Сабақ мақсаты: Білім алушыларға «Қазақтың ұлттық тағамдары»



Дата05.06.2017
өлшемі79,22 Kb.
#17600
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары.

Сабақ мақсаты: Білім алушыларға «Қазақтың ұлттық тағамдары» туралы мәлімет беру

Білімділік: жаңа сабақты меңгерту, жалғау түрлерін қайталау, білім алушылардың білім деңгейін көтеру.

Дамытушылық: сөйлету, ойлау арқылы білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, өз ойын еркін жеткізу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік: қазақтың ұлттық салт – дәстүрін құрметтеу, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, видеороликтер, үлестірмелі карточкалар, грамматикалық сызбалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап, сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру, мәнерлеп оқу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

І Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.



  • Бүгін сабағымызда кім жоқ?

  • Бүгін ауа-райы қандай?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Қазір бізде қандай сабақ?

  • Бүгін сендерде неше сабақ?

  • Қазақ тілі нешінші сабақ?

Лексикалық минимум:

  • Балалар, енді мына қазақтың мақал-мәтелдеріне есімізге түсірейік, мағынасын ашайық (экранға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, нүктенің орнына керекті сөздерді қою)

Ас атасы - ............. (нан)

Ас – адамның ......... (арқауы)

Ас қадірін ......... (тоқ білмейді)

Сыйлап берсе, .............. (суын іш)

Жаңбырмен жер көгереді, ............. (батамен ел көгереді)


  • Қалай ойлайсыңдар бұл мақал - мәтелдер не туралы айтылған?

  • (Ас,тағам, бата жайында айтылған)

  • Сонымен қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

  • Қазақтың ұлттық тағамдары. Бата.

Мұғалім: Ал, әзірше өткен сабағымызды қайталайық, үйге не берілді? (36 бет «Шеберлер таласы» мәтін.

ІІ. Үй тапсырмасы:

Мәтін бойынша сұрақтар (білім алушылар өздері үйден дайындап әкелген сұрақтарыноқытушының қорапшасына салып, сол қорапшадан өздері бір-бірлеп алып, жауап береді)

38 бет. 3 тапсырма. Асты сызылған сөздердің қай септіктерде тұрғанын анықтау)

Екі адам бір - бірімен ұрысып, арызға келді. Киіз үйді қыс болсын, жаз болсын артып жүре береміз.Олар ақырында сотқа келеді. Қыста сіз жер үйде тұрыңыз. Ақшаңызға жер үй мен киіз үй сатып алыңыз.

(Бір- бірімен, киіз үйді, маған, жер үйде, ақшаңызға)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқытушының кіріспе сөзі:


  • Әрине, қай халықтың болсын өздерінің шаңырақтары болады, сол шаңырақтың астында үнемі дастарханы мол, ешқашан жиналмайтын халық- осы қазақ халқы ғана десек, артық айтпайтын шығармыз. Онда сендермен жаңа сабағымызға байланысты шағын видеоролик тамашалайық.

Видеоролик бойынша сұрақтар:

  • Роликте не туралы баяндалған?

  • Қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы айтылған.

  • Қандай дәстүр, қандай ырым туралы айтылған?

  • Соғым сойған кезде соғымның етімен барлық туыс туғандарға және көршілерге ауыз тигізу керек. Әйтпесе көптен айырылып, жалғыз қалады деп ырымдаған.

А) Оқытушы алдымен грамматикалық тақырыпты қайталап кетеді.

- Жалғау қалай аударылады? Жалғау дегеніміз не?

- Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі болады?


Жалғау




Көптік

Септік

Тәуелдік

Жіктік

-лар,-лер,-дар, -дер,-тар,-тер



7 септік бар

Атау с.


Ілік с.

Барыс с.


Табыс с.

Жатыс с.


Шығыс с.

Көмектес с.




Жекеше түрі

І ж. –ым,-ім,-м

ІІ ж –ың,-ің,-ң

-ыңыз,-іңіз

ІІ ж. –ы,-і.


Жекеше түрі

Іж. –мын, мін, -бын,-бін, -пын, -пін.

ІІж. –сың, сің

-сыз, -сіз

ІІІж. О.


ІV Мәтінмен жұмыс (осы кезеңнен бастап шағын топ жұмысы басталады, топ жетекшісін білім алушылар өздері таңдайды, топ жетекшілері осы кезеңнен бастап бағалау парағына өз білімдерін бағалай бастайды.Содан соң мұғалім ең жаңа сабақта кездесетін жаңа сөздермен таныстырып өтеді)

1.Сөздікпен жұмыс:

Ұлттық дастархан- национальная кухня

Қазы- қарта, жал -жая- лакомые куски конины

Қаймақ - сметана

Сүзбе - творог

Құрт - сушенный молочный продукт

Бата- благословение; напутствие; доброе пожелание

Ақ батасын беру - искренне благословить



2.Әр топтың бір – бір оқушы келіп мұғалімнің ұсынған тақырыбын таңдап алады.

Тапсырма:

1. Мәтінді мәнерлеп оқу, шеңберлей оқу.

2. Мәтінге сұрақтар қою.

3. Мәтінді келесі топқа түсіндіру ( кесте, сызба арқылы т.б.)

4. Мәтінді қорғау.

V. Жазбаша жұмыс. (тақтада берілген сөздерді дұрыс құрастырып, жалғау түрлерін анықтайды)

А) Қазақ-тың ұлттық дастарқаны-нан мынадай ұлттық тағамдар көруге болады.



Батаны көбінесе жасы үлкен адамдар береді. (оқушылар бір—бірін тексеріп шығады)

В) Тақтамен жұмыс ( 4 білім алушы шығып берілген сөздерге жалғаулар жалғайды, ал топ мүшелері тексеріп шығады)

Жалғау




Көптік

Септік

Тәуелдік

Жіктік

Ұлт,бата, тағам,тілек, кісі

тағам

бата

әдепті


Сергіту кезеңі. «Дастархан» әнінің орындалуын тыңдау.
Кәсіби сөздер: (Кәсіптеріне байланысты жаңа сөздерді қайталау)

Диалог бірінші топ сатушы екінші топ сатып алушы. («Азық түлік дүкенінде» тақырыбы бойынша)



Азық-түлік дүкені - продовольственный магазин

сатушы - продавец

сатып алушы - покупатель

құны - стоимость

артық ақшаны қайтарып беру – сдача
VІ. Сабақты қорыту: Кім тапқыр! (берілген ұяшықты таңдап, сұраққа жауап береді)


Қазақтың ұлттық тағамдары

10

20

30

40

Бата

10

20

30

40

Жалғау түрлері

10

20

30

40

1.Қазақтың ұлттық тағамдары

  1. Ең негізгі ұлттық тағам ...

  2. Ет тағамдарын атаңыз

  3. Ащы, қышқыл сүт тағамдары.

  4. Бас кімге берілетінін атаңыз.... .

2. Бата.

  1. Бата деген ....... .

  2. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» батаның қай түріне жататынын атаңыз.... .

  3. Батаны кімдер береді?

  4. Бата жас ұрпақты ......... болуға тәрбиелейді.

3 Жалғау түрлері.

  1. Қазақ тілінде септіктің неше түрі бар?

  2. Үндестік заңына бағынбайтын жалғау түрін атаңыз......

  3. Заттың біреуге меншіктілігін білдіретін жалғау ..............

  4. «Мамандарымен» сөзіндегі жалғау түрлері ...... .

VІІ. Сабақты бағалау: (топ басшыларына сөз беріледі. Топ жетекшілері өздерінің тобындағы оқушыларды және өзін сабаққа қатысуларын бағалайды)

Р.с.

Білім алушының аты-жөні

Үй тапсырмасын пысықтау

Жаңа сабаққа қатысуы

Жаңа сабақты бекіту

Қорыту


























































































































































































































VІІІ. Үй тапсырмасы: «Қымыздың адам ағзасына пайдасы» тақырыбына эссе жазу.

39-40 бет. Бата түрлерін жаттау. (1мин)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет