Қараоба орта мектебі
Сабақ жоспары
Тақырыбы: «Өмірің өз қолыңда»
Сынып: 6 «а»
Өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі: Аскер Галя
2015-2016 оқу жылы
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 6 «А»
Мерзiмі: 03.05.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Мәдени мұра –халық игілігі
Құндылық Дұрыс әрекет
Қасиеттер татулық, ауызбірлік, достық
Мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға ата – бабамыздан қалған мәдени мұраларымызды сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы туралы түсінік беру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды, мәдени мұраларымыздың тарихын білуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
|
Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні
|
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық
Сабақтағы жағымды күйге келу. Тыныштық сәті
|
Сабақ барысын талдау:
5мин
|
Үй тапсырмасын тексеру.
Мәтінмен жұмыс
Саятшы Ораз
(С. Мұханов)
(3 минут мәтінді оқу)
Р/с сұрақ иә жоқ
1 Ораз құсбегілікпен, саятшылықпен айналысты
2 Өмірін аңшылықпен өткізген Ораз, әзілқой, жайдары адам болды.
3 Ораз қыста аңға көбінесе атпен шығады.
4 Ораздың дос болатын тобы – балалар болды.
5 Ораз сараң еді.
|
5 мин
|
Дәйексөз
Сабақта айтылған ойларды ұштай түсу үшін М.Жұмабаевтің нақыл сөзі беріліп отыр.
«Елдің елдігін сақтайтын- әдебиеті, тарихы салт-дәстүрі»
|
5мин
|
Әңгімелеу (әңгіме).
-Мұра атамұра дегенді қалай түсінесің?
-Халықтың данышпандығы арқылы жасалған игілікті адам өмірінің маңызы неде?
-Қандай мұраларды ата-бабалардан қалған мирас дейміз?
-Мәдени мұраларға не жатады?
-Атамұра адамға не үшін керек деп ойлайсың?
|
10 мин
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Бабаларым рахмет сендерге!» М.Мақатаевтің өлеңі мұғалім интонациямен талапқа сай мәнерлеп оқып береді.
Интерактивті тақтадан көрсетілген суретті пайдалана отырып, өзінің туған ауылы туралы шағын әңгіме құрастыру.
«Мәдени мұра» сөзжұмбағын шешу.
Қорытынды:
Әр ұлттың өзіне тән салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы бар.
Дәстүр – ұрпақтан – ұрпаққа берілетін әдет - ғұрып, жылпыға бірдей тәртіп, әдеп – инабат көзі. Қазақ халқының дәстүрлері ұрпақ тәрбиесінің басты құралы болып табылады. Қазақ халқының салт - дәстүрлері халықтың мінез - құлқын, қасиеттерін танытады. Қазақ халқының салт – дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным сеніміне өмірге деген көзқарасына байланысты, ұрпақтан – ұрпаққа өзгеріп беріліп отырады.
|
10 мин
|
Топпен ән айту:
Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындайды.
|
5 мин
|
Үй тапсырмасы.
1. Жұмбақтар шешу.
2. «Ауылым алтын бесігім» тақырыбында эссе жазу.
|
2мин
|
Соңғы тыныштық сәтi.
Позитивті күйге келу.(баяу әуен қойылады)
Көзімізді жұмып,еркін отырайық. Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып,көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көзімізді ашайық.
|
3 мин
|
Достарыңызбен бөлісу: |