Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей көп салалы колледжі
«Бекітемін»
Семей көп салалы колледжі
директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
________О.И.Мачахина
«____» ______ 2015ж
Азаматтық іс-жүргізу құқығы пәнінен
ҚТ-31 тобына арналған ашық сабақ әзірлемесі
Тақырыбы:Бұйрық арқылы іс жүргізу.
Арнайы гуманитарлық
пәндер циклдік комиссия
отырысында қаралып бекітілді.
Хаттама № «___»_______2015ж.
ПБК жетекшісі Садуакасова А.Т.
Оқытушы: Абдрахманова М.Б.
Семей 2015 жыл
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән:Азаматтық іс жүргізу құқық
Күні:11.12.2015 ж
Топ: ҚТ-31
Сабақтың тақырыбы: Бұйрық арқылы іс жүргізу
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік:Cот бұйрығының негізгі берешекті өндіріп алу,сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұнын сот бұйрығының мазмұны туралы түсінік беру
2.Тәрбиелік:Оқушыларды өзісіне жауаптылыққа және заңи сауаттылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, мәселені шешу жолын іздеуге, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетімен талдау жасау мен топтық жұмысыты орындау қабілетін дамыту.
Сабақтың әдісі:тест, жеке топтық, өз ара бағалау, ақпараттық мәтін, плакат, стикер бағалау үшін.
Пәнаралық байланыс: ҚР конституциялық құқығы, ҚР Азаматтық құқығы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы, отбасы құқығы, Еңбек құқығы, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу т.б.
Сабақтың жабдықтары: сабақ жоспары, презентация «Microsoft Point», жағдаят есептер, таратпа дәріс, кодекс, компьютер, мультимедиалық тақта.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Нұрмашев Ү., Нұрмашева Ф. Қазақстан республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы: Оқу құралы.-Алматы: Жеті жарғы, 2009ж-400 бет.
2.Егембердиев Е.О. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы: Оқулық.-Астана: Фолиант,2006-388 б.
3. ҚамбароваН.Ш. Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оқу құралы (альбом-кесте).-Алматы:Заң әдебиеті, 2009-108 б.
4.Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі-Алматы: Юрист, 2015-121б.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин
2.Үй тапсырмасын сұрау – 10 мин
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру –47мин
4.Сабақты бекіту-10мин(сұрақ-жауап)
5.Сабақты қорытындылау: 5 мин
6.Білімдерін бағалау– 3мин
7. Үйге тапсырма– 2мин
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі(3 мин)
Сәлемдесу
Түгендеу
Сабаққа кірісу
2.Үй тапсырмасын тексеру:жеке-жеке 10 минут
Тест - 10 минут
1-нұсқа
1. Азаматтық құқықты қорғау жүзеге асырылады
А) сотпен, арбитраждық сотпен немесе нотариатпен
В) сотпен, аралық сотпен немесе ішкі істер органдарымен
С) сотпен, арбитраждық сотпен немесе адвакатурамен
Д) сотпен, аралық сотпен немесе прокуратурамен
Е) сотпен, арбитраждық сотпен немесе аралық сотпен
2. Сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізуді жүзеге асырады
А) мемлекеттік орган
В) адвокат
С) сот
Д) прокурор
Е) әділет органы
3. Айрықша күрделі істер бойынша ерекше жағдайларда ұзартылуы мүмкін мерзім
А) үш айға дейін
В) он бес күнге дейін
С) бір айға дейін
Д) он күнге дейін
Е) екі айға дейін
4. Процеске қатысушылардың келуін тексеру және сотқа баяндау құзырлығы жүктеледі
А) сот приставына
В) тараптарға
С) төрағалық етушіге
Д) прокурорға
Е) сот отырысының хатшысына
5. Тараптардың тиісті дәрежеде дәлелді түсіндіру, заңдастыру
А) қарсылық
В) ескерту
С) цессия
Д) презумпция
Е) лигитимация
6. Сот шешім шығаратын бөлме
А) жеке бөлме
В) сот отырысының залы
С) демалыс бөлмесі
Д) күту бөлмесі
Е) кеңесу бөлмесі
7. Хаттама дайындалып, оған қол қойылуға тиіс мерзім (күн)
А) екі
В) үш
С) бес
Д) он
Е) жеті
8. Шешімге қол қояды
А) прокурор
В) адвокат
С) мүдделі жеке тұлға
Д) хатшы
Е) судья
9. Іске маңызы бар қандай да бір мәліметке ие болған тұлға
А) сарапшы
В) куә
С) талапкер
Д) аудармашы
Е) маман
10. Сараптаманы тағайындау туралы соттың шығаратын актісі
А) бұйрық
В) өкім
С) үкім
Д) шешім
Е) ұйғарым
2-нұсқа
1. Азаматтық істер қаралып шешіледі
А) отыз күнде
В) он бес күнде
С) екі айға дейін
Д) үш айда
Е) алты айға дейін
2. Сот жарыс сөздеріне қатысады
А) іске қатысушы үшінші тұлғалар мен олардың өкілдері
В) іске қатысушы тұлғалар мен прокурор
С) іске тартылғандар мен адвокат
Д) іске қатысушы тұлғалар мен сот
Е) іске қатысушы адамдар мен олардың өкілдері
3. Әр жерде тұратын бірнеше жауапркерге.......таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын жер бойынша қойылады
А) жауапкердің
В) прокурордың
С) адвокаттың
Д) соттың
Е) талап қоюшының
4. Сот талап арызды қозғалыссыз қалдырады
А) арыз қарауға және азаматтық іс жүргізуге жатпайды
В) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе
С) арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса
Д) жауапкерлердің санына қарай талап арыздың көшірмесі болмаса
Е) іс осы соттың соттауына жатпаса
5. Хаттамаға жасалған ескертпелер қаралуға тиіс мерзім (күн)
А) 15
В) 10
С) 7
Д) 3
Е) 5
6. Сот бұйрығына қол қояды
А) адвокат
В) сот
С) прокурор
Д) сот отырысының хатшысы
Е) өндәрәп алушы
7. Азаматтық сот өндірісі қағидаларын бұзудың салдары
А) сот актілерін қайта қарайды
В) сот актілерін қалпына келтіреді
С) сот актілерінің күшін жояды
Д) сот актілерін тоқтата тұрады
Е) сот актілерінөзгертеді
8. Өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарау дәлелденіп, мәлімделуге тиіс
А) прокурордың қорытындысына дейін
В) сот шешімі шыққанға дейін
С) кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін
Д) жарыссөзге дейін
Е) басталғанға дейін
9. Талап қою бойынша іс жүргізудегі тараптар
А) жауапкер және өтініш беруші
В) талапкер және жауапкер
С) жауапкер және поркурор
Д) талапкер және прокурор
Е) талапкер және өтініш беруші
10. Талап қоюдың мазмұнын анықтайтын және дараландыратын құраушы бөліктер
А) дау пәні
В) талап бөлігі
С) талапты тану
Д) талап түрлері
Е) талап элементтері
3-нұсқа
1. Судья талап арыз түскен күннен бастап оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқылы мерзім
А) үш күн
В) бір ай
С) бес күн
Д) он күн
Е) он төрт күн
2. Істі сотта қарауға әзірлеу бойынша соттың шығаратын актісі
А) қаулы
В) шешім
С) нұсқау
Д) бұйрық
Е) ұйғарым
3. Сот құрамын жариялайды
А) прокурор
В) сот отырысының хатшысы
С) сот приставы
Д) төрағалық етуші
Е) маман
4. Мәлім етілген талаптың мәні бойынша сот бұйрығын шығарады
А) жергілікті атқару органдары
В) прокурор
С) адвокат
Д) мемлекеттік орган
Е) сот
5. Сот шешіміне шағым, наразылық беру мерзімі
А) бір ай
В) екі ай
С) жеті күн
Д) он төрт күн
Е) он бес күн
6. Сот бұйрығын шығару туралы арызды береді
А) талап қоюшы
В) өкіл
С) жауапкер
Д) борышкер
Е) өндіріп алушы
7. Нәтижесін тексеру кезінде дәлелдемелер шындыққа сәйкес екені анықталса...... деп танылады
А) рас дәлелдеме
В) қатысты дәлелдеме
С) жеткілікті дәлелдеме
Д) жол берілетін дәлелдеме
Е) қажет дәлелдеме
8. Арызды қабылдап, азаматтық істі қозғағаннан кейінгі соттың міндеті
А) шешім шығарады
В) сотта іс қарауға істі әзірлейді
С) талапты қамтамасыз ету шараларын әзірлейді
Д) сотта істі маңызы бойынша қарайды
Е) сотта іс қарайды
9. Талап қою мерзімі және оларды есептеу тәртібі белгіленеді
А) тараптардың келісімімен
В) прокурормен
С) мәмілемен
Д) заңмен
Е) сотпен
10. Азаматтық іс қарау сатылары......... бөлімнен тұрады
А) 3
В) 6
С) 4
Д) 2
Е) 5
Тест жауаптары
|
1-нұсқа
|
2-нұсқа
|
3-нұсқа
|
1
|
Е
|
С
|
С
|
2
|
Д
|
Е
|
Е
|
3
|
С
|
Е
|
Д
|
4
|
Е
|
Д
|
Е
|
5
|
Е
|
Е
|
Е
|
6
|
Е.
|
В
|
Е
|
7
|
В
|
С
|
А
|
8
|
Е
|
Е
|
В
|
9
|
В
|
В
|
Д
|
10
|
Е
|
Е
|
Е
|
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру« Галерея cтратегияcы »
I. Бұйрық арқылы іс жүргізу
1.Бұйрық арқылы іс жүргізу
2. Сот бұйрығын шығару
3.Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайта қару негіздері
Топтың тақырыпты меңгеруі
Әр топ тақырыптың берілген бір сұрағын меңгереді. Топта оны талқылайды, постерді тақырыпқа байланысты құрады. Берілетін уақыт 15 минут
Топ басшысы постермен басқа топқа өз материалын түсіндіреді. Капитан камандаларының ауысуы:
Қызыл топтың капитаны сары топқа барады,
Сары топтың капитаны жасыл топқа барады,
Жасыл топтың капитаны қызыл топқа барады.
Сіздердің міндеттеріңіз: өз тақырыптарыңызды түсіндіру. Уақыт 10 минут.
Енді капитандар топтан өз көмекшілеріңізді таңдаңыздар. Көмекшілер постерді алып өз материалын келесі топқа түсіндіреді. Уақыт 10 минут.
Көмекші Қызыл топ жасыл топқа
Көмекші Жасыл топ сары топқа
Көмекші Сары топ қызыл топқа
Оқытушы топтық жұмысты қорытындылайды 2 минут
VI. бағалау. Әр топ өз постерлерін іледі, әр оқушыға 2 стикерден беріледі. Сіздер басқа топтың жұмысын бағалауға тиіссіздер. Сұрақ қоя аласыздар немесе жұмысқа баға беріп стикерге жазып оны ілінген топ постеріне жабыстыруға болады. Уақыт 10 минут.
3.Сабақты бекіту: (10 мин)
Постерлерді қорғау. Бір студент қойылған сұрақтар мен тілектерді оқи отырып өз постерін қорғайды.(стикермен) 10 минут
4. Сабақты қорытындылау: (5 мин)
«Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбы бойынша студенттердің өзін-өзі бағалау парағы
Білемін
|
Не білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
5. Білімдерін бағалау: (3 мин)
Сабаққа қатысқан және берілген тапсырманы орындаған балаларды сабақ соңында бағалау
6. Үйге тапсырма беру: (2 мин)
- Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы 223-230 беттер. Бұйрық арқылы іс жүргізу туралы қосымша қарап, СӨЖ жазып келу.
- ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 139-149 дейінгі баптарды жаттап келу.
- Тақырып бойынша жағдаят есептер құрастырып келу.
Пән оқытушысы: Абдрахманова М.Б
Есеп. Сот бұйрығы және бұйрықтық өндіріс
Соттың сырттай шығарған шешімін қайта қарау туралы Дорохова сотқа жүгінді. Сот қабылдамады.
Заңды күшіне енбеген сырттай шығарылған шешімге қарсылық білдіру құқығы 5 күн ішінде қолданғандықтан ол енді тек қадағалау тәртібі бойынша шағымдана алатындығы түсіндірілді.
Сот түсініктемесіне құқықтық баға беріңіздер.
Кәдімгі және сырттай шығарылған шешімдерге шағымдану тәртібін түсіндіріңіздер
Сырттай шешім қай кезде күшіне енеді
Сырттай шешімді қайта қарау туралы өтінішті құрастырыңыздар
Есеп. Сот бұйрығы және бұйрықтық өндіріс
Соттың сырттай шығарған шешімін қайта қарау туралы Дорохова сотқа жүгінді. Сот қабылдамады.
Заңды күшіне енбеген сырттай шығарылған шешімге қарсылық білдіру құқығы 5 күн ішінде қолданғандықтан ол енді тек қадағалау тәртібі бойынша шағымдана алатындығы түсіндірілді.
Сот түсініктемесіне құқықтық баға беріңіздер.
Кәдімгі және сырттай шығарылған шешімдерге шағымдану тәртібін түсіндіріңіздер
Сырттай шешім қай кезде күшіне енеді
Сырттай шешімді қайта қарау туралы өтінішті құрастырыңыздар
Топстер талаптары:
Сұрақты қарастыру барысында мазмұнына сәйкес болуы
Өңделуінің әдемілігі
Мазмұны кесте немесе таблица түрінде болуы.
Диагностикалық бағалау
-Әр оқушы бағалайды
1-сұрақ бұйрық арқылы іс жүргізу . бұйрық арқылы іс жүргізу –бұл бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің бір түрі (ҚР АІЖК 2 бөлімінің 1 бөлімшесі)
Бұйрық шығару – бұл даусыз талаптар бойынша жеделдетілген, уақытты үнемдеуді қамтамасыз ететін сот ісін жүргізу болып табылады, мұнда істер бойынша толық көлемде дәлелдеу көзделмейді және тараптарға хабарланатын және олардың түсініктемелері тыңдалатын сот процестерін өткізуге, сот отырысының хаттамаларын жүргізуге жұмсалатын шығындар болмайды.
Сот тәжірибесі көрсеткендей, соттар негізінен заңның бұйрық арқылы іс жүргізу ережелерін дұрыс қолданады. Алайда, республика бойынша статистикалық деректерге сәйкес, қаралып жатқан істердің саны артып отырған кезде талап қою тәртібімен бұйрық берілу мүмкіндігіне қарамастан соттар шығарған бұйрықтар санының азаю үрдісі байқалуда.
Соттардың кейбір қателері:
АІЖК-нің 140-бабының талаптарына сәйкес, талапкерлердің арыздарын қарау үшін негіздемелердің бар екеніне қарамастан, жеңілдетілген тәртіпті қолданбау, мысалы:
салықтар бойынша бересіні есептелген, бірақ төленбеген еңбекақыны өндіріп алу туралы талаптарды тараптарды шақыра және сотта іс қарауды жүргізе отырып қарау;
ажырасу туралы талап арыздарды алименттер өндіру туралы талаптармен бірге қабылдау, ал алимент туралы талаптарды бұйрық арқылы іс жүргізу бойынша мәлімдеуге болар еді, бұл бересінің борышкерде жасанды жолмен жиналып қалуын болдырмай, талапкер әйелдің алименттерді дер кезінде алуына мүмкіндік берер еді;
борышкерлер борышты жазбаша түрде мойындамай тұрып, сомаларды өндіріп алу туралы сот бұйрықтарының берілуі, ал мұндай істерді қарау үшін ықтимал даудың болуы көзделеді;
борышкердің талапты танығаны туралы мәліметтердің жоқтығына қарамастан, ҚР АІЖК-нің 140-бабының талаптарын бұза отырып, нотариатта куәландырылмаған борыштық қолхат бойынша сот бұйрығының шығарылуы;
борышкердің қарсылығы болған кезде АІЖК-нің 140-бабында көрсетілген талаптар бойынша сот бұйрығының шығарылуы;
салықтар бойынша бересінің болуына байланысты өсімпұл мен айыппұлдарды өндіріп алу туралы талаптардың қаралуы;
арызды қабылдаған кездегі іс-әрекеттерді ресімдеудің процессуалдық тәртібінің сақталмауы:
арызды қабылдау туралы ұйғарымда заңда көзделмеген бұйрық арқылы іс жүргізу әрекеттерін іске асыру туралы, мысалы, істі сотта қарауға дайындау, оны тыңдауға тағайындау, прокурорды хабардар ете отырып, тараптарды сотқа шақыру туралы көрсетіледі;
талаптық сипаты бар азаматтық істерге арналған, алдын ала әзірленген бланкілер пайдаланылады
сот бұйрықтарының мазмұны АІЖК-нің 146-бабының талаптарына әрқашан сай келе бермейді:
алименттерді өндіріп алу бойынша сот бұйрықтарында алименттерді ұстап қалудың қай жасқа дейін қолданылуының көрсетілмеуі жиі кездеседі;
сот бұйрықтары бұйрықтар деп аталады;
сот бұйрықтарында оларға қатысты шағым беру тәртібі мен мерзімдері әрқашан көрсетіле бермейді;
сот бұйрығын шығару салдарының сақталмауы:
сот бұйрығы көшірмесінің борышкерге тапсырылғаны туралы хабарламасыз жолдануы;
борышкерге бұйрықтың көшірмесінің жолданбауы;
іс өндірісінде сот бұйрығының түпнұсқасы қалдырылып, орындалу үшін оның көшірмесінің жолдануы;
борышкер сотқа өзінің қарсылығын жолдай алатын 10 күндік мерзім өтпей, өндіріп алушының қолына сот бұйрығын беру;
сот бұйрығын борышкердің алғаны туралы дерек болмай тұрып, сот бұйрығын шығарылған күні орындауға жіберу;
борышкерден жергілікті бюджеттің кірісіне мемлекеттік баж өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының бөлек данасын емес, сот бұйрығының негізінде жазылған орындау парағын жіберу, мұнда сот бұйрығының өзі орындау құжаты болып табылады, оның орындалуы үшін басқа қосымша құжаттарды ресімдеудің қажеті жоқ. Басқа орындау құжаттарынан өзгешелігі, сот бұйрығы – бірінші сатыдағы соттың тікелей орындау үшін жіберілетін қаулысы;
сот бұйрығын немесе мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы орындау парағын соттың орындауға тікелей сот арқылы жолдаудың орнына оны өндіріп алушыға тікелей беруі;
сот бұйрығының күші жойылған кезде өндіріп алушыға мемлекеттік бажды қайтарып беру;
сот бұйрығын қабылдаудан бас тартылған немесе оны қолға беру туралы арыз қайтарылған кезде өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баждың қайтарылуы туралы нұсқаулардың болмауы.
Соттардың АІЖК-нің 13-тарауының ережелерін бұзуы, осы институттың басты мақсаты мен міндеті – арыздарды бұйрық арқылы іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібімен қарап, бұзылған құқықтарды дер кезінде қорғауды қамтамасыз етпейді.
Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудың іс жүргізу ерекшеліктері
Бұйрық арқылы іс жүргізуде: талапкер мен жауапкер деп аталатын тараптар болмайды, олар өндіріп алушы және борышкер деп аталады, бұл олардың арасындағы белгілі бір даусыз қарым-қатынасты баса көрсетеді. Бұйрық арқылы іс жүргізу мүдделі несиегер тұлғаның, арыз берушінің бастамасы бойынша қозғалады, ол арызды жазбаша нысанда береді.
Бұйрық беру туралы арыз түскеннен кейін судья мыналарды тексеруге тиіс:
қойылған талаптың сот бұйрығын шығаруға негіз болатын негіздемелердің егжей-тегжейлі толық тізбесіне жататын-жатпайтыны:
нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделген талап;
жазбаша мәмілеге негізделген және жауапкер таныған талап;
төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделген талап;
әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттер өндіріп алу туралы талап;
азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап;
қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап;
жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы ішкі істер органдарының немесе қаржы полициясының талабы;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету туралы талап;
кепіл беруші-борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы (АІЖК-нің 140-бабы);
арыздың мазмұны мен нысаны заңның талаптарына сай келетін-келмейтіні, онда төмендегі деректемелердің көрсетілген-көрсетілмегені:
арыз беріліп отырған соттың атауы;
өндіріп алушының атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, заңды тұлғаның деректемелері;
борышкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, заңды тұлғаның деректемелері;
өндіріп алушының талабы және оған негіз болған мән-жайлар;
мәлімденген талапты қуаттайтын қоса тіркелген құжаттардың тізбесі;
егер мүлік талап етіліп отырса, оның құнының арызда көрсетілген-көрсетілмегені;
өндіріп алушының мемлекеттік бажды төлеген-төлемегені, бұл орайда оның «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 496-бабында көзделген жалпы ережелер бойынша есептелетіні және мүліктік сипаттағы арыздардан төмендегі мөлшерде өндіріп алуды белгілейтіні есте болуға тиіс:
жеке тұлғалар үшін-1%,
заңды тұлғалар үшін-3%
арыз қай тілде берілген, оған қоса тіркелген құжаттардың таңдалған тілге сәйкес келетін-келмейтіні, аударманың қажет-қажет еместігі.
Сот бұйрығы шығарылатын талаптарға және талап арыздың нысаны мен мазмұнына қатысты мына төмендегілермен толықтыру қажет:
нотариатта куәландырылған мәміле, бұл – жазбаша нысанда жасалған және нотариус немесе осындай іс-әрекеттерді жасауға уәкілеттігі бар басқа тұлға куәландырған мәміле. Егер мәміле нотариатта куәландырылуды талап етпесе, бірақ тараптардың келісімі бойынша осындай іс-әрекеттің жүзеге асырылуы көзделген болса, онда мұндай іс-әрекеттің жасалуы міндетті болып табылады.
жай жазбаша нысанда жасалған мәміле, бұл – мәміленің мәнісі келтірілген және мәмілені жасаушы тұлға немесе тұлғалар қол қойған құжатты жасау жолымен жасалған мәміле. Бұйрық беру туралы қойылған талаптың негізділігін бағалаған кезде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ережелерін басшылыққа алған дұрыс, онда осындай мәмілелердің жасалуына қойылатын талаптар және құқықтық салдарлар реттелген.
төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылық дегеніміз төлемнен немесе оның күнін белгілеуден толық немесе ішінара бас тартуды білдіреді. Аталған мән-жайды нотариус вексельге, акцептің болмауына немесе акцептің күні белгіленбеуіне наразылық нысанында растауға тиіс. Ең басынан бастап вексель иеленушінің төлем жасаушыға вексель бойынша төлемақы жасалатын төлемнің күнін көрсете отырып, төлемді акцептеу туралы талап қойып жолдануы қажет. Егер төлем жасаушы вексельді акцептесе, бірақ төлем жасаудан бұлтаратын болса, оның бас тартатынын да нотариус растауға тиіс. Аталған жайтты растайтын нотариаттық іс-әрекет вексельге қарсылық болып табылады, сонда құқықтық салдарлар пайда болады. Аталған іс-әрекет вексельдік қарым-қатынастарға қатысушылардың мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету үшін наразылық актісін жасау арқылы ресімделеді. Бұйрық беру туралы қойылған талаптың негізділігін бағалаған кезде судьялардың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің вексельдер бойынша міндеттемелерге байланысты мәселелерді реттейтін ережелерін басшылыққа алуы қажет. Сот бұйрықтары тек нотариаттық іс-әрекет арқылы наразылық білдірілген вексельдер бойынша ғана беріледі. Өндіріп алушы сот бұйрығын шығару туралы арыз берген кезде оны АІЖК-нің 141-бабына сәйкес ресімдеуге және нотариус жасаған наразылық актісін, нарызылық келтірілген вексельді қоса тіркеуге тиіс. Судья мәлімденген талаптың төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделген-негізделмегенін, вексельге наразылық жасаған кезде нотариустың заңның талаптарын орындаған-орындамағанын тексеруге тиіс.
кәмелетке толмаған балалар үшін алименттер сот бұйрығының негізінде өндіріліп алынады. Заңмен көзделген негіздемелер болған жағдайда ата-анасы, әрекетке қабілетсіз жұбайы, кәмелетке толмаған балалары үшін алимент өндіріп алу туралы арыз, бір мезгілде әкелік анықтала отырып, алимент талап арыз тәртібінде қаралады. Бірақ егер әкелікті белгілеу туралы куәлік бар болса, онда алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдауға кедергі жоқ.. Егер борышкер мәлімденген талапқа қарсылық білдірсе немесе егер ол басқа атқару құжаттары (сот бұйрығы немесе орындау парағы) бойынша төлейтін болса, алимент өндіріп алу туралы арыз талап арыз тәртібінде қаралады. Кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғау мақсатында олар үшін алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын беру жөнінде арызды бала өзіне қалдырылған ата-ана, асырап алушы, баланың қамқоршысы немесе қорғаншысы, қамқоршылық немесе қорғаншылық органы, балалар үйі, прокурор бере алады. Бұйрық шығару ісі тәртібінде алимент өндіріп алу туралы талаптың негізділігін бағалаған кезде судья неке және отбасылық заңнаманың нормаларын басшылыққа алуы қажет. Сот бұйрығының негізінде кәмелетке толмаған балалар үшін алименттер ақшалай сомада өндіріп алына алмайды, себебі бұл мәселенің шешілуі осындай өндіріп алуды заң байланыстыратын мән-жайлардың бар-жоғын тексеру қажеттігімен байланысты. Сот бұйрығын беру туралы арызға өндіріп алушы неке туралы куәліктің белгіленген тәртіпте куәландырылған көшірмесін (егер неке бұзылған болса, некені бұзу туралы куәліктің көшірмесін, егер тараптар некені тіркемеген болса, әкелікті белгілеу туралы куәліктің көшірмесін), алимент қай бала үшін өндіріліп алынатын болса, сол баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін; егер арызды қамқоршы немесе қорғаншы беріп отырса, қамқоршының немесе қорғаншының тағайындалуы туралы құжатты; алимент төлеуге міндетті тұлғаның еңбекақысының мөлшері және одан басқа орындау парақтары бойынша ұсталымдардың бар-жоғы туралы оның жұмыс орнынан алынған анықтаманы; балалардың арыз берушінің асырауында екені туралы анықтаманы қоса тіркеуге тиіс.
азаматтар мен заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша алашақты өндіріп алу есептелген айыппұлдарды емес, тек алашақ пен өсімпұлды ғана өндіріп алуды көздейді. Талаптар салық органдары тарапынан қойылады, бірақ та «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексте сот бұйрығын беру туралы сотқа осылайша арыз беру көзделмеген, себебі соттан тыс мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алуға болады. Арызды қабылдаған кезде судья заңмен аталған төлем түрі көзделген-көзделмегенін; азаматты аталған төлемді төлеуге тарту үшін заңды негіздемелердің бар-жоғын; өндіріп алатын орган азаматтарды төлем төлеуге тартудың заңмен белгіленген тәртібін сақтаған-сақтамағанын; егер азаматтың заң бойынша жеңілдіктерге құқығы болса, өндіріп алатын органдардың оларды назарға алған-алмағанын тексеруге тиіс. Сонымен қатар егер өсімпұл өндіріп алу туралы да талаптар қойылған болса, сот есепке жатқызылған қаражатты, жасалған есептерді мұқият тексеруге тиіс және тек сөзсіз негіздеме болған жағдайда ғана өсімпұл өндіріп алуға болады. Айыппұлдарды тек ӘҚБтК талаптарына сәйкес әкімшілік істің шеңберінде ғана өндіріп алуға болады.
есептелген, бірақ қызметкерге төленбеген еңбекақыны және басқа төлемдерді өндіріп алу жұмыс берушіден толық алынбаған ақшаны жылдам әрі іс жүзінде сұратып алдырудың мүмкін екенін білдіреді. Сотқа арыз беруші субъектінің талаптарын қарау ресімінің жеделдетілгеніне және бұзылған құқықтарының дер кезінде қалпына келтірілуіне байланысты сот бұйрығын беру туралы арыз беру талап арыз бергеннен гөрі дұрыс.. Сот бұйрығын беру туралы арызға қосымшада өндіріп алушы жұмыс берушінің берешегін даусыз растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс. Осындай құжаттардың кейбір тізбесі мынадай: борыштың мөлшерін көрсете отырып, қызметкер алдында борышы бар екені туралы жұмыс беруші берген анықтама; еңбегінің ақысы істегеніне қарай төленетін қызметкерлер үшін есеп кітапшасы осындай құжат ретінде қолданылады, ол қызметкерде сақталады және кәсіпорынның әкімшілігіне еңбекақы бойынша жүргізілген есептерді жазу үшін және еңбек жағдайларының өзгеруі туралы немесе басқа деректерді жазып отыру үшін ұсынылады.
ішкі істер органының немесе қаржы полициясы органының жауапкерді немесе борышкерді іздеу бойынша шығыстарды өндіріп алу туралы қойған талабы борышкер іздеп табылып, жүрген жері анықталғаннан кейін қойылады және өндіріп алу мемлекеттің пайдасына жүзеге асырылады. Іздеу салу өндіріп алушының арызының және ол бойынша шығарылған қаулының негізінде жүзеге асырылады. Осындай талаптар бойынша сот бұйрығын беру туралы арызға қосымшаға өндіріп алушы іздеу салудың негіздемесін және оның жарияланғанын растайтын деректерді қоса тіркейді.
2.Сұрақ Сот бұйрығын шығару туралы арыз ҚРАІЖК-нің 3 тарауында белгіленген соттылықтың жалпы ережелері бойынша сотқа беріледі, ал оған қоса тіркелетін құжаттар көшірмелерімен борышкерлер саны бойынша ұсынылады.
Арыз жазбаша нысанда беріледі. Арыз:
Арыз берілетін соттың атауы;
Өндіріп алушы жеке тұлға болса оның аты, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлға болса- реквезиттері;
Борышкер жеке тұлға болса оның аты, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлға болса- реквезиттері;
Өндіріп алушының (жеке немесе заңды тұлғаның) талаптары және ол негіздеген мән-жайлар;
Мәлім етілген талаптарды растайтын қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Жылжымалы мүлік талап етілген жағдайда арызда осы мүліктің құны көрсетілуге тиіс.
Арызға өндіріп алушы не өкіл қол қояды. Өкіл беретін арызда оның өкілеттігін куәландыратын құжат қоса тіркелуге тиіс (ҚРАІЖК-і 61-бабының, 141-баптың 4-бөлігі).
Сот бұйрығын шығару туралы арызға талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен сотқа талап қою арқылы жүгінген жағдайда дауға салынатын сомадан аударымдарды негізге ала отырып, 50 (елу) пайыз ставка мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Арызды қабылдаудан бас тартылған немесе сот бұйрығының күшін жойған жағдайда өндіріп алушы енгізген мемлекеттік бажы өндіріп алушы борышкерге талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен талап қойған жағдайда ол баждың төленуге тиісті шотына есептеледі.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судья ұйғарым шығарады, ал оған өндіріп алушы жеке шағым беруі мүмкін.
Арызды қабылдаудан бас тарту өндіріп алушы мен сол талап бойынша талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен талап қою мүмкіндігіне жол беріледі.
Борышкер сотбұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде оның күшін жою туралы арызды сол сотқа беруге құқылы, егер ол дәлелді себептер бойынша мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын уақтылы білдіруге мүмкіндігі болмаса. Бұл жағдайда судья сот бұйрығының күшін жояды, одан кейін өндіріп алушының мәлім еткен талабы талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
Сот бұйрығының күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі мүмкін.
Егер белгіленген он күн мерзімде борышкерден сотқа қарсылық келіп түспесе, судья өндіріп алушыға оны орындауға көрсету үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді.
Өндіріп алушының өтінуі бойынша сот бұйрығы және жергілікті бюджеттің кірісінде борышкерден мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы тікелей соттың орындауы үшін жіберіледі.
Өндіріп алушыға берілген сот бұйрығының көшірмесі сот жүргізетін істе қалады (ҚРАІЖК-нің 149-бабы).
3. сұрақ Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтаруға негіз. сот төрешісі ҚРАІЖК 153,154-баптарында қарастырылған негіздерге сәйкес сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартады немесе қайтарады. Сонымен бірге, сот төрешісі арызды мынадай жағдайларда қайтарады. Егер де:
1.қойылған талап АІЖК 140-бабындағы сот бұйрығын беру туралы негіздердің тізімінде қарастырылмаса;
2. қарызгер ҚР аумағынан және соттардың юридикциясынан тыс жерде болса;
3. қарызды өндіруші қойған талаптарын растайтын құжаттарды ұсынбаса;
4.арызда және ұсынылған құжаттарда сот бұйрығы тәртібімен шешуге болмайтын, құқық туралы даудың бары байқалса;
5. арыздың тұрі мен маззмұны ҚР АІЖК 141-бабында қарастырыл,ан талаптарға сай келмесе;
6. арызға мемлекеттік баж салығы төленбесе.
Сот төрешісі қарызды өндірушінің арызын қабылдаудан бас тартуы туралы арыз түскеннен бастап үш күн ішінде ұйғарым шығаруы тиіс. Соттың арызды қабылдаудан бас тартуы арыз беруші үшін осы талап бойынша сот ісі тәртібімен сот бұйрығын шығару туралы талап қою арызын ұсынуына кедергі бола алмайды (ҚР АІЖК 143-бап)
Сот бұйрығын шығару туралы арызда кемшіліктер болған немесе оған баж салығы төленбеген не болмаса ол ҚР АІЖК 141-бабында аталған талаптарға сай келмеген жағдайларда соттың арызды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ, сот ұйғарым шығарып, қарызды өндірушіге кемшіліктерін жоюға үш күн мерзім беруге тиіс.
Егер де қарызды өндіруші соттың нұсқауы бекітілген мерзімде мемлекеттік баж салығын төлеп, ұйғарымда көрсетілген кемшіліктерді жоятын болса, онда арыз алғаш сотқа ұсынған күнінде берілген болып саналады. Олай болмаған жағдайда сот арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Сот бұйрығын шығаруды жоққа шығару туралы сот ұйғарымын алғаннан кейін, арызданушы сол сотқа өз талаптарын талап қою іс тәртібімен, тараптарды шақырып, дауды сот талқылауы мен қарау туралы арыз беруге құқылы (ҚР АІЖК 144-бап).
Сот бұйрығы тек кіріспе және дәлелді бөлімдерден ғана тұратынын есте ұстаған жөн. Сот бұйрығын сот қойылған талаптардың мәні бойынша сот бұйрығын шығару туралы арыз түскен күннен бастап үш күн ішінде шығаруы тиіс (ҚР АІЖК 145-бап)
ҚР АІЖК 146-бабына сәйкес сот бұйрығының кіріспе бөлімінде мыналар болуы тиіс:
Сот ісінің нөмірі және бұйрықты шығарған күн:
Соттың атауы және бұйрықты шығарған соттың аты-жөні ;
Қарызды өндірушінің тегі, аты, әкесінің аты ( егер де ол жеке куәлікте көрсетілген болса), оның тұрғылықты немесе болатын жері, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер және салық төлеушінің тіркелген нөмірі;
егер де қарызды өндіруші заңды тұлға болатын болса, оның атауы, нақты орналасқан жері не болмаса біріңғай Мемлекеттік тіркеу мәліметтері, банктік деректемелері мен салық төлеушінің тіркелген нөмірі;
қарызгер туралы мәліметтер;
оның тегі, аты, әкесінің аты (егер де ол жеке куәлікте көрсетілген болса);
оның тұрғылықты немесе болатын жері, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер;
оның жұмыс орны және жұмыс орнының банктік деректемелері (егер де сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілсе)
банктік деректемелері мен қарызгер- салық төлеушінің тіркелген нөмірі (егер де сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілсе) немесе қарызды өндіруші заңды тұлға болатын болса, оның атауы, нақты орналасқан жері неболмаса біріңғай Мемлекеттік тіркеу мәліметтері (егерде сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілсе), банктік деректемелері мен салық төлеушінің тіркелген нөмірі.
Сот бұйрығының қарарлы бөлімінде:
Талапты қанағаттандыруға негіз болған заң
Өндірілуге тиісті ақша мөлшері немесе талап етілуге тиісті, құны көрсетілген мүліктің белгісі
Оны өндіру заңда немесе келісім –шартта қарастырылған болса, тұрақсыздық айыбы
Қарызгерден қарызды өндірушінің пайдасына немесе жергілікті бюджетке өндірілуге тиісті мемлекеттік баж салығының соммасы
Сот бұйрығына шағымдану мерзімімен тәртібі.
Кәмелетке толмаған балалар үшін алименттер сот бұйрығының негізінде өндіріліп алынады. Заңмен көзделген негіздемелер болған жағдайда ата-анасы, әрекетке қабілетсіз жұбайы, кәмелетке толмаған балалары үшін алимент өндіріп алу туралы арыз, бір мезгілде әкелік анықтала отырып, алимент талап арыз тәртібінде қаралады. Бірақ егер әкелікті белгілеу туралы куәлік бар болса, онда алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдауға кедергі жоқ.. Егер борышкер мәлімденген талапқа қарсылық білдірсе немесе егер ол басқа атқару құжаттары (сот бұйрығы немесе орындау парағы) бойынша төлейтін болса, алимент өндіріп алу туралы арыз талап арыз тәртібінде қаралады. Кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғау мақсатында олар үшін алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын беру жөнінде арызды бала өзіне қалдырылған ата-ана, асырап алушы, баланың қамқоршысы немесе қорғаншысы, қамқоршылық немесе қорғаншылық органы, балалар үйі, прокурор бере алады. Бұйрық шығару ісі тәртібінде алимент өндіріп алу туралы талаптың негізділігін бағалаған кезде судья неке және отбасылық заңнаманың нормаларын басшылыққа алуы қажет. Сот бұйрығының негізінде кәмелетке толмаған балалар үшін алименттер ақшалай сомада өндіріп алына алмайды, себебі бұл мәселенің шешілуі осындай өндіріп алуды заң байланыстыратын мән-жайлардың бар-жоғын тексеру қажеттігімен байланысты. Сот бұйрығын беру туралы арызға өндіріп алушы неке туралы куәліктің белгіленген тәртіпте куәландырылған көшірмесін (егер неке бұзылған болса, некені бұзу туралы куәліктің көшірмесін, егер тараптар некені тіркемеген болса, әкелікті белгілеу туралы куәліктің көшірмесін), алимент қай бала үшін өндіріліп алынатын болса, сол баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін; егер арызды қамқоршы немесе қорғаншы беріп отырса, қамқоршының немесе қорғаншының тағайындалуы туралы құжатты; алимент төлеуге міндетті тұлғаның еңбекақысының мөлшері және одан басқа орындау парақтары бойынша ұсталымдардың бар-жоғы туралы оның жұмыс орнынан алынған анықтаманы; балалардың арыз берушінің асырауында екені туралы анықтаманы қоса тіркеуге тиіс.
Бұйрықты шығару қарызгердің талабы бойынша істі талқылаумен аяқталатынын есте сақтаған жөн. Сот бұйрығын шығарғаннан кейін сот көп кешіктірмей бұйрықтың көшірмесін қарызгерге алғаны туралы хабарламамен бірге жіберуге тиіс. Егер де қарызгер сот бұйрығының көшірмесін алғанннан кейін он күн үшінде қойылған талаптарға қарсылығы болатын болса, бұйрық шығарған сотқа ол бұйрықты жоққа шығару туралы байланыс құралдарының кез келген түрін пайдалану арқылы жіберуге құқылы (ҚРАІЖК 147-бап)
Заңда сот бұйрығын жоққа шығарудың тәртібі анықталған:
Егерде қарызгерден бекітілген мерзімде бұйрықты орындау туралы қойылған талапқа қатысты қарсылық түскен жағдайда, сот төрешісі сот бұйрығын жоққа шығарады. Сот бұйрығы жоққа шығару туралы ұйғарымында сот төрешісі қарызды өндірушіге сот бұйрығын орындау туралы оның қойған талабын талап қою іс тәртібімен ұсынуға болатындығын түсіндіреді.
Сот бұйрығын жоққа шығру туралы ұйғарымның көшірмесі оның шығарған күннен бастап үш күн ішінде тараптарға жіберіледі. Сот бұйрығын жоққа шығару туралы сот төрешілерінің қаулыларына жоғарғы сатыдағы соттарға шағымдануға наразылық білдіруге жатпайды.
Бұйрықты сот ісіндегі сот төрешілерінің соңғы іс жүргізу әрекеттеріне қарызды өндірушіге сот бұйрығын беру жатады. Егер де бекітілген мерзімде сотқа қарызгерден сот бұйрығын орындауға қарсылығы түспесе, сот төрешісі қарызгерге бұйрықты орындау үшін беретін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының көшірмесін қарызды өндірушіге беретіні заңда көрсетілген
Сот бұйрығын орындау үшін қарызды өндірушінің өтініші бойынша сот бұйрығы тікелей соттан қарызгердің мекен-жайына жіберілуі немесе сот орындаушысына тапсырылуы мүмкін.
Соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасын сот қарызгерге сот бұйрығын орындау үшін жібереді, қарызды өндірушіге одан жергілікті бюджеттің кірісіне мемлекеттік баж салығын өндіру мақсатында жіберілген мемлекеттік бажсалығын өндіру туралы сот бұйрығының көшірмесі сот ісінде қалады (ҚР АІЖК 149-бап).
Достарыңызбен бөлісу: |