Сабақ жоспарының үлгісін құру



бет1/2
Дата18.12.2021
өлшемі31,23 Kb.
#102704
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Ұжымды танымдық технологиясын пайдалану


Ұжымды танымдық технологиясын пайдалану арқылы сабақ жоспарының үлгісін құру

Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.

Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», — деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.

Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту. М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиямының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.

Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің  белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту сы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері қағидалары, белгілі бар.

Тиімді белгілерінің бірі – оқышының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық  жұмысты ұсынуға болады.

Сөздікпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін, сөйлемдерге сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс істеген кезде өз ойын сызба немесе сурет, тірек конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде өз пікірін шағын шығарма, өлең, жұмбақ, қағида немесе ереже құрап жазу арқылы беруге болады.

Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.

Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:


  1. оқытудың жалпы мақсатын қою;

  2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

  3. оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;

  4. оқу әрекеттерінің жиынтығы;

  5. нәтижені бағалау

Оқушыларды оқу мақсатымен модульмен таныстырамын. Оқушылар: оқу мақсатын, өзіне қойылатын талапты, лексикалық және грамматикалық тақырыпты, модульдің мазмұнын, жұмыс-үрдісін, нәтижесінің бағаланып және түзетіліп отыратынын біледі.

Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:



  1. кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)

  2. сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру)

  3. қорытынды бөлімі (бақылау, тест)

Әрбір оқу модуліндегі сабақ санының ауытқуы тақырыпқа байланысты бестен тоғызға дейін тиімді деп есептеймін, себебі сөз қорының молаюы аз мөлшермен беріліп қайта-қайта жаңартылып, өз пікірін ортаға сала алатындай болуы керек.

Сөйлесу бөлімін педагогика  және психология ғалымдарының жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың қабылдау деңгейлері мен қабілеттеріне қарай ұйымдастырамын. М. Жанпейісованың сөйлесу бөлімін құру қағидаларына сүйене отырып, жеке тұлғаны дамытатын кез-келген әрекет емес орындау әрекеті екенін ескере отырып, оқушының танымдық қызметпен айналысуына, ақыл-ой жұмысына қанағаттануына жағдай жасаймын. Міндетті түрде, сабақ барысында, оқушының іс-әрекетінің төрт түрін: тыңдау, оқу, жазу және әңгімелесуді қолданамын. Модульдердің  нәтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының түрін өзгерте отырып, әртүрлі белсенді формаларды пайдалану арқылы іске асырамын. Олар:



  • топтық;

  • жұптық;

  • жеке топтық;

  • ұжымдық

Оқыудың басты ерекшелігі – оқушылардың қарым-қатынасы арқылы тіл дамыту, тұлғаның дамуына жағдай жасау.

Оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру. Сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігімен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырады. Мысалы: сабақтың басында сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық немесе бекіту кезінде топтық форманы немесе жеке топтық жұмысты қолданамын. Топтарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың бір-бірімен білім алмасуға, жеке тұлғасын дамытуға ықпал жасауына көңіл бөлемін.

Тілді оқытуда сөздікпен жұмыс оқушының тілін байытуда ерекше орын алады. Бұл жұмыс оқушының сөздік қорын молайтып, тілін, ойлау қабілетін дамытады. Сөйлесу сабағы оқушыларды тек қана қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге үйретіп қоймайды, оларды ойлау, талдау, сараптау және қорытындылау қабілеттерін жетілдіреді.

Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, сауатты жазуға үйрету, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тілін құрметттеуге, Отанды сүюге баулу.

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:


  1. Дыбыстармен жұмыс

  2. Сөздіктермен жұмыс

  3. Сөздік қорларын жетілдіру

  4. Тіл дамыту

  5. Ережемен жұмыс

  6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет