Сабақ жүргізудің тиімді технологиялары. Ахмедиярова Қайния Қасымбекқызы Мойнақ ауылындағы №23 орта мектебі



Дата01.08.2017
өлшемі140,34 Kb.
#22466
түріСабақ
Шағын жинақты бастауыш сынып жағдайында

сабақ жүргізудің тиімді технологиялары.

Ахмедиярова Қайния Қасымбекқызы

Мойнақ ауылындағы № 23 орта мектебі.
Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын жинақты мектептердің атқаратын ролі орасан зор. 

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. 
Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі. 
Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі.[3]

ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.[1]

ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.[4]

Шағын жинақты мектепте оқу үрдісін ұйымдастыруда педагогикалық технологиялардың тиімдісін қолданудың маңызы зор.

ШЖМ –деңгейлеп – саралап оқыту әдісі мен ұжымдық оқыту және дамыта оқыту технологиясы мен ақпараттық коммуникациялық технологиялардың әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалану- білім стандартының орындалуына ықпалын тигізеді.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі бастауыш сынып оқулықтары - дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған.

Дамыта оқыту технологиясының мақсаты- оқушыларға әр түрлі ситуацияларды талдап, одан қорытынды шығару; баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Элькони – Давыдов технологияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негіздене отыра құрылған.
Дамыта оқыту әдістемелеріндегі ең басты міндет - оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу, мұның өзі оқытудың зерттеу әдістеріне ерекше мен берілетінін көрсетеді.

Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқыту технологиясындағы әдіс- тәсілінің негізгі түрі- өздігінен жұмыс,өз бетінше іздену.

Өздігінен орындайтын жұмысты ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:
1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына

сай болуы керек;
2.Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;

3.Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;

4.Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек. 

5.Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).
6.Өздік жұмыстың мақсаты, орындау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.

7.Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет.

Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады. 
Мысалы:Қазақ тілі  1-сыныпта «Кім?не?»сұрақтарына жауап беретін сөздерді меңгертсе,2-сыныпта «Зат есім», 3- сыныпта «Зат есімнің түрлері», «Зат есімнің тәуелденуі», 4-сыныпта «Зат есімнің септелуі, жіктелуі»- деп тақырыптар байланыса отырып, күрделеніледі. Бастауыш сынып күнтізбелік жоспарындағы сабақтардың тақырыптары да бір- бірімен байланыса, сәйкес құрылған.

Бұл  шағын жинақты бастауыш мектептегі қазақ тілін оқытуда өзіндік жұмысты кеңінен ұйымдастыруға септігін тигізеді. Сабақта– түрлі жазба жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады.



Балалардың қазақ тілі сабақтарында өз беттерінше грамматикалық талдау жасауы төменгі сыныптардың өзінде-ақ іске асырыла. Қазақ тілінде ережелерді құр жаттатпай өздері саналы түрде түсінетіндей жағдай туғызу арқылы беріп отыру қажет. Мысалы: Айт, кес, жаз, жүз + - қыш, -кіш,-ғыш, -гіш = туынды сын есім. Көрнекілік арқылы болымды етістікке жұрнақ жалғану арқылы туынды сын есімнің жасалуы туралы ережені оқушылар өздері қорытындылап шығарады. Сабақ сайын осындай ережелерді өздері түйіндеу, қорытынды шығара білуге үйрету арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулумен қатар жеңіл әлеуметтенуі қамтамамасыз етіледі.

Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік жұмыс.

Мұғалім шығармашылық тапсырмаларды тиімді қолдана отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.

Шығарма, мазмұндама, әңгіме, ойдан жазу сияқты шығармашылық тапсырмалар сауатты жазуға, байланыстырып сөйлеуге үйретумен бірге нәтижелі ойлау процесін қалыптастырады. Мысалы: «Жалғасын тап!» ойын-тапсырмалары оқушылардың логикалық ойлауы,тілін, сөздік қорын арттырады.Бейнелі сурет бойынша әңгіме құрастыру, өз бетінше әңгімені өрбітіп,қорытындылап аяқтап, баланың қиялын дамытады.



Шағын жинақты бастауыш мектептегі әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда   түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға :

-Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

-Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

-Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

-Мәтін бойынша мақал құрастыру.

-Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

-Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

-Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

-Өлең, мақалдар құрастыру.

-Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

-Кейіпкерге мінездеме беру.

-Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

-Рөлге бөліп оқыту.

-Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

-Диалог-ертегі.

-Образға кіру.



ШЖМ мұғалімнің шығармашылық және өз бетінше берілетін тапсырмаларды тиімді ,ретімен қолдануы - оның шеберлігіне байланысты.

Осындай шығармашылық тапсырмалар әр сыныптың математика оқулықтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған арнайы жасыл қоршаумен берілген тапсырмалар да бар.

ШКБМ математика сабақтарында оқушылардың жас ерекшелеріне қарай ойын түрлерін қолдануға болады. Математикалық ойындардың бір түрлері логикалық ойын мен математикалық сызбаларға негізделеді, ал кейбіреулері тез ойлап, шешуді талап ететін ауызша есептен тұрады. Ондай ойындарға фигураларды бірден сызып шығу, логикалық есептер, өлең есептері, сөзжұмбақтар шештіру сияқты түрлерін жатқызуға болады.[6]
ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – жаңа технологияның тиімдісін таңдау.

 Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқытуда деңгейлеп- саралап оқыту әдісінің элементтерінің маңызы зор.

Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Деңгейлеп - саралап оқыту  өзіндік  ерекшелігі бар:

-Оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;

-Әр оқушы білім деңгейіне қарай өзіндік жұмыс түрлерін орындайды;

-Өзіндік жұмыстарды оқушылардың жас ерекшелігіне қарай деңгейлеп беруге жағдай жасалады;

-Оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіндік беріледі;

-Оқушылардың бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырылады;

-Үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады;

-Мұғалім бір сыныпта отырған үлкен сынып оқушыларына деңгейлік тапсырмалар беріп, өзі кіші сынып оқушыларымен жұмыс істеу мүмкіндігі туады;

Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.

Бірінші, екінші деңгейдегі тапсырманы қиналмай орындаған оқушы білім стандартын меңгергені.[7]

Сонымен қатар шағын жинақты мектепте ұжымдық оқыту әдісін қолдану - динамикалық жұптар құра отырып, оқушылар арасында танымдық қарым – қатынысын, оқушылардың бірін- бірі оқытуын ұйымдастыру болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі- балалардың қарым- қатынасы тапшылығын азайтуға,ауылдық жерлерде оқушылардың аздығы жағдайында оқушылардың монологтік және диалогтік сөйлеу қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, мұғалімнің жалпы сыныппен жұмысын азайтып,жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.

 Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор.



Шағын жинақты мектеп жағдайында ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолданудың өзіндік ерекшелігі бар.

Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақтың жабдықталуына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Қатар оқытылатын сыныптарда әр түрлі құралдарды қолдану жан-жақты ойластырылған болуы тиіс. Себебі, бір сыныпқа арналған құрал екінші сыныпқа кедергі жасауы мүмкін. Бір тақырыптық, бір пәндік сабақтар кезінде техникалық құралдарды пайдалану өте тиімді.(мысалы; диафильм, кинофильм, сюжетті суреттер). Бір диафильм бойынша әр сыныпқа тапсырма беріп, жас ерекшеліктеріне қарай талдау жұмыстарын жүргізуге болады. Сонымен бірге, ШЖМ-де лингофондық кабинеттердің де ролі ерекше. Лингофондық қондырғылар өздік жұмысты ұйымдастырған кезде өте қажет құрал, мұғалім бір сыныппен жұмыс істеп жатқан кезде қалған сынып оқушылары өз бетімен жұмыс жасайды. ШЖБМ-тін математика сабақтарында кестелерді пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың арифметикалық амалдар кестесін, жазбаша есептеу тәсілдерін үйретуге, есептің шешу кездерін меңгеруге ықпал етуге болады.[5]
Ұлттық ойындарды компьютерде пайдалану - олардың есте сақтауын және пәнге қызығушылықтарын арттырады..

Слайд– сабақ арқылы жұмбақ, сөзжұмбақ шешкізуде тіл дамытуда өте тиімді.

Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.

Сонымен, шағын жинақты мектептерде біріктірілген сыныптарда заманауи технологияларының әдіс- тәсілдерін тиімді қолданып, сабақ кестесін және сабақ жоспарын дұрыс жасау,бұл ұстаздың шеберлігі мен жауапкершілігінде.

Осы аталған технологияларды Шағын жинақты бастауыш сынып жағдай-

ында сабақ жүргізуде тиімді қолдану- ол мұғалімнің жалықпай ізденуінде

және шеберлігінде.

Қорыта айтқанда басқа елдермен қатар Қазақстанда да құруға бағытталған ақпараттық қоғамның пайда болуымен бірге өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту және тез өзгеріп отыратын әлем жағдайларында дұрыс, адамгершілік-жауапкершілікті шешімдер қабылдауға қабілетті адамдарға сұраныс пайда болды. Қазақстанның қазіргі білім беру жүйесі үшін аталған контексте жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетінің дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар туғызу өзекті мәселеге айналды. . 12 жылдық мектеп оқушысы өзіндік санасы мен өзіндік танымы бар, өз бетімен білім ала алатын, коммуникативті құзіретті тәрізді тұлғалық сапалары жоғары болуы қажет дегенді білдіреді.Сондықтан шағын жинақты бастауыш мектептердегі пәндерді оқытуда деңгейлеп саралап оқыту әдісі мен дамыта оқыту,ұжымдық оқыту технологиялары - өз бетімен білім ала алуда және оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттары. – Алматы, 1998.
2.Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. – Алматы, «Атамұра», 2010. 
3.Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы (ред. басқарған Ғ.Бегалиев). – А., 1950.
4.Құсайынұлы Ы.Қ., Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектептердегі бастауыш сыныптардағы оқыту әдістері. – Алматы, 2001.
5.Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002.
6. «Дамыта оқыту технологиясы » В.В. Давыдов .
7. Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Караев. «Деңгейлеп -саралап оқыту әдісі» 
8.ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры.
Каталог: uploads -> doc -> 009b
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
009b -> Сабақ жоспары. Тақырыбы: «Логарифмдер және олардың қасиеттері. Логарифмдік функция.»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет