Екі айнымалысы бар теңдеудің қасиетін қолданады және есептің жауабын анықтайды.
Сергіту сәті:
«Шаттық шеңбері»
«Ой шақыру»
Сұрақ: Қосындысы 5-ке тең екі оң сандар жұбын атаңыз. Осы сөйлемнің математикалық моделін қалай жазар едіңіз?
Сұрақ: төмендегі теңдеулерді қанағаттандыратын оң сандар жұбын табыңыз. Қанша жауап болуы мүмкін?
y=x-2
x=4y
2x=y-3
Анықтама:
ax+by+c=0 түріндегі теңдеуді, мұндағы a,b,c – қандай да бір сандар (a,b – коэффициенттер, ал с- бос мүше деп аталады) екі айнымалысы х және у бар сызықтық теңдеу деп атайды.
Шешімдер жиыны бірдей болатын екі айнымалысы бар теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады.
Шешімдері болмайтын екі айнымалысы бар теңдеулер де мәндес теңдеулерге жатады.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттері:
1-қасиеті. Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.
2-қасиеті. Егер теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бір санға көбейтсек не бөлсек, онда берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.
«Миға шабуыл»
Түбірлері болмайтын екі айнымалысы бар теңдеулер бола ма?