Сабақ жоспарының шаблоны



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#124963
түріСабақ
  1   2

Сабақ жоспарының шаблоны





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Динамика негіздері

Мектеп: К.Әзірбаев атындағы жалпы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:
Ермекбаева Бальнура

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Механикадағы күштер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.3.- ауырлық күші, серпімділік күші және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру



Сабақтың мақсаты

  • Күштердің пайда болу себептерін түсіндіру;

  • Денеге бағыттары әртүрлі бірнеше күштердің әрекет ететінін түсіндіру;

  • Механикадағы күштердің формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Бағалау критерийі

  • Күштердің пайда болу себептерін түсіндіру;

  • Денеге бағыттары әртүрлі бірнеше күштердің әрекетін ететінін түсінеді;

  • Механикадағы күштердің формулаларын есептер шығаруда қолданады;

Ойлау дағдылрының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану;

Тілдік мақсаттар



Пәндік лексика және терминология:
күш, теңәрекетті күш, деформация, күш бірлігі Ньютон, серіппе, үйкеліс коэффициенті, еркін түсу үдеуі
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Механикадағы күштер .......................................................................... болып бөлінеді. Күштердің түрлеріне қатысыты есептер мен тапсырмаларды орындайды. Күштердің табиғаты мен айырмашылығын біледі.

Құндылықтарға баулу



Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсімді насихаттау

Пәнаралық байланыс

Математика, геометрия

Алдыңғы білім



Күш, күштің түрлері, ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші, еркін түсу үдеуі, үйкеліс коэффициенті, қорыткы күш, Пифагор теоремасы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин

Ұйымдастыру:
Сәлемдесу, түгелдеу.
Сыныпты жағымды ахуал қалыптастыру, шаттық шеңберін құру, бір-біріне жақсы тілек айту.
Топқа біріктіру
« Мозайка» әдісі арқылы үш топқа бөлу


Оқушылар үш топқа біріккен соң, өздері құрастырып шығарған суретті түсіндіреді, яғни үй тапсырмасын пысықтайды.
Қосымша әр топқа сұрақтар беріледі

  1. И.Ньютон кім?

  2. Векторлық және скалярлық шамалар дегеніміз не?

  3. Күш дегенді қалай түсінесіз және мысал келтіріңіз.

  4. Бір дененің екінші денеге әрекеті қалай байқалады?

  5. Санақ жүйелері және инерциалдық санақ жүйелері дегеніміз не?

  6. Ньютонның қанша заңы бар және оны түсіндіріңіз?

Дескриптор:

  1. И.Ньютон заңдарын тұжырымдайды.

  2. Векторлық және скалярлық шамалардың айырмашылығын түсінеді.

  3. Күштердің табиғаттағы кездесетін түрлерін сипаттайды

ҚБ: ауызша мадақтау, ынталандыру

А4 парағы



Сабақтың ортасы
10 мин


15 мин




3мин

Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс. Үш топқа тапсырмалар беремін. Жеке ойлану, топта, ұжымда пікір-алмасу. Ортақ тұжырымға келу.
1 .Ауырлық күшіне қатысты ментальды карта құрастыру;.
2.Серпімділік күшіне тәжірибе жасау.


3.Үйкеліс күшіне фото коллаж құрастыру.


Дескриптор:
1.Ауырлық күшіне қатысты ментальды карта құрастырады;
2.Серпімділік күшіне тәжірибе жасайды.
3.Үйкеліс күшіне фото коллаж құрастырады.
ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы топтар бірін- бірі бағалайды.
Деңгейлік есептер
Жеке жұмыс
1 .Тік бағытталған F1=40Н күшті екі құраушыға жіктеу керек.Сонда көкжиек бағытындағы құраушы күштің шамасы F2=30Н болатын болсын.Екінші күшті табыңдар.Ол көкжиекпен қандай бұрыш жасау керек?



α
Сурет
F1


0

F2


2. Массасы 6 кг білеуше қатаңдығы 20(Н/кг) серіппенің көмегімен тақтай бетінмен бірқалыпты сырғанайды. Үйкеліс коэффиценті 0,2 болса, серіппенің ұзаруын табыңдар.
3. Бір денеге 8Н және 6Н болатын екі күш әрекет етеді. Күштер бағыттарының арасындағы бұрыш 900. Осы екі күштің тең әрекетті күші неге тең?
4. Дене үш күштің әрекетінен тепе-теңдік қалпын сақтап тұр. 6Н-ға тең бір күш шығысқа, 3Н-ға тең екінші күш солтүстік шығысқа қарай 600 бұрыш жасай әрекет етеді. Үшінші күштің модулі мен бағыты қандай?
5. Массасы 1500кг автомобиль 0,5м/с2 үдеумен горизонталь бағытта қозғала бастады. Қозғалысқа кедергі жасайтын күш 500Н-ға тең. Қозғалыстың өндіретін тарту күшін табыңдар.
Дескриптор:

  1. Есептің физикалық мағынасын түсінеді;

  2. Формуласын қолдана алады;

  3. Белгісіз шаманы анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет