті

• Кесте құру арқылы сызықты функцияның графигін салады.




Талдау әрекеті

• Сызықты функцияның графигі қандай сызық болатынын талдайды.




Шығармашылық әрекет

• Формуламен берілген сызықты функцияның мәнін табады.







Бағамдау әрекеті

• Математика пәнінен сызықтық функция және оның графигін білу маңызды деп бағалайды.




Сабақ құрылымы:







І. Ақпарат алмасу (5 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту ( 3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (25 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).




Сабақ типі:







•Жаңа тақырып меңгеру.




Оқыту әдісі:







• Репродуктивті, ішінара ізденушілік




Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:







• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.




Негізгі ұғымдар мен терминдер:







• Сызықты функция, график




Оқушыда дағды қалыптастыру:







• өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.




Ақпарат көздері:







1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2-басылым/А.Е. Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.А Жұмағұлова Алматы, Мектеп,2011

2. А.Е. Әбілқасымова Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.- Алматы, Мектеп, 2011ж.

3.А.Е. Әбілқасымова Математика 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал / Алматы, Мектеп, 2011.

4. Т.А. Алдамұратова Координаталық түзуде, В.И. Тупаева. Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.



5. Алдамұратова Т.А Математика. 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал. Алматы,Атамұра, 2011.




Оқушы жетістігін бағалау:







• Оқушының оқу іс-әрекеті ол АБ, ҚҚ блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ШӘ блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.

САБАҚ БЛОКТАРЫ






і. АҚПАРАТ АЛМАСУ.




ТАҚЫРЫП ЖОСПАРЫ:

  1. Сызықты функция

  2. График бойынша функцияны формуламен жазуды үйренейік.



1- слайд 1- тақырыпша Сызықты функция



2- слайд

у = kx + b формуласымен (мұндағы х—тәуелсіз айнымалы, k және b — кандай бір сандар) беруге болатын функцияны сызықтық функция деп атайды.



3- слайд

Мысалы: у = -2х + 3,4; у = 7; у = 12х; у = 0 — сызықтық функциялар.



4- слайд

у = kx + b (мұндағы k және b — тұрақты сандар) сызықтық функциясының графигі түзу болады.






5- слайд

Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады.

Мысалы, 4(х-3)=0 теңдеуі мен 4х-12=0 теңдеуі мәндес теңдеулер, себебі

4(х-3)=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең, 4х-12=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең.



Ескеретін жағдай: кейде теңдеудің түбірі болмайды.

Түбірлері болмайтын теңдеулер де мәндес теңдеулер болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет