Сабақ тақырыбы: Ауыз әдебиеті кейіпкерлерімен кездесу.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқушылардың ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру.
Дамытушылық :
Оқушылардың тілін, ойлау қабілеттерін, мазмұндау дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту. Аңыз -әңгімелер арқылы халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын ояту.Мәтінмен жұмыс жасауға, сұрақтарға жүйелі жауап бере білуге, логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, өз ойын еркін жеткізудегі іскерлік дағдысын анықтау.
Тәрбиелік:
Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру. Ой ұшқырлығы мен тапқырлық арқылы кез келген жағдайдан шыға білуге икемдеу.
Сабақ көрнекілігі: слайд, кейіпкерлер суреттері, ертегі кітаптар,қанатты сөздер, пікірлер.
Сабақ барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Бүгінгі «Әдебиет әлемінің» бастауы болып есептелетін «Ауыз әдебиетінің бір топ «өкілдерімен» кездесуге қош келдіңіздер!
Әдебиет- «үлгілі сөз» дегенді білдіреді.
Ахмет Байтұрсынұлы: «Әдебиет- нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін сөзбен келістіріп айту» деген екен.
Халық ауыз әдебиетінің бір жанры- аңыз- әңгімелер.
Пысықтау сұрақтары:
1. Фольклор дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?
3. Аңыз- әңгіме дегеніміз не?
4.Аңыз- әңгіменің қандай түрлері бар?
5. Қазақ аңыз- әңгіменің зерттелуі туралы не білесіңдер?
(Аңыз белгілі бір адам атына, іс-әрекетіне байланысты туады.
Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады )
Топтастыру. Аңыз- әңгіме кейіпкерлері қандай адамдар?
Жұлдызшы мен жүргізуші.
Жүргізуші: Қазір тазша баланың тойға келуін күтіп отырмыз.
Жұлдызшы: (дүрбісімен қарап отырып): Бәсе, бұларсыз қандай
той болмақ. Әне келе жатыр.
Жүргізуші: Ата, оларыңыз кім?
Жұлдызшы: Ана ушеуі ше. Әлгі әпенділерді айтам.
Жүргізуші: А, а... Қожанасыр мен Алдар Көсе ме?
Жұлдызшы: иә, қасында қыршаңқысы тағы бар.
Жүргізуші: Онысы тағы кім?
Жұлдызшы: Е, әлгі сужұқпас ше?
Жүргізуші: Тазша бала ма?
Жұлдызшы: Иә, соның дәл өзі, әне, келіп қалды.(Үшеуі дауылдасып, дыбырласып келеді)
Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық.
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Аңыз боп ертегіден бізге жеткен,
Құрметті қонақтарды қарсы алайық.
Қожанасыр: Уа, бәрекелді, бәрекелді! Алыстан есек шаршатып, етік тоздырып жеткенімде орталарыңадәл бүгінгі күні келгеніміз қандай дұрыс болған. Алдар, Тазша мынау халайыққа сәлем берейік:
Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Құтты болсын бүгінгі осы тойың.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегің.
Алдар Көсе:
Мен, Алдармын, Алдармын,
Досымын адал жандардың.
Жақсыға талай серік боп,
Жаманды талай алдадым.
(Қолын кеудесіне салып иіледі)
Жүргізуші: Алдар, Қожанасыр атайлар сөз кезегін Тазша балаға берейік.
(Тазша бала сөйлеп ала жөнеледі)
Тазша бала:
Туа сала атаңдым Тазша бала,
Меңдей аңқау болмас-ау басқа бала.
Той өтеді дегенді естіп,
Көк есекті желдіртіп жаста болса.
Оқушы:
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,
Салт-сана, әдет-ғұрып кетіліпті.
Үлкен тұрып сөйлемес кіші қайда?
Бір шалға немересі жекіріпті.
Тазша бала: Балықтың қабырғасын отқа жақтым,
Өтірік өлең айтып жұртқа жақтым.
Бір сонам асыраңды қашып кетіп,
Мекеден он жыл іздеп әзер таптым.
Оқушы:
Міндім де ақсақ қоңыз аяндадым,
Болдыртып аяңымен қоян алдым.
Апырмай сол қоянның семізін-ай
Көтеріп қоңызыма қоя салдым.
Тазша бала:
Қамысты жылқы ұстауға құрық қылдым,
Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.
Бір талын сақалымның кесіп алып.
Көшкенде жылқы айдап шыбық қылдым.
Қожанасырдың_көңіл-күйі_түсіп,_берекесізденіп_тұрады.__Алдар_Көсе'>Қожанасырдың көңіл-күйі түсіп, берекесізденіп тұрады.
Алдар Көсе: Әй, әпендім, неғып үн-түнсіз, берекең қашып тұр?
Қожанасыр: Әй, Алдарым-ай, құрғақ сәлем жұртыма тамақ болар дейсің бе?
Есегіме артып әкеле жатқан бірер қап базарлығым бар еді, әнебір бұрышта «рэкет» деген пәлелер тартып алып, есек те жоқ, базарлығым да жоқ, жұртыма не айтарымды білмей тұрғаным...
Алдар Көсе: Апырай ә, шының ба?
Қожанасыр: Мен ешкімді алдап көрген жоқпын. Мына сен ел-жұртты бүлдіріп,қазіргілердің бәрі Тазша екеуінің ұрпақтарың көрінеді.
Алдар Көсе: (сөзден тосалып жұртқа қарап ойланған болып): Апырай, ә,мына пәледен қалай құтылсам екен? ә-ә-ә , таптым, таптым! (Қожеке бұрылып) Айтпақшы, Қожеке, осы сенің есегің көк пе? Қанарың қызыл ала ғой.
Қожанасыр: Иә, дәл солай!
Алдар Көсе: Ендеше әлгінде бір-екі полиция жұртқа жар салып, иесін таппай жүрген. Тұп-тура мына «Көктемнің» дәл бергі бұрышында. (Қожанасыр қалбалақтап солай қарай жүгіре жөнелді).
Алдар Көсе: Әй, Суайтбегім! Мынау тағы не сұмдық! Қайдағы жоқ бәлені бастап. Салтымызда жоқ нәубатты қайдан таптың? Өтіріктің де жөні бар емес пе?
Тазша бала: Ой, Алдеке, имандай шыным. Оллахи-бұлаххи (қолының қырымен тамағын орады).
Алдар Көсе: Тек-ей, ант су ішіп не болды? Алдына жан салмаған өтірікші екенің баршаға аян. Қожекең екеуің немене, қара аспанды суға алдырып. Обалы не, мен түскен ауылдың балалары шетінен кішіпейіл, елкезек екен. Бірі аттан түсіріп, бірі қолтықтап үйге бастап, бірі шынтағымның астына жастық тастап, енді біреуі қолыма су құйып, бәрі құрақ ұшып қарсы алды.
Тазша бала: Е-е, алдап кетеді деп сенен қорыққандары да, әйтпесе бізді қайтсін. Әпенділері де, өтірікшілері де толып жатқан көрінеді. Әлгінде той болып жатқан шеткі үйге түссем, бір қарадомалақ: «Ой, аға, мұнда сізге не бер? Біздің сеніп жүрген ағаларымыздың қасында өтірік айтудан сіз жіп есе алмайсыз»- дейді. Содан абыройым барда осылай тарттым.
Жүргізуші: Жарайды, дабырласып, дауласып уақытты бекерге өткізбейік. Кешіміздің маңызды қонақтарын шақырайық.
Сахнаға Асан қайғы, Жиренше шешен, Сырым шешен шақырылады. Оқушылар қолтықтап қонақтарды столға отырғызады.
Жүргізуші сөзі:
Ауыз әдебиетінің ендігі түрі- Шешендік сөздер.
Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет дарын.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Соған байланысты халқымыз: «Сөз қадірін білмесең, өз қадіріңді білмейсің», «Сөз сүйектен өтеді» т.б.
Ортаға шешендік тапқыр, қысқа да нұсқа , бейнелі сөздерімен Жиренше, Сырым шешен, Асан қайғыны шақырайық!
І.Сырым шешеннің өмірінен қысқаша дерек.(Аман)
Сырым Датұлы 1712-1802 жылдары өмір сүрген қазақтың батыр әрі шешен биі. Шыққан тегі Кіші жүздің Байбақты руынан. Байбақты ішінен Әйтімбет, одан Шолан. Шоланнан Түкіш, Дат, Есенбай, Байторы, Даттан: Адамбай, Сырым, Амантай, Жомарт, Базарбай, Барлыбай, Жандыбай, Дүйімбай, Қорлыбай, Қалдыбай, Шыбынтай деген он бір ұл тарайды. Туған ауылы Сарыой. Орал облысы, Жымпиты ауданы. Дат момын орта шаруа, есті кісі екен. Ал, анасы адуынды, бір ауылды сөзімен де, ісімен де билеген ақылды бәйбіше болыпты. Сыры жеті-сегіз жасынан ақ естілігі, сөз тапқыштығымен ел аузына ілігеді. Өсе келе сол өңірдегі билер, шешендер, сұлтан, хандарды тани жүріп, олардан шешендік тапқырлықты, ел билеу ісін үйренеді. Сол билердің кейбіріне өзі іздеп барып, бата, жөн-жосық алады
Сырым шешеннің даналық сөздері оқылады.(Берік, Римма)
Сырым мен Малайсары
Сырым мен Мөңке би
2.Жиренше шешеннің өмірдерегі.(Игорь)
Жиренше шешен.
Жиренше (ХІҮ-ХҮ) — аты аңызға айналған дала данышпаны, шешен. Түркі халықтарына ортақ ойшыл. Өмірде болған тарихи тұлға ретіндегі болмысы аз зерттелген. Бірқатар өмірбаяндық деректерінің нақтылығына, шығармашылық стилінің айқындығына және автор ретіндегі есімі ел есінде ғасырлар бойы еш өзгеріссіз сақталғандығына қарамастан, Ж.-ге әпсаналық кейіпкер, жиынтық образ ретінде қарау басым. Шығыс мәдениетінің көне дәуірлердегі өкілдерін персонификациялауға күмәнмен қарауға бейім «евроцнтризм» салқыны сезіледі. Тіпті, әдеби лақап (псевдоним) пен жиынтық образ негізінде де шындық жататынын естен шығаруға болмайды. Ж. шешендік сөздері — далалық өркениет тәжірибесінің жарқын көріністерінің қатарына жатады. Терең тағылымды толғамдар өміршеңдікке шақырып, ақыл-ой салтанатын түйсінуге мүмкіндік береді.
Жиренше шешеннің тапқыр сөздері. (Жаннұр, Айым, Ақторғын)
Тесіктау
Жәнібек хан мен Жиренше
Жиренше мен хан аңшылықта
Төрт құбыласы тең
3.Асан қайғы толғауы (Аман)
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады.
Мұғалім сөзі: Адамды жылату оңай, кулдіру қиын.
Өмірде күлкі ерекше орын алады, бәріміз де күлгенді жақсы көреміз.
Күлкі өмірді ұзартады, күлкі- емші,- деп жатады.
Ендеше, ауыз әдебиетінде де ерекше кейіпкерлер бар екен. Олар кімдер екен? Халықты күлкіге батырып жүретін-* Қожанасыр, Алдар көсе.
Қожанасыр- қай дәуірде болсын өмір сүрген ақылды, әзілқой кейіпкер. Ол қарапайым халықпен халық тілінде сөйлесті. Осылайша Қожанасыр тарихта өз атын қалдырды. Қожанасыр туралы алғаш зерттеген- Мехмед Фуад. 1918 жылы жарияланған «Қожанасыр деген еңбегінің кіріспесінде Қожа 605 ж. Сиврихисарға қарасты Хорту ауылында туған. Бұл 1208 ж. Қамтиды.
Әкесі- Абдуллах ауыл имамы. Анасы- Сыдықа. Ол туралы дерек жоқ.
Қызы- Фатима, Дурру. Қожа 1284-85 ж.ж. Ақшехирде дүние салған.
Одан кейін Қожанасырлар көбейген, ұқсас қасиеттері болғандықтан.
Қожанасыр әңгімелерінің саны- 600-дей,Ғалымдардың зерттеуінше әлемнің 24 елінде өз Қожанасырлары бар екен.
Слайд «24 Қожанасыр»
Әр қаладағы ескерткіштері.( Қожаның әулиелігі, жас жұбайлардың баруы, ауырған кісінің барып ем алуы.)
Қожанасыр әңгімелері
«Ер-азамат екі сөйлемес болар»
«Қожанасыр мен бастығы»
«Сәлде киген Қожанасыр»
«Қожанасыр мен сағат әңгімесі»
«Мыңнан атын білгенше...»
«Қожанасыр мен жаңғақ ағашы»
«Қожанасырдың үйіне ұры түсуі»
«Алдар аты- күлкі аты, күлкіге өлім жоқ. Ендеше, сол күлкі өшпейтіндей Алдар да өлмес жан бейнесінде әңгімеленуі шарт» М.Әуезов, академик жазушы.
Алдардың әкесінің аты- Алдан. Адамның өмірдегі орны атына да байланысты болса керек. Себебі, Алдан көп алданған кісі екен, өмір бойы алданып өткен.
Содан болар, аңқау азамат тұңғышының атын- Алдар қойыпты. Алдар тәй- тәй басып, тілі шыға бастағаннан ешкімге есесін жібермейтін ақылды да алғыр бала болып өсіпті.
Алдар көсе- түркі тілдес халықтарға (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен) ортақ тұлға. ХІY-ХY ғ. Өмір сүрген Жиренше шешенмен замандас.
Алдар көсе алданған ба?
Алдар көсе хикаялары оқылады.
Бүгінгі күннің» Қожанасырлары» деп кімдерді атай аламыз?
1.Тұрсынбек Қабатов
2.Нұржан
3.Оспанхан Әубекеров
4.Уайдин Үмбетбай
5.Көпен Әмірбек
6.Шона Смаханұлы т.б.
Ендігі бөліміміз «Қоңырауда күлейік!» деп аталады. «Қожанасырлар» деп аталатындар біздің арамызда да бар.
Сөз кезегін мектеп өмірінен алынған күлдіргі үзінділерге берейін.
Мектеп өмірінен алынған күлкілі оқиғалар.
Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымызды жақсы , үлгі болар қасиетті бойға сіңіріп, жат қылықтардан аулақ болады деген мақсатта назарларыңа ұсындық.
Олай болса, «Күле білейік те күлкі болмайық! »дегім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |